Монографиялық еңбектері. Қойгелдиев М. К. «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1924-х годов», Х.Әбжановтың «Алаш қозғалысы»


Қазақстан 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында: зерттеулер



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата20.05.2022
өлшемі427.26 Kb.
#458340
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8
21 30

22. Қазақстан 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында: зерттеулер
Казахстанцы в боях за Ленинград. – Алма-Ата: 
Қазақстанда Ұлы отан соғысы туралы алғашқы жарияланымдар соғыс кезінде –ақ жарық көре 
бастады. Салыстырмалы түрде алғанда бірқатар зерттеулерде Ұлы отан соғысындағы 
Қазақстанның ролі, жұмысшы табының, ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің еңбектегі ерлігі 
біршама жақсы ашылған. Жалпы соғыс тақырыбында қорғалған Т. Мурзабекова, Б. 
Искаковтардың кандидаттық диссертацияларында соғыс жылдарындағы жұмысшы табының 
еңбектегі ерлігі кеңінен талдана отырып, әйелдердің үлесі туралы да баяндалды (Мурзабекова, 
1954; Искакова, 1955). Дегенмен, аталған еңбектердің барлығы партиялық көзқарас 
тұрғысынан зерттеліп талданды. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары М.К. Козыбаев, А.Н. 
Нусупбеков, Т.Б. Балакаева, П.С. Белан, К.С. Алдажуманов және тағы басқалар секілді 
танымал қазақстандық ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан біртұтас ғылыми бағыт 
қалыптасты. Әсіресе, профессор М.Қ. Қозыбаевтың іргелі монографиялық зерттеулерінің 
ғылыми маңызы зор. Қазіргі таңда, әйел образы, тарихшылардың басты зерттеу объектісіне 


айналып 
отыр. 
Әйелдердің 
ұстанымдық 
стратегиясы, 
гендерлік 
психология 
ерекшеліктерізаманауи зерттеулерде алдыңғы қатарға шығып келеді. Бұл жерде З.Г. 
Сақтағанова, Ж. Тұрсынова, А.Ж. Смағұловалардың «Орталық Қазақстан әйелдері Ұлы отан 
соғысы жылдарында (1941-1945) атты момнографиясын ерекше атап өтуге болады 
(Сактаганова, Турсынова, Смагулова, 2016). Тарихи деректердің кең ауқымын (архив 
материалдары, соғыс дылдарындағы мерзімді басылымдар, әйел-ветерандардың естеліктері 
және т.б.) пайдалан отырып, жқмыста мобилизациялық экономикадағы әйел еңбегінің орны 
ғана месе, әйелдердің күнделікті өмірінің сұлбасы жасалып, жекелеген әйелдердің өмір 
жолдары талда Академик Манаш Қозыбаев өзінің «Қазақстан — майдан арсеналы» кітабында: 
«Екінші дүниежүзілік соғыс — үлкен резервтер соғысы, армияны озық техникамен 
қанықтырған соғыс, тек ерекше маневрлікке құрылған соғыс — марксизм-ленинизм 
классиктерінің растығын тағы да дәлелдеді. Көлік жұмысы соғысушы жақтар стратегиялық 
жоспарларының ажырамас бөлігі болды» дегенді атап кетті. Автор өз еңбегін жазу барысында 
көптеген архив деректері мен кең көлемдегі статистикалық ақпараттарды саралай отырып 
құнды мәліметтер қалдырды. Зерттеушінің еңбектерін талдай келе мынадай мәселелерді атап 
кеткен жөн. «Орталық Азия мен Қазақстан жолдарындағы тиеудің үлес салмағы 1940 жылғы 
7,9% –тен 1942 жылы 15,1%–ке артты. Республика темір жолдары бойынша тек Қазақстан мен 
Орталық Азияға шамамен 1,5 миллион тұрғын эвакуацияланып, құрал–жабдықтар мен 308 
кәсіпорын көшірілді» деп жазды өз кітабында академик. нған. 
М.Қ.Қозыбаевтың «Вклад восточных районов СССР в достижение экономической победы» 
атты мақаласында шығыстағы аудандар батыс облыстар басып алынғаннан кейін әскер мен 
қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі базасына айналды және 1942 жылдан елдің 
басты тірегі деп көрсетеді [11]. Ал «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес 
томдықтың еңбектің 4ші томындағы сегізінші тарауының «Қазақстан — майдан арсеналы» 
атты бөлімінде соғыс жылдарындағы еңбек қолының жетіспеушілігінен, тылдағы 
қазақстандықтардың ауыр еңбегі, техниканың ескілігі, еңбекті дұрыс ұйымдастырмау және 
басқа да қиындықтардың елдің мемлекетке астық тапсырудағы ісін қиындатқанын көрсете 
келіп, бұған қарамастан Қазақстан еңбекшілері армия мен елімізді азық-түлікпен қамтамасыз 
ету үшін қолдарынан келгенін бәрін жасады және жалпы соғыс жылдарында, Қазақстан 
тапсырыстың барлық түрлері бойынша мемлекетке 5829,4 мың т астық, 733, 9 мың т ет және 
өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының мыңдаған тонна басқа да өнімдерін 
тапсырғаны көрсетіледі [2; 503]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет