40-50-жылдар проблемасы бойынша басылып шыққан жұмыстардың
көпшілігі шолу сипатында
және негізінен журнал мен газет мақалалары түрінде басылды, оларда талдау мен жалпы
қорытындылар аз, деректік негізі әлсіз болды. Мұрағаттық дереккөздер, бірінші кезекте қазақ тіліндегі
мерзімдік баспасөз материалдары жеткіліксіз пайдаланылды (дұрысында, мүлде пайдаланылмады).
Сондықтан 1917-1920 жылдар кезеңіндегі Қазақстан тарихының көптеген беттері
Ресейдің орталық
аудандарындағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы оқиғаларын суреттеу сұлбасына сәйкес,
жергілікті (қазақстандық-түркістандық) ерекшеліктер ескерілмей жазылды.Соғыстан кейінгі жылдары
Отандық тарихнамада бірқатар іргелі зерттеулер жарияланды.
Қазақстанның орта ғасырлық
қыпшақтарының шығу тегі, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары мен діни наным-сенімдері мәселелерін,
сонымен бірге хорезмқыпшақ қатынастарын анағұрлым толық қарастырғандардың арасынан
С.М.Ақынжановтың есімі ерекше аталады. Ғалым өзі зерттеген проблемаларын монография түрінде
жариялап, тарих ғылымының өркендеуіне септесті. Араб деректері
бойынша қыпшақтар тарихын
зерделеген Б.Е.Көмеков зерттеуінің тарихнамада өзіндік орны бар. С.Г.Кляшторныйдың
монографиясында ежелгі түріктердің руналық мәтіндерінен алынған материалдар алынып, бір жүйеге
келтіріліп, өзге де тарихи деректермен салыстырылып, қорытылған. Солардың негізінде түркілер ғана
емес кангюйлерге қатысты проблемалар тиянақты зерттелген.
Достарыңызбен бөлісу: