Монографиялық еңбектері. Қойгелдиев М. К. «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1924-х годов», Х.Әбжановтың «Алаш қозғалысы»



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата20.05.2022
өлшемі427.26 Kb.
#458340
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8
21 30

25. Отан тарихы және Тәуелсіздік
26. Тәуелсіздік кезеңіндегі Отан тарихының мәселелер
Бұл кезең отандық тарихтың қандай да бір кұбылыстарын түсіндіруде партиялық-таптық 
ұстанымдардан бас тартуға негізделген жаңа тұғырнамалық сипаттағы зерттеулердің өмірге 


келуімен ерекшеленеді. Мәселен, проблемаларды тарихнамалық және дереккөздік негізде 
зерттеуге М.К. Қозыбаев пен І.М. Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. Өз жұмыстарында М.К. 
Қозыбаев, басқа да мәселелермен қатар, зерттеушілер назарын «біздің саяси доктринаға 
көзқарасымызды үшінші дүние елдерінің отаршылдыққа қарсы күресінің құрамында» және Алаш 
партиясының нақты іс-әрекеттері негізінде анықтау қажеттілігіне аударды. 1991 жылдан Алаш 
пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып 
келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын 
сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды 
меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік 
негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, 
ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты 
материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, 
энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс 
көсемдерінің шығармалар жинақтары жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде 
шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. 
Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми 
жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Көптеген 
жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. 
Дулатовтың, Ж. Ақбаевтың, А. Ермековтің, М. Тынышбаевтың, М. Шоқайдың және басқа да 
көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, Алаш 
қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін 
зерделеуге жағдай туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет