Кейбір сабақты етістіктерден исми фаъил орнына сифати мүшаббаха жасалады. Сифати мушаббаха мағынасы да исми фаъил мағынасына ұқсас, алайда исми фаъил масдар (етістік негізді зат есім, қимыл атауы) болса, ол фаъилден (қимылды жасаушы) жасалады. Мысалы, ضَارِبٌ сөзінен ضَرْبٌ жасалады. Ал фаъил сифату мушаббахадан болған жағдайда масдар сифату мушаббахадан жасалмайды, оның құрамында бірге болады. Мысалы, حَسَنٌ (әдемі) حُسْنٌ (әдемілік) сөзінен жасалмаған, (онымен бірге өмір сүреді – ауд. еск). Сифату мушаббаха қалыптары өте көп, олардың ең көп қолданылатындары - он сегіз:
Қалыбы
|
Мысал
|
Мағынасы
|
فَعْلٌ
|
صَعْبٌ
| Ауыр |
فِعْلٌ
|
صِفْرٌ
|
Бос
|
فُعْلٌ
|
حُرٌّ
|
Еркін
|
فَعَلٌ
|
حَسَنٌ
|
Әдемі
|
فَعِلٌ
|
فَطِنٌ
|
Мұқият (адам)
|
فُعُلٌ
|
جُنُبٌ
|
Арамдалған (ғұсыл құйынбаған)
|
فَعْلَى
|
عَطْشَى
|
Шөлдеуші, аңсаушы (әйел)
|
فُعْلَى
|
حُبْلَى
|
Жүкті
|
فَعْلاَء
|
وَجْنَاءُ
|
Күшті түйе
|
فَعْلاَنٌ
|
عَطْشَانٌ
|
Шөлдеуші, аңсаушы (ер кісі)
|
فُعْلاَنٌ
|
عُرْيَانٌ
|
Жалаңаш
|
فَعْلاَلٌ
|
رَصْرَاصٌ
|
Мықты
|
فَعَالٌ
|
جَبَانٌ
|
Қорқақ
|
فُعَالٌ
|
شُجَاعٌ
|
Батыр (ер жүрек)
|
فَعِيلٌ
|
كَرِيمٌ
|
Құрметті, жомарт
|
فَيْعَلٌ
|
صَيْهَدٌ
|
Шөл дала
|
فَيْعِلٌ
|
طَيِّبٌ
|
Жақсы
|
اَفْعَلُ
|
اَدْوَدُ
|
Тырысушы
|
Исми мафъул
Суласий мужаррад тегіндегі исми мафъул үнемі مَفْعُولٌ қалыбында тұрады. Мысалы, مَضْرُوبٌ. Исми мафъул де 6 формада жіктеледі: 3 ер тегі және 3 әйел тегі. Исми мафъул төмендегідей жіктеледі:
مَضْرُوبٌ
|
Ұрылған (вахид, мүзәккар)
|
مَضْرُوبَانِ
|
Ұрылғандар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)
|
مَضْرُوبُونَ
|
Ұрылғандар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)
|
مَضْرُوبَةٌ
|
Ұрылған (вахида, мүәннас)
|
مَضْرُوبَتَانِ
|
Ұрылғандар (екі әйел кісі ) (тасния, мүәннас)
|
مَضْرُوبَاتٌ
|
Ұрылғандар (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас)
|
Әйел тегінің көпше түрі де مَفَاعِلُ қалыбында тұрады. Мысалы, مَضَارِبُ – ұрылғандар (бірнеше әйел) (жамъ, мүәннас). (Кейбір өлең шумақтарында ұйқас үшін қолданылатын مَضَارِبٌ қалыбында қолданылуы есепке алынбайды - ауд. еск.)
Суласий мужаррад түрінен (ор.- порода) басқа түрде исми мафъул осы-келер шақ (музариъ) етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) қалыбында келеді. Мұнда музариъат әрпінің орнына заммалы мим (مُـ) қойылады да, соңғыдан бұрынғы әріпке фатха қойылады. Мысалы:
أَكْرَمَ يُكْرِمُ - مُكْرَمٌ (құрметтелуші)
فَرَّحَ يُفْرِّحُ - مُفَرَّحٌ (қуанған)
دَحْرَجَ يُدَحْرِجُ - مُدَحْرَجٌ (дөңгеленген)
تَدَحْرَجَ يَتَدَحْرَجُ - مُتَدَحْرَجٌ (домаланған)
Суласий мужаррад бабында исми фаъилдың қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда исми фаъилдың қалыбы қандай?
2. Сифату мушаббаха дегеніміз не? Оның ең танымал қалыптарын жатқа айтып беріңіз.
3. Суласий мужаррад бабында исми мафъулдің қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда оның қалыбы қандай?
4. Өткен және осы-келер шақтарға байланысты берілген етістіктерді исми фаъил және исми мафъул қалыптарында жіктеңіз.
Өткен шақ болымсыз етістігі (жахд)
Өткен шақ болымсыз етістігін жасау үшін осы-келер шақ (музариъ) етістігінің алдынан لَمْ шылауы қойылады. Мысалы, لَمْ يَضْرِبْ. Осы لَم шылауына байланысты сахих (дұрыс) қосымшалы етістіктердің: жекеше түрде харекеті (жол үсті белгісі) түсіп қалады (يَضْرِبُ لَمْ يَضْرِبْ) , ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَضْرِبَانِ لَمْ يَضْرِبَا), (يَضْرِبُونَ لَمْ يَضْرِبُوا). Соңғы әрпі әлсіз етістіктерде: жекеше түрде әлсіз әріп түсіп қалады (يَرْمِى لَمْ يَرْمِ), ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَرْمِيَانِ لَمْ يَرْمِيَا), ( يَرْمُونَ لَمْ يَرْمُوا ). Алайда екінші жақ көпше түрдегі жіктелудің екі түрінде соңғы (ن) еш уақытта түсіп қалмайды, өйткені ол көптік мағынаның көрсеткіші. Сондай-ақ لَمْ шылауы осы-келер шақ етістігінің мағынасын өткен шақ болымсыз мағынасына өзгертіп жібереді.
Жахд етістігінің негізгі етісте (маълум) жіктелуінің 14 формасы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |