Морфологиясы



бет3/5
Дата14.09.2023
өлшемі2.49 Mb.
#477533
түріСабақ
1   2   3   4   5
жемис лекция 401

Гүлдер мен гүл шоғырлары


Гүл – тарамдалмаған түрі өзгерген өркен түрінде болатын, жабық тұқымды өсімдіктердің жыныстық көбею мүшесі. Жеміс және жидек өсімдіктерінің гүлдері шамасы, түсі, гүл тостағаншасының жеке жапырағы, гүлтесінің, аталығының және аналығының құрылысы бойынша әр алуан келеді. Жеміс және жидек өсімдіктерінің көбінің гүлдері бес мүшелі құрылысты. Көптеген тектерде – алмада, алмұртта, бекеде, алхорыда, өрікте, шиеде және т.б. жақсы байқалса, грек жаңғағында және талшында – әлсіз байқалады немесе болмайды. Сүйектілерде – алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда және т.б. гүл тостағаншасының жапырағы түседі, шекілдеуіктілерде – алмада, алмұртта, бекеде – түспейді.
Тектердегі аталықтардың саны бірдей емес. Қарақатта – 5, грек жаңғағында – 10-12, алмада – 15-20, алмұртта – 18-22, алхорыда, өрікте, шабдалыда – 30-40, бүлдіргенде, таңқурайда одан да көп. Алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда жатын (түйін) бір ұялы, ұштық; алмада, алмұртта, бекеде, қара қарақатта – жатын төменгі, көп ұялы.
Жеміс өсімдіктері гүлдерінің құрылысы және атқаратын қызметі бойынша да өзгешеленеді. Барлық шекілдеуіктілерде, сүйектілерде, цитрустыларда, субтропиктілерде (құрмадан басқа) және жидектілерде (құлпынайдан басқа) гүлдерінде аталық пен аналық гүл болады. Мұндай гүлдерді қосжыныстылар дейді. Қос жынысты гүлдерді, әдетте, бунақденелілер (энтомофилділер) тозаңдатады. Басқа біреулерінде гүлдері – аталықсыз (аналықтары ғана) немесе аналықсыз (тек аталықтары) болады; оларды дара жынысты дейді. Ал, тағы біреулерінде аталық және аналық гүлдері болғанымен, олар жетілмеген, сондықтан өздеріне тән қызметтерін орындай алмайды. Аталықтары жетілмеген гүлдерді тек (функционалды) аналықтар, ал аналықтары жетілмегендерді тек (функционалды) аталықтар (жүзімнің кейбір сұрыптарында) деп атайды.
Аталық және аналық гүлдер бір өсімдікте (орман жаңғағы, грек жаңғағы, талшын) немесе әр өсімдікте (құлпынай, інжір) болуы мүмкін. Біріншісін бір үйлі, екіншісін қос немесе екі үйлі деп атайды.
Үш үйлі (аралық) және көпнекелі (полигамды өсімдіктер) (шығыстық құрма, актиндия) өсімдіктер де бар. Соңғыларда аталық және аналық гүлдері бар бір үйлік өсімдіктерді, сондай-ақ қос үйлі, яғни тек аталық немесе тек аналық гүлдері бар өсімдіктерді кездестіруге болады.
Гүл шоғырлары. Гүл шоғыры – гүлдері мен азды-көпті түрі өзгерген ұштық (жоғарғы) жапырақтары – гүл күлтесінің жапырақтары мен жапырақшалары бар – бұтақ (өркен). Бір жеміс бүршігінен саны әртүрлі гүлдер пайда болуы мүмкін: бірден (өрік, шабдалы), бір-бірімен қарапайым немесе күрделі гүл шоғырына топтасқан ондаған (жүзім) гүлдер.
Жеміс өсімдіктерінің негізгі тектерінде мынадай гүл шоғырларының түртектері болады.
Бұтақбас немесе шашақгүл. Қарапайым бұтақбаста жақсы жетілген негізгі білігі және ұзындықтары бірдей бір қатарлы бүйірлік біліктері болады (антипка, қарамойыл, таңқурай, қарақат, қарлыға, зәйтүн). Егер бұтақбас біреу болмай, екеу немесе одан да көп бұтақтану реті болса, оны күрделі бұтақбас немесе шашақгүл дейді (жүзім, құрма пальмасы, пісте, авокадо).
Шатыргүл. Шатырдың қысқа орталық білігі болады да, бүйірлік гүлдердің гүлсағақтары бір жапырақтан тарайды. Гүлдері күмбез тәрізді орналасады немесе бір жазықтықта (алма, шие, шабдалы) орналасады. Шатыргүлдің орталық гүлі жақсы дамыған және ерте гүл жарады.
Қарапайым гүл қалқаншасы бұтақбастан, бүйірлік гүлдердің гүл сабақтарының ұзындығы негізінен, негізгі білікке қарай қысқара түсетінімен өзгешеленеді, нәтижесінде гүлдер бірдей жазықтықта орналасады (алма, алмұрт, шетен, долана). Егер гүл қалқаншасында әрбір бүйірлік білігі қарапайым гүл қалқаншасы сияқты бұтақтанса, оны күрделі гүл қалқаншасы немесе гүл қалқаншалы шашақбас (шетен, шәңгіш) дейді. Гүл қалқаншасында төменгі гүлдері бірінші болып ашылады және жақсы дамиды.
Дихазий немесе қос жақты ұштық гүлдің әрбір орталық білігі дара гүлмен аяқталатынымен сипатталынады. Одан төмен, орталық біліктегі гүл сабағымен салыстырғанда, біршама ұзынырақ екі бүйірлік гүл сабақтары дамиды. Әрбір бүйірлік біліктер дара гүлмен аяқталады. Бүлдіргенде кездеседі.
Сырға гүлшік – білігі иіңкі бұтақбас тәрізді гүл шоғыры. Гүлдеу аяқталғанда сырға гүлшік толығымен түседі (грек жаңғағының, орман жаңғағының немесе шаттауықтың (фундуктың) аталық сырға гүлшіктері).
Масақ – ұзынша біліктегі отырыңқы гүлдер (гүл сағағынсыз) (майлы пальма, тұт).
Собық – масақ сияқты гүл шоғырында отырыңқы гүлдері етті білікте (ананас) орналасқан.
Жұмыр (бас) – қарапайым гүл сағағы өте қысқа болғандықтан гүл шоғыры жұмыр пішінді келеді (дәмжапырақ).
Жеміс тұқымдарының сұрыптарының басым бөлігі өзара жеміссіздігімен сипатталады. Қалыпты өнімін және жемісін алу үшін бұл сұрыптарды айқас тозаңдандыру қажет. Осыған байланысты өнеркәсіптік егістіктерде сұрыптары өзара тозаңдануын ескеріп орналастырады.
Жемістер. Жеміс бір немесе бірнеше гүлдердің тозаңдануының нәтижесінде пайда болады. Кейбір тұқымдар мен сұрыптарда партенокарптық жемістер – тұқымбүршігі тозаңданбай-ақ (алмұрттың, мандариннің, апельсиннің кейбір сұрыптары) дамуы мүмкін.
Жеміс тұқымнан және ұрыққаптан (перикарптан) тұрады. Ұрыққаптың құрамдас бөлігіне төмендегілер жатады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий. Экзокарпий – бұл жемістің сыртқы қабығы. Ол түкті немесе түксіз, жұмсақ және көн тәрізді, ағаштанған және ағаштанбаған, жұқа және қалың, боялған және боялмаған болуы мүмкін. Айталық, шабдалының экзокарпий түкті; шиенікі – түксіз, жұқа, боялған; қарлығанікі – көн тәрізді; орман жаңғағында – ағаштанған. Мезокарпий – жемістің ортаңғы қабығы. Етті, жеуге жарамды – алма, алмұрт, шабдалы және т.б., құрғақ – орман жаңғағы, сүйектілерде – бір қабатты, қос қабатты – шекілдеуіктілерде. Эндокарпий – жемістің ішкі қабаты. Сүйектілерде – қатты қабықты, алмада – тұқым камерасы пергаментті пластинка, алмұртта – тасты жасушалар, лимонда, мандаринде – шырынды, жеуге жарамды.
Шығу тегіне биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жемістер бірнеше топқа бөлінеді (2-кесте, 5-сурет).
Алма жемісінің еті негізінен гүл түтікшесінің ұлпаларынан және аздап экзо және мезокарп ұлпаларын қалыптасады, эндокарпы көн тәрізді, шеміршектеу, бірақ эриоботрийі (жапондық мушмулада) тек түтік ұлпасынан; перикарпийі (ұрыққабы) жұқа, қауызды.

2-кесте. Жеміс дақылдарының жемістерін жіктеу


(И.П.Игнатьева және т.б., 1990)



Топ

Жемістің, тектің атауы

Жидек тәрізділер

Алма (алма, беке, арония, алмұрт, ырғай, шетен, хеномелес); қой бүлдірген тәрізді алма (долана, германдық мушмула);
цитрустар немесе померанецтар (апельсин, манап, лимон, мандарин, понцирус);
анарша (анар); жидек (авокадо, жүзім, қарлыға актинидия, қарақат, фейхоа, құрма)

Қой бүлдірген тәрізділер

Шырынды қой бүлдірген (қара өрік, шие, тәттішие, өрік, шабдалы, қызыл, алша, шырғанақ, унаби);
Шырынды қой бүлдірген жиынтығы (таңқурай, қожақат); құрғақ қой бүлдірген (грек жаңғағы, миндаль, пісте).

Жаңғақ тәрізділер

Жаңғақ (орман жаңғағы); жиынтық жаңғақша (итбүлдірген, бүлдірген).

Жеміс шоғырлары

Талшын, інжір, тұт, ананас






5-сурет. Жеміс өсімдіктерінің жемістерінің типтері:


А – алма (бойлық және көлденең кескіні): 1 – тостағанша; 2 – аталықтың жұрнағы; 3 – аналықтың жұрнағы; жеміс серігінің ішкі қабаты; 5 – тұқым; 6-жаттынның жеміс серігінің ортаңғы және сыртқы қабаты; 7 – түтікшелер сақинасы; 8 – өзегі; 9- сыртқы мәйегі; Б – сүйекше; В – көп сүйекше; Г – жидек тәрізді көп тұқымша; Д – жаңғақ: 1 – сырты; 2 – ортаншы; 3 – жатынның жеміс серігінің ішкі қабаты; 4 – түтікшелер; 5 – дәнек; 6 – өскен гүл тұғыры; 7 – тұқымшалар.


Қойбүлдірген тәрізді алма жемісінің еті тек гүл түтікшесінің ұлпасынан пайда болады, экзо және мезокарпы қауызды, эндокарпы – әр жеміс жапырақшасында дараланған және бір жемісті қаумалайды.
Цитрустыларда (померанцтар), жұмсағы қауызды эндокарптың және мезокарптың субэпидермалды жасушаларынан дамитын, жеуге жарамайтын, ал кинканда бүкіл перикарпы жеуге жарамды, шырынды қалталардан тұрады. Анардың жұмсағы көптеген тұқымдардың тұқымдық қабығының сыртқы шырынды қабығынан тұрады; піскен жемістің гүлді түтікшесінің ұлпалары мен перикарпы кебеді де, қатты, көн тәрізді қабық қалыптастырады.
Жидек жемісіне мезо және эндокарпылары бітіскен жұмсақ құрамдар тән (авокадо); қарлыға да сондай, бірақ сонымен бірге айтарлықтай деңгейде шырынды тұқымқабығымен – ариллоидтарымен (ұрық жұнағының сыртқы интегументінің қабық тәрізді безі); қара қарақат – тек аздап мезо және эндокарптарымен, бірақ негізінен қуатты өскен ариллустарымен (тұқым жұрнағының негізгі бөлігінен және тұқымды қаптап тұратындарынан, бірақ тұқым қабығымен бітіспегендерімен); қызыл қарақатта – негізінен мезо және эндокарптарынан және аздап ариллустарымен ерекшеленеді.
Лимонниктің жемісі шырынды жапырақтар топтамасы – бір гүлдің көптеген аналық жатынынан дамыған шырынды жапырақтар жинағы. Шырынды жапырақшалардың мәйегі мезокарптан қалыптасады.
Сүйектілер жемістеріне тән сипат – ағаш тәрізді эндокарптың – сүйектің болуы. Шырынды сүйектің жемісінің мәйегі етті, шырынды мезокарптан пайда болған. Құрғақ сүйектің жемістің мезокарпы пісуінің басында етті, бірақ толық піскенінде жартылай құрғақ немесе құрғақ, жеуге жарамсыз болады. Жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.
Шырғанақтың жемісі шырынды, бірақ бұл негізінен сүйекше (экзо және мезокарптары – қауызды, бітіскен, эндокарпы – көн тәрізді, тығыз). Жемістің мәйегі – құрғақ сүйекшені толығымен жауып тұрған, тостағанша тәрізді гүл қоршауының шоқтанып өскен түтікшесінің шырынды ұлпалары.
Шырынды құрама сүйекше жеміс бір гүлдің сансыз көп аналықтарынан дамиды. Әр аналықтың жатынынан шырынды сүйекше жеміс пайда болады (мезокарпы – шырынды, эндокарпы – көн тәрізді).
Жаңғақтылардың жемістері бір тұқымды, піскеннен кейін жарылмайды. Орман жаңғағының жемісінің перикарпы ағаштанған, бірақ дәнегімен бітіспеген. Жемісте гүл жапырақшаларынан жапырақ тәрізді табашық – орауыш пайда болады. Орман жаңғағында (шаттауықта) және фундукта жиі бірнеше жемістердің орауыштары негізінен тұтасып бітіседі де, жеміс шоғырын құрастырады. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.
Итмұрынның құрама жаңғақша жемісі (көп жаңғақты) бокал тәрізді гүл тұғырының ішкі жағында – гипантияда дамыған сансыз жаңғақшалардан тұрады. Әрбір жаңғақша – ағаштанған перикарпы бар, тұқымымен бітіспеген, бір дәнекті жарылмайтын жеміс. Гипантий жаңғақша пісер мерзімге қарай ашық қызыл, сары, қара түске боялады және еті жеуге жарамды болады.
Бүлдіргеннің құрама тұқымшалы (көп тұқымшалы) жемісі сансыз тұқымшалардан – ашылмайтын бір тұқымды жемістерден тұрады.
Жеміс шоғыры – түйісе орналасқан және өркеннің өсінді бөлігінен анық оқшауланған, бір гүл шоғырының құрама жемістері. Жеміс шоғырының басым бөлігінің жемістері бітіспеген, әдетте, біріне-бірі түйісе орналасады. Сонымен бірге кейбір түрлерде, әдетте біліктері қуатты дамығандарда, жемістері және етті жабынды жапырақтарының негізі бітіседі де, бір жеміске айналғандай болады (ананас, т.б.).
Інжірдің жеміс шоғыры, бос алмұрт тәрізді пішіні бар және қуыстың ішінде дамитын сансыз жемістерден – тұқымшалардан тұратын, гүл шоғырының етті шырынды білігінен дамиды.
Тұттың жеміс шоғыры, әрқайсысы аналықтың жатынынан пайда болатын, шоқтанып өскен, боялған, жеуге жарамды гүл қоршауында орналасқан тұқымшалардан – біліктер мен жемістерден тұрады. Гүл қоршаулары біріне-бірі түйісе орналасады, бірақ бітіспейді.
Нағыз талшынның жеміс шоғыры, шар тәрізді, ағаштанған табақшаларда дамыған, тұқмшалары піскенде ашылатын жармалы 2-3 жемістен тұрады. Жеке жемісі – емен жаңғақ – құрғақ, бір тұқымды, жұқа қыртысты (көнді) немесе жұқа ағаштанған перикарпты. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет