«Мұражайтану» пәні бойынша


Т.Мұражай жүйелілігі мен классификациясы



бет4/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#19965
1   2   3   4   5   6   7

Т.Мұражай жүйелілігі мен классификациясы

Қарастырылатын мәселлер:

1. Мұражай жүйесінің құрастыру.

2. Классификациялаудың принципы.

3. Мұражай түрлері мен типтері.

4. Қоғамдық мұражайлардың типтік жағдайлары.


Пайдаланатын әдебиеттері:


  1. Вопросы музейной работы. М. 1974г.

  2. Вопросы музейного дела в СССР. Сб.ст. Н.И.И. Музееведения. М., 1963. вып.7.

Лекцияның мәтіні:
Мұражайлардың анықталған белгілері бойынша топтарға бөлінуі. Профиль бойынша жіктеу, оның анықтаушы белгісі болып табылады. Мұражайдың нақты ғылыммен, өндіре саласымен, техникамен өнер түрімен т.б. байланысы мұражайлары айырмашылығын жинақ мазмұны бойынша көрсетеді. Мұражайлар заң ережесі бойынша мемелекеттік мұражайлар және қоғамдық мұражайлар болып бөлінеді. Қызмет масштабына орай мұражайлардың республикалық , жергілікті маңызы болады. Мұражай жүйелілігінің қоғамдағы өзгерістерге байланысты. Қоғамда керектілілігін өзгеруі, ғылымның дамуы, сәулет өнері, және мұражайдың дамуы. Мұражай жүйелілігі дамуына үлкен ықпалын тигізетін профильды мұражайлар. Бұл жұмыстарды негізінде мұражай ісін органдаы жүргізеді.

Мұражай профилі. Байланысы нақты ғылыммен, техникамен, өндіріспен әрі олардың салаларымен және пәндер мен, өнер мен мәдениеттің әрқилы түрлерімен алдын-ала келісілген мұражай қызметі және мамандану жинағы мұражай профиль мұражайларды жіктеудің маңызды категориясы болып табылды. Мұражайлар төмендегідей негізгі профильді топтарға бөлінді. Жаратылысғылым, тарихи, әдеби, көркемдік театральдық ғылым және техника мұражай ауылшаруашылық т.б. комплексті ғылымдармен байланысы мұражайдың комплексті профильді болуын анықтайды. Оның қарапайым үлгісі өлкетану мұражай болып табылады. Өз кезегінде бұл топтардың әрқайсысы ұсақ профильдерге бөлінуі мүмкін (мыс, тарихи профиль мұражайына жататындар, тарихи-революциялық, әскери тарихты және т.б. Өлкетану мұражайы жинақтары нақты әкімшілік-территориялық аймақтың табиғаты мен тарихын құжаттайтын комплексті профильді мұражай. Өлкетану мұражайының құрамына кіретін бөлімдер: табиғат, тұтынысының сұранысы және соған сәйкес колекцияларға байланысты көркем әдебиет және басқа да бөлімдер құрылады. Өлкетану мұражайларының қызметі әртүрлі аймақтық деңгейлері бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасының өлкетану мұражайлар тарабына, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық мұражайлар кіреді. Бұл жүйені профильді типтерге өз жүйесін құрастырудан басталады. Бірақта жүйесіңін ішінен бөлетін профильдер бар. мысалы: тарихи профильді мұражайлар: жалпы тарихи архиологияға этнография, тарихи ревалюция, т.б. Бұл орайда мұражайдың бірен-саран топтары бір уақыта бірнеше топтарын профильдерін қосындысымен ерекшеленіп тұрады. Бұларды комплексті мұражайлар деп аталады. Қазіргі таңда комплексті мұражайлар ғылымның интеграция процессін көрінісі. Жалғасы. ?

Мұражайдың профильдік топтардың негізгілерін бөліп көрсетуге мыналар:



  1. Тарихи мұражай-барлық мұражай Тарих ғылымының жүйесіне кіретіндер. Археология, этнография, пумизматика, ревалюция тарихы, әскер-тарихы, экономика-тарихы, белгілі ағарту тарихы арнайы тарих. (мыс, спорт тарихы).

  2. Көркем сурет мұражайы-мұражайлар бейнелеу өнерінің тарихы жән Бейнелеу өнер танушылыққа жататындар. Мысалы: гапереллар, скульпура мұражайы, Бейнелеу өнері мұражай гравюрлы кабинеттері және театралдық, музыкалық, кино әсерінің мұражайлары т.б.

Профильдерге бөлу мұражайларды түсінігі профильді пәнге, көркем сурет түріне және аймақтың хронологияларға сәйкес бөлу қажетті. Бұған қосымша мұражайларды бірнеше профильдерді біріктірген болса комплексті мұражайларға жатқызуымызға болады. Біздің қазіргі таңда уақытта комплексті мұражайлар дамуы, ғылымның интеграциялау процессінің көрінісі. Профильді мұражайларды топтарға бөлу.

1. Тарихи мұражай-барлық мұражайлар тарихи ғылымның жүйесіндегі құрушыларды жатқызамыз.

2. Көркем сурет мұражайы барлық мұражайлары көркем сурет өнерінің тарихына және көркем сурет өнерінің танышуларды жатқызады.

3. Тарихи табиғи мұражайлар. Мұражайлар өз іс-әркетінде табиғи ғылымдарға сүйенеді.

4. Техникалық мұражай-мұражайлар. Техникалық ғылыммен байланысы барлар.

5. Әдеби мұражайлар. Барлық мұражай әдебиеттің дамуын, жазушылардың өмірін іс-әрекеттерін бағттайды.

6. Комплексті мұражай. Мұражай бір немесе бірнеше профильді қамтиды да

Лекция№14

Т. Экспозиция жұмысы.

Қарастырылатын мәселер:



  1. Экспозицияның принципы мен системасы

  2. Экспозиция материалы

  3. Экспозиция жұмысының кезеңдері

  4. Экспозиция ерекшелігі, тарихи мұражайда.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Белевский М.Т. Работа вмузеях с историческими палетииками при изучений историй СССР учебное пособие для студентов вузов. М.,1978.

  2. Криченко Б.И. «Исторический музей» М.,1984г

  3. Музееведения: Музей исторического профиля. М.,1980г

  4. Михайловская А.И. Музейная экспозиция (организация и техника) М.,1984г

Лекцияның мәтіні:
Өз отаныңа деген сүйіспеншілікті ояту тарих білімін кеңейтуге, дүние танудың, көзқарасын нығайту үшін тарихи экспозициялар құру мұражайда жүргізіледі. Әр елдің өзінің тарихи экспозиция құрудың ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер сол мұражайдың жинақ қорына, тарихи процестеріне және мұражайттанушылардың шешімінене байланысты. Бірақта бұл мұражайларда қандай шешім қабылданбасын мұражай экспозиция бір бағытта жүргізіледі. Мұражай экспозициясы мұражайтану және архитектуралық –көркемдік шешімдер негізінде өңделген, ұсталған тақырып және ғылыми тұжырымға сәйкес келетін мұражай заттарын көрсету. Мұражай экспозициясы ғылыми-зерттеу қызметі әрі мұражай заттарын ерекше жариялау пәні және мұражайдың білім –тәрбие қызметтінің негізі. Экспозиция түрлерінің бірі көрме болып табылады. Мұражай экспозиция құрудың әртүрлі әдістерін қолданды. (ансамбілдік, тақырыптық экспозиция). Мұражай ансамбльдер. Сақталу негізінде немесе қайта жасалған (ғылыми құжаттарға сүйене отырып) архитектуралы құрылыс ансмбльдері, интерьерлер айнала қоршаған орта мұражайларының ерекше түрі. Мұражай ансамбльдердің тарихи –архитектуралық, тарихи көркемділік, мұражай ансамблдерге жататындар тағыда мемориалдық мұражайлар. Мұражай ансамбльдер тарихи мәдени мұражай –қорықтар құруға негіз бола алады.

Тақырыптық экспозиция жжоспары экспозицияның ғылыми тұжырымдамасы негізінде жасалынған құжат. Оған кеңейтілген тақырыптық құрылым немесе экспозицияның тақырыптық жоспары, экспозициялық комплекстерде топтастырыған, экспозициялық материалдардың аттары және сипаттамалары кіреді.

Тақырыптық экспозициялық жоспар мәтіндік және графикалық формада құрастырылады. Экспозициялардың ғылыми тұжырымдамасы болашақ мұражай экспозицияларының мазмұны, негізгі мәселелері, басты идеяларының теориялық негіздемесі. Ғылыми тұжырымдаманы өңдеу экспозициялар ғылыми жобасын жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Құжат түрінде толтырылады.

Экспозицияның ғылыми тұжырымдамасында мұражайдың елдің, өлкенің мұражай тораптарындағы өзіндік орны, профильді пәнде бұл тақырыптың зерттеу дәрежесі анықталып, экспозицияның деректемелік негіз ерекшеліктері, ғылыми және көркем жобалаудың бағыттары белгіленіп жан –жақты ашылады. Бұл жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуін экспозициялардың ғылыми жобасы. Жобаланған мұражай экспозицияларының мазмұндарын нақты көрсету. Экспозицияның ғылыми тұжырымдамасы, кеңейтілген тақырыптық құрылым немесе экспозициялардың тақырыптық жоспары. Экспозиция құрудан алдын мұражай қызметкерлері экспозиция материалын жолын жұмысын түргізеді. Экспозиция материалды берілген алаңға, салынып жатқан мұражай экспозициялары мен экспонаттардың өзара байланысы мен ара қатынасын көріп тексеру үшін алдын –ала эксперименттік орналастыру. Экспозицияның кеңейтілген тақырыптық құрылымы немесе тақырыптық жоспары және архиьектуралық көркемдік шешімнің алдын –ала жобасына сәйкес іске асырылады. Ғылыми жұмысшылар экспозиционер және суретші ббірлесіп, техникалық жабдықтау және мұражай құралдары мамандарының қатысуымен өткізіледі.

Экспозициялық архитектуралық көркемдік шешімі –экспозициялық материалдарды көрсетуге арналған, кеңістік, түс, жарық ортасын жасауға бағытталған архитектуралық көркемдік құралдар жүйесі. Көркем жоба түрінде өңделіп, мұражай экспозициясы жобасының бөлігі болып табылады.


Лекция№15

Т. Мұражайдың заңдылық негіздері

Қарастырылатын мәселелер:



  1. ҚР мәдени тарихи ескерткіштерді сақтау заңы

  2. Кенес өкіметі тұсындағы заңдар

  3. Жалпы ережелер

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4.Внекласная работа по истории краведения. М.



Лекцияның мәтіні:
Тарихи-мәдени мұра халақтың тарихи тағдырының аса маңыздағы айдағы ретінде, оның бүгінгі және болашақта дамуының негізгі және сөзсіз шарты ретінде бүкіл адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қоғап отыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борщы және осы. Заңмен белгіленетін міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени қорғау және пайдалану туралы заңдары.

Қазақстан республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы осы Заңды және қоғамдық қатнастардың осы саласындағы мәселелерді реттейтін басқада заң актілерін қамтиды.

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы заңдарының мақсаты мен міндеттері.

Осы Заңның мақсаты тарихи-мәдени мұраның сақталуын және сабақтас дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатнастарды реттеу, атап айтқанда:


    • тарихи-мәдени мұра ұғымын анықтау, оны қорғау және пайдалану;

    • тарихи-мәдени мұра обьектілерінің хұқылық мәртебелік баянды ету.

    • Мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы құзіретінің ара-жігін ашу;

    • Тарихи-мәдени мұраға тікелей немесе жанама түрде зиян келтірушілердің іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жауап кершілік шараларын белгілеу болып табылады.

Тарихи-мәдени мұраларға халықтың тарихи өткен кезімен, қоғамның және мемлекеттік дамуымен байланысты археологиялық обьектілердің ғимараттармен заттардың барлық түрі, сирек кездесетін геологиялық фзиографиялық құрылымдар болып табылатын тарихи-мәдени ескерткіштері, осы Заңда кезделген тәртіппен міндетті түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың оларды меншіктеу құқығын өзгертудіңжәне оларды құқылық мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимі бар.

Тарих және мәдениет ескерткішін құқылық мәртебесінен айыруға оны тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарыптастауға Қазақстан Республикасының арнаулы комисиясымен келісілген тиісті жергілікті өкімет органының ұсынысы бойынша, ғылыми сараптаманың қортындысы негізінде Қазақстан Республикасыүкіметінің шешімі мен тек ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

Тарихи-мәдени мұра обьектілері болып мыналар танылуы мүмкін (тұтас немесе ескертілген бөлігі):

Материалдық тарихи айғақтар:

қозғалмайтын тарихи айғақтар оның ішінде:



    • некен саяқ обьектілер және сәулет, монументтік өнер туындылыары археологиялық сипатағы элементтер немесе құрылымдар эпиграфиялық материалдар ғылым мен техника туындылары, үйлер, ғимараттар немесе тарихи немесе меморияалдық маңызы бар өзге де обьектілер:

    • кешенді обьектілер-қала салу өнерінің туындылары (сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи қалалар мен елді мекендер, қалалардың бөліктері, мақалалар, көшелер, қала салу құрылымдарының элементері), бау-парк өнерінің туындылары, тарихи некропольдер, тарихи аумақтармен орындар.


Лекция № 16

Т.Мұражай және мұрағат байланысымен жұмыс істеу әдістері.
Қарастырылатын мәселелер

1.Мұрағат және мүражай салаларың құрылуы

2.Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайының мұрағатармен байланысы

4.Жергілік жерлерде мұрағаттардың қосқан үлесі
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Кимасов А. Деятельность статистических комитетов и их роль в изучении края. “1877-1917” .Рукопись дис.канд. Усть-Каменогорск,1978.

2.Ивлев Н.П.Находки краеведа.А.,1977г.

3.Лунин Б.В.Из опыта историко-краведческой работы в Средней Азии и Казахстане. “20-30-е годы” .- Истории СССР.,1968,№5.

4.Тәтімов М.Қазақ Әлемі.А.,1993г.

5.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.А., 1994г.

Лекцияның мәтіні:
Қазақстанда 1919 жылы желтоқсан айында жарты жылдай ғана жұмыс істеген тарихи-статистикалық бөлім құрылады. Оған қызмет еткен оынбордағы өлкетанушы ғылым А.П.Чулошников, филолог және этнограф А.А.Четыркина, юрист Е.А.Яковлева, статистик К.П.Шагаевтар болды. 1920 жылы наурызда тарихи-статистикалық бөлім Қазақстан еңбекшілеріне қазақ халқының тарихы туралы мәліметтерді жинауды, іздеуді және бөлімге жіберуді сұрап ұран тастайды. 1920 ж. 10 апрельде тарихи статистикалық бөлім Өлкелік ре,волюциялық комитетінің халық ағарту бөліміне беріліп, оны ғылыми комиссия деп атайдыи, ал 1920 жылдың декабрь айынан Қазақ АССР-і құрылып, бөлімді Халық ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім деп аталды. Бұл бөлім ғылым, әдебиет, өнер, музей және архив мәселерімен айналысты. 1921 ж. август айында ғылыми бөлім халық ағарту комиссариатының Академикалық орталығы болып өзгерді. Ол екі секциядан: ғылыми және көркем секциядан құрылды. Академикалық орталықтың құрамына Бас музей мен Бас архив енді /2,80-81/. Республика өмірінің ғылыми саласында ерікті ғылыми қорғандар үлкен роль атқарды. Ондай ерікті қоғамның бірі - Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы болды.1925 жылда бастап ол Қазақстанды зерттеу қоғамы болып қайта құрылды. Бұл қоғам Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөлімінен бөлініп шықты. Қоғамды құруға белсенділік танытқандар тарихшы - өлкетанушы А.П.Чулошников, Орынбор өлкесін зерттеуші, Орынбор архив комиссиясынның мүшесі А.П.Гра, тарихшы – этнограф Ә.А.Диваев, С.М.Петров, А.Л.Мелков, И.В.Мелкова, А.А.Четыркина, И.М.Расторгуев т.б. болды. Құрышы – мүшелері төрағасы С.Меңдешев, әскери комитет штабының бастығы А.Н.Турский болды.. Оынбор өлкелік музейінде 1920ж. 15 октябрьде жиналыс өтті. Оған қоғамның 35 мүшесі қатысты. Ал ресми түрде жұмыс бастаған уақыты 1920 ж. 1 ноябрь болып тіркелді. Жаңа қоғам орынбор ғылыми архиві коммиссиясының, ОГҚ Орынбор бөлімінің жұмысын жалғастырушы орган ретінде Қазақ республикасын тарихи – археологиялық, этнографиялық, жаратылыстану және басқа салаларда терең зерттейтін органға айналады.
Лекция№17

Т. Мұражай экономикасы

Қарастырылатын мәселелер:



  1. Мұражай жұмысы экономиканың теориялық оспектілері

  2. Мұражай қызметі аумағындағы экономикалық қарым-қатынастар

  3. Мұражай қызметіндегі шаруашылық механиканың ерекшелігі.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.


  1. Внекласная работа по истории краведения. М.

Лекцияның мәтіні:
Экономика –кең мағынада алып қарайтын б\қ бұл шаруашылықты тиімді пайдалану. Мұражай жұмысының экономикасы мұражай қызметіне экономикалық талдау жасау экономикалық заңдар мен категорияның мұражай жұмысында қолданылуы ерекшеленген зерттеу пәні б.т. Мұражай жұмысының экономикада оқылатын нәрсе: 1.Мұражай қызметіне экономикалық талдау, 2.мұражай қызметіне экономикалық заңдарын дәрежелерді қолдану ерекшеліктері а) Профессионалдық мұражай жұмысын тепе-теңдікке қолданған ұмтылуды қамтамасыз ету үшін қоланылатын заң, б) ұсыныс пен сұраныс заңы, в) мұражай жұмысына ақы төлеу арқылы еңбек бөлініс заңы, г) құн заңы, д) еңбек өнімінің үздіксіз өну заңы, е) ақша айналым заңы, з) уақытша барынша үнемдеу заңы. Экономикалық категориялар табыс өндіріс, қосмыша күн, тауар, өндірісті интенсивтендіру, еңбек өнімділігі, пайда, капитал, шаруашылық есеп, жалақы, финанс,

Шаруашылық есеп- кәсібінің өнімділік жұмыстылық жоспарымен жүргізі әдісі. Ол шығындардың өз табысымен жауып пайда табуға өндірістің тиімділігін қамтамасызетуге негізделген мақсаты: аз шығын мен мол өнім өндіру.

Экономикалық талдау мұражай жұмысын басқарудағы белсенділік қызметі. Экономикалық талдауда қарастырылған жоспарлары және есеп беру статистикалық көрсеткіштерде көрсетілген мұражайдың қызметі. Талдау обьектісі ретінде мұражай мекемесінің материалдық (мебель, транспорт, қор), еңбек (қызметкерлер) және қаржылық (ақшалай) ресурстары ал оның негізгі мақсаты мұражай жұмысының жетістіктерін бағалау

Лекция№18

Т. Әзірет сұлтан қорық мұражайы

Қарастырылатын мәселелер:

1. Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы


  1. Мұражайлардың қалыпқа келтіру жұмыстары

  2. Мемлекеттік бағдармала қорықты сақтау жұмыстары

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М.



Лекцияның мәтіні:

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан.1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені мұражайын» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы болып қайта құрылды.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық мұражайдың құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:



  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі музейі. ХІҮ ғасыр. Экспозициялық алаңы 654.98 шаршы метр.

  2. Қылует жер асты мешіті музейі. ХІІ ғасыр. 702 шаршы метр.

  3. Жұма мешіті музейі. ХІХ ғ. 603,6 шаршы метр.

  4. Шығыс моншасы музейі. ХҮІ ғ. 130 шаршы метр.

  5. Түркістан тарихы музей. ХІХ ғ. 1050 шаршы метр.

  6. Археология және этнография музейі. ХІХ ғ. 140 шаршы метр.

  7. Рабия Сұлтан бегім кесенесі музейі. ХҮ ғ. 62 шаршы метр.

  8. Түркістан көшесі музейі. ХІХ ғ. 452 шаршы метр.

Мұражайлардың жалпы экспозициялық алаңы 3794,52 шаршы метр.Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи көз жұмған соң ХII-шi ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екi бөлмелi шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы ХIVғ. соңында Әмiр Темiрдiң бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметр 18,3 метр. Тайқазан 12399 жылы 25 шақырым жерде тұрған Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды. ХVI ғасырдан бастап кесене маңына хандар мен билер, атақты кiсiлер жерленетін болды. Оларды жерлеу рәсiмi бастарына жеке кесене — мазарлар және дiни құрылыстар салумен қатар жүрдi.«Әзiрет Сұлтан» кесенесiн жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңiл бөлiндi. Ол жұмыстар кесене төңiрегiндегi қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегi жөндеу және қайта қалпына келтiру жұмыстары бiрнеше кезеңде жүргiзiлiп отырды.1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен Мәдениет министрлiгi жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркiстан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтiру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесi музей болып ашылғаннан кейiн кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтiрiлдi. 1975 жылға дейiн үздiксiз жұмыс iстеп келген монша тарихи мәдени ескерткiш ретiнде, өзiнiң негiзгi қызметiн тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтiрiлген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негiзiнде жаңадан тұрғызуға тура келдi. Ал, Жұма мешiтiнiң 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтiрiлдi. ХIVғ. ескерткiшi болып табылатын Шiлдехана iшiнара қалпына келтiрiлiп, консервацияланды.1979 жылы кесене төңiрегiндегi ортағасырлық сәулет ескерткiшi «Шығыс моншасы» көне ескерткiшi сақтау мақсатында мұражайландiрiлдi. 1982 жылы «Жұма мешiтi» ХIХ ғасыр ескерткiшi орнынан «Археологиялық табыстар» атты мұражайы ұйымдастырылды.1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмiрiмен байланысты тарихи орын, жерасты мекенi, сопылық орталық болып саналатын ХII-ХIХғғ. Ескерткiш «Қылует» мешiтi мұражайы қызметкерлерiнiң күшiмен экспозиция қойылып мұражай ретiнде ашылды.«Түркiстан тарихы» мұражайы орналасқан ғимарат — ХIХ ғасырда салынып әскери казарма ретiнде пайдаланылған. Кеңес заманында тiгiн тоқыма фабрикасы қызметiн атқарған. ХIХ ғасырда салынған сәулет ескерткiшi мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп 2000 жылы «Түркiстан тарихы» мұражаы-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берiлдi. Мұражайдан тарихи, рухани қаланың өткенi, кешегiсi туралы толық мағлұмат алуға болады. Мұражай экспозициясы үлкен-үлкен сегiз бөлiмнен тұрады. Мұражай қызметкерлерiнiң мақсаты көне қаланы «мұражайлар қаласы, рухани орталық» ретiнде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.Мұражайда мынадай құрылымдық бөлімдер бар.

  1. Ғылыми-зерттеу бөлімі.

  2. Ғылыми кітапхана

  3. Ғылыми қор бөлімі

  4. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі

Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық-ескерткіштерді зертеу бөлімі, этнография және этнология бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары."Әзірет Сұлтан " қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:

  • қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады

  • қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі

  • халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы насихатталады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы өзінің жан-жақты шығармашылығы және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы, өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада қызмет ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агентттіктермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуге дайын.
Лекция № 19

Т. Өлкетану жұмыстарында мұражайдың қызметі.

Қарастырылатын мәселелер



  1. Ш. Уалихановтың өлкетанушылық жұмыстары.

  2. С. Бабажановтың Қазақстандағы өлкетанушылық жұмыстары.

  3. А.Н. Седелиниковтардың өлкетанушылық қызметтері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Сапаргалиев Г.С., Дьяков В.А. Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане.А., 1971г.

2.Кимасов А. Деятельность статистических комитетов и их роль в изучении края. “1877-1917” .Рукопись дис.канд. Усть-Каменогорск,1978.

3.Ивлев Н.П.Находки краеведа.А.,1977г.

4.Лунин Б.В.Из опыта историко-краведческой работы в Средней Азии и Казахстане. “20-30-е годы” .- Истории СССР.,1968,№5.

5.Тәтімов М.Қазақ Әлемі.А., 1993г.

6.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.А., 1994г.
Лекцияның мәтіні:

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрінген қазақ зиялының бірі ұлкен қоғам қайраткері, ғалым, ойшыл Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов болды. Шоқан 1835 жылы Көкшетау уезіне қарасты Құсмұрын бесінісінде дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізген.

Шоқан Абылайдың немересі. Шоқанның өз әкесі Шыңғыс орысша білім алған, полковник екі рет Петербургке патша алдына барған. Алғашқы білімді Қосмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы кодет корпусна түсіп, оны 1853 жылы біті ріп шығады. Одан соң Омбы генерал-губернаторына қызмет істейді. 19857-58 жылдары Қашқарияға саяхат жасап Қытайдың алты шаһарының тарихын жазады. Қашқария сапарынан оралған соң, 1860 жылы Петербург университетінің шағын факултетінде оқиды, Орал халқының алдыңғы қатарлы зиялыларымен танысады Қашқариядағы сапарынан ауырып келгендіктен Көкшетау еліне байта оралып аға сұлтан болуға Ерден мен таласқа түседі. Шоқанның демократиялық көзқарасын білетін патша өкіметі оны мемлекет ісіне араластыруға қорқады.1864 жылы Шоқан Черняев әскерімен Шымкент, Әулиеатаға дейін келіп, Алтан Емелдіге Тезек төренің ауылына барады. Шоқан Марко Поло дон соңғы Қашқарияны алғаш ашушылардың бірі, қазақтың тұңғыш ойшылы, ғалымы, ағартушы демократы Шоқан жасынан Еуропалық білім алған. Кодет корпусында оқып жүрген жылдары оған Билинский ізіндегі әдебиетші Н.Ф. Костамукий, И.В. Ждан Пушкин, тарихшы Гонсевкий, К.К.Гутковский, С.Я. Капустин сияқты оқымыстылардың зор ықпалы болған 1854 жылы Шоқан крепаснойлық тәртіпке қарсы болғаны үшін Сібірге жер айдалып барған Дуров, Достоевскийлермен танысады. 1860 жылы Петербургке барғанда Шоқан Черноевский, Добролюбов пікірлерімен танысады. Некросов пен көзбе-көз жүздесіп пікір алысып отырған.

Г.Н. Потанин Шоқанның демакротиялық пікірлерін ашып айтады. Бұл мереке тұсында жас князь ақ киіммен Омбыдағы парадқа шығады. Шоқан 1862-1868 жылдары аға сұлтандардың билігі тұсында өмір сүрген. 1863 жылдың өзінде Көкшетауға дуанбасы боламын деп, Ерденмен

айтысқан.„ Жоңғария очеріктері” 1860 жылы деген еңбегінде Шоқан қырғыз, қазақ Қашқар елдерінің әдет-ғұрпымен поэзиясын зерттейді. Қырғыздың „ Манас” атты үш жүз мың жолды жарып алғаш рет жазып алған зерттегенде осы Шоқан. Осы қазақ халқы поэзиясының түрлері бөлген.

Лекция № 20

Т. Мұражай ғимараттарың құру тарихы мен дамуы.

Қарастырылатын мәселелер



  1. Мұражай ғимаратын тарихы.

  2. Білім беру мекемесі.

  3. Мұражайлардың мағлұматтарын баспасы.

  4. Мұражайдың практикалық баспасы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Сапаргалиев Г.С., Дьяков В.А. Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане.А., 1971г.

2.Кимасов А. Деятельность статистических комитетов и их роль в изучении края. “1877-1917” .Рукопись дис.канд. Усть-Каменогорск,1978.

3.Ивлев Н.П.Находки краеведа.А.,1977г.

4.Лунин Б.В.Из опыта историко-краведческой работы в Средней Азии и Казахстане. “20-30-е годы” .- Истории СССР.,1968,№5.

5.Тәтімов М.Қазақ Әлемі.А., 1993г.

6.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.А., 1994г.
Лекцияның мәтіні:
Мұражайдың ғимараттарын тарихын жекеше архитектуралық түрі Ресейде қару (жарақ) палатасымен байланысты, бұл Пётрдің заманына дейін. Пётр – I өзінің жеке коллекциясы – Кунс камера болып есептеледі. Маттариов И. Проекті бойынша салынған Кунс – камера XVIIIғ 20 жылдары мұражайға арнайы салынған ғимаратын бір болып есептеледі. Кунс камера ғимаратында кітапхана обсерватория және лабораториялар орналасқан еді. Кейіннен ғылыми заседаиияларға арналған залдар, арнайы реставрация, кептіруге, чучела және наиекен – жасауға “изба” деген бөлме құрылды. Екі жақтағы ғимарат қанаттарында галерея залдары құрылған. Бұл залдарда экспонаттардың шкафтары орналасты. Кунс камерада табиғи – ғылыми тұрғыда жинақтар болды және археология, этнография заттары тарихи мұралардың коллекция жинақтары болды. Кунс камераны ғылым Академияның тарапына өткізген соң ол Үлгілі ғылыми мекемеге айналды. Қазіргі тарихи мұражайдың ұқсас түрі болды. 1810 жылы Еготов И.В. архитекторының проекті Мәскеу Кремілінің ішіне қару палатасы ғимаратын құрды. Бірақта бұл ғимарат мұражайға арнай салынған болса да, бұнын ішіндегі мұражай заттары үлкен қызмет атқарған жоқ. Керісінше архитектуралық сән есебінде қаралды.Мұражай ғимаратына Германияда үлкен мәселе болып қаралды. 1755-1763 жылы Броинг И.Г. проекті бойынша Сан – Суста сурет галереясы құрылды, онда бірінші мәрте болып көркем – сурет коллекцияларына арнайы бөлімдері болды. XIX ғ. Мұражай тағдыры бай чиновниктердің өкілдерінде болды. Бірақта XIX ғ. ортасынан бастап көптеген мұражай ғимараттары салына бастайды. 1874-1877 жылы Политехникалық мұражай өзінде экспозиция залынан бөлек лабораториясы кітапханасын және шағын аудиториялары бар еді. Тарихи мұражай Шервуд В.О. және Селинов А.А. проекті бойынша 1883 жылы құрылды.

XIX – XXғ басында мұражай ғимараты бай - чиновник болса. Кейіннен мұражай заттары қарапайым халықтардың көруіне ықпал жасалды.Мұражайларда көптеген зерттеулер нәтижесінде мұражай білім беру мекемесіне айналды. Көрермен көпшілікке арнайы аудиториялар, қабілеттер ашылды. Басты мақсат бұл бөлімдердің көрермендердің мұражай заттары болған және мұражайда көп баспада материалды жария етуде. Мысалы жол көрсеткіштер өлкенің тарихи жерлерін тізбегі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері т.б. шығарылады. Бұл орайда тағы да айта кететін жайы мұражайлардың, галереялардың, эрмитаждардың көрме – экспозицияларын көпшілікке танытудың бір түрі кітапшалар ретінде шығару.Мұражайдың іс - әрекетінің баспасы т.б.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті



«Гуманитарлық білім» факулътеті


«Тарих» кафедрасы

«Мұражайтану» пәні бойынша


050114 «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін
Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(СӨЖ)

Жетісай – 2007 ж

11. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі





Тақырыбы мен мазмұны

Сағат

саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер тізімі

Орындалу

мерзімі

1.

Тақ: Мұражайтану пәнінің міндетті мен мақсаты

Мұражайтану пәні туралы жалпы т‰сінік.Пєнніњ міндеттері мен маќсаттары.Пєнніњ негізгі зерттеу объектісі.



1

Дөңгелек стол

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет



1 апта

2.

Тақ:Мұражайдың пайда болуы.

Алғашқы адамдардың мұраларды сақтау жерлері.Мұражайдың пайда болуы. Мұражайтану ғылымының қалыптасуы.



1

Жазбаша бақылау

№2

22-28 бет



3.

Тақ:Мұражайтанудың негізгі ұғымдары.

Мұражайтану пәнінің негізгі ұғымдары. Ұғымдарға ғылыми тұжырымдамасы. Пәнің ғылымдағы орны.



2

Пікір сайыс

№2

22-28 бет



2 апта


4.

Тақ.Мұражайдың негізгі қызметі.

Қоғамдық қызметі

Қоғамның дамының ғылыми құжаттау процессі

Мұражай ғылыми орталық реттінде



1

Глоссарий

№3

33-38 бет



3 апта


5.

Тақ: Мұражайдың іс-әрекеттері Ғылыми-ағарту, білім беру және тәрбиелік жұмысы

Жұмыстың формасы және түрлері.Мұражай педагогикасы мен психологиясы.



2

Реферат

№3

34-38 бет



3-4 апта


6.

Тақ.Мұражайтану әдістемесі.

Мұражайдың ісі, дерек мағлұмат ретінде.

Мұражайтану институт ретінде, іс қызметі.

Қоғамдық және қазіргі пәндер әдістері.

Эксперименталды әдіс


2

Тестілік саулна-малар

№9 39-47 бет

№10 22-29 бет



4-5 апта


7.

Тақ. Мұражай ғылыми мекеме реттінде қалыптасуы.

Мұражай әдістері

Өлкетану мұражайының ерекшілігі

Қоғамдағы мұражайдың орны



1

Коллокиум

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет



5- апта


8

Тақ.ҚР орталық мұражайы.

ҚР орталық мұражайы. Өлкетану мұражайы. Ұлттық мұражай



2.

Жазбаша бақылау

№3

33-38 бет



6- апта


9

Тақ.Дүнижүзілік мұражайлар.

Лувр мұражайы.

Кунс-камера

Эрмитаж


2

Пікір сайыс

№3

34-38 бет



7- апта


10

Тақ.Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазңргң жай-күйін талдау.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. Ұлттың тарихтың маңызды тарихи-мәдени,

археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңгырту

Қазақ халқының мәдени мұрасын эерделеудің тұтастай жүйесін құру

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

1.

Реферат

№9 39-47 бет

№10 22-29 бет



8 апта


11

Тақ.Мұражай қоры.

Мұражай қорың ғылыми ұйымдастыру және оның ұғымы.

Қор құрлымы.Қорды ғылыми каталогтау.Мұражай затын сақтау

Консервация және рестоврация

Құжат сақтауын есептеу,жабдықтау және зерттеу


2

Тестілік саулна-малар

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет



8-9 апта


12

Тақ.Мұражайтану құрлымы

Мұражайтану құрылымы.

Мұражайтану жалпы теориясы

Құжаттнаманың теориясы.Ғылыми-қор жұмысының теориясы

Мұражайдың құрылымы


2

Коллоквиум

№3

33-38 бет



9-10 апта


13

Тақ.Мұражай жүйелегі мен класификациясы.

Мұражай жүйесінің құрастыру.

Классификациялаудың принципы.

Мұражай түрлері мен типтері.Қоғамдық мұражайлардың типтік жағдайлары.



2

Реферат

№3

34-38 бет



10-11 апта


14

Тақ.Мұражай экспозициясы.

Экспозицияның принципы мен системасы

Экспозиция материалы

Экспозиция жұмысының кезеңдері

Экспозиция ерекшелігі, тарихи мұражайда.


2

Тестілік саулна-малар

№9 39-47 бет

№10 22-29 бет



11-12 апта


15

Тақ.Мұражайтанудың заңдылық негіздері.

ҚР мәдени тарихи ескерткіштерді сақтау заңы

Кенес өкіметі тұсындағы заңдар

Жалпы ережелер



1

Коллоквиум

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет



12- апта


16

Тақ.Мұражай және мұрағат байланысымен жұмыс істеу әдістері

Мұрағат және мүражай салаларың құрылуы

Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайының мұрағатармен байланысы

Жергілік жерлерде мұрағаттардың қосқан үлесі



1

Реферат

№3

33-38 бет



13-апта


17

Тақ.Мұражай экономикасы.

Мұражай жұмысы экономиканың теориялық аспектілері

Мұражай қызметі аумағындағы экономикалық қарым-қатынастар

Мұражай қызметіндегі шаруашылық механиканың ерекшелігі.



1

Тестілік саулна-малар

№3

34-38 бет



13 апта


18

Тақ. Әзірет сұлтан қорық мұражайы.

Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Мұражайлардың қалыпқа келтіру жұмыстары.Мемлекеттік бағдармала қорықты сақтау жұмыстары


1

Реферат

№3

33-38 бет



14 апта

19

Тақ.Өлкетану жұмыстарында мұражайды қызметі.

Ш.Уалихановтың өлкетанушылық жұмыстары.

С. Бабажановтың Қазақстандағы өлкетанушылық жұмыстары.

А.Н.Седелиниковтардың өлкетанушылық қызметтері.



1

Коллоквиум

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет



14 апта


20

Т.Мұражай ғимараттарың құру тарихы мен дамуы.

Мұражай ғимаратын тарихы.

Білім беру мекемесі.

Мұражайлардың мағлұматтарын баспасы.

Мұражайдың практикалық баспасы.





Реферат

№3

33-38 бет



15апта




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет