«Мұражайтану» пәні бойынша



бет3/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#19965
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Вопросы музейной работы М. 1974г.

  2. Вопросы музейного дела в СССР. Сб.ст. Н.И.И. музиведение М. 1962г.

  3. Кириченко Б.И. Исторический музей М.1984г.

  4. Кондратьев В.В. Свойства музейного предмета и пути его искользования и Н.И.И. Культура М. 1985г.

Лекцияның мәтіні:
Мұражай деректемесі зерттеу обьекті мұражай затты, бұл жұмысында теориямен методикамен осы заттарды зерттегенде ұштасады. Мұражай деректемесінде мұражай заттын тарихына және тарихнамасына сүйенеді. Мақсатымен обьекті және зерттеу әдістерінде мұражай деректемесі жалпы деректеме ғылымдарынан айырмашылығы бар. Мұражай жинақтарының деректеме түрінде зерттегенде, бұның міндетіне кіретіні мұражай заттыңтарихи мәдени байлығын ретінде көрсете білу. Бірнеше зерттеулер заттай және көркем сурет типті деректемелері. Бұл жұмыстарды археологиямен және этнография материалдарымен ұштастыруымызға болады. Кейбір сұрақтар да мұражай деректемесі профилді деректемелерге өзара сіңісіп кеттеді. Себебі зерттеу обьектілердің бірыңғайлығы, әдістерінің ұқсастығы.

Тарихи мұражай деректемесі және тарихи пәндердің деректемесі өзара тығыз байланысты. Айырмашылығы екеуінің мұражай деректемесі зерттеулері, бағыты біріншіден заттай және көркем сурет деректеме түрлерінде шоғырланған. Іс жүзінде қолданбалы мұражайтану өзінің өмір сүруін мұражай ісінің іс-тәжірибесімен бірге бастайды. Іс-жүзінде қолданбалы мұражайтану 3 бөлімнен кіреді. 1) ғылыми методика. 2)техника. 3)ұйымдастыру және басқару. Ғылыми методика іс жүзінде қолданбалы мұражайтанудың негізгі іргесі. Методика мұражайдың барлық іс-әрекетін қамтиды. Методика зерттеуі арнайы және жалпы бөліуі жұмысты жүргізеді. Жалпы методика экскурсия жұмысын принцептерін мұражай затын сақтауын т.б. жатады. Арнайы методика сияқты бір профилді және типті мұражайды зертеунде жұмыс жүргізеді. Оның базасы болып мұражайтанумен профилді пәнге жатады. Методика мұражайтанудың құрамдас бөігі мұражай қызметінің әрқилы саласына қолданылатын нақты әдістерімен тәсілдерін өңдейді. Методика барлық мұражайларды ол мұражай қызметінің кейбір мәселелеріне жеке болуы мүмкін. Мысалы, мұражай экспозициясын құрудың жалпы әдісі тарихи мұра жағдайларында экспазиция әдістері. Егерде методиканың көп жағдайда мұражай теориясымен профилді пәндер дамуына қарайтын болса. Мұражай техникасы методикамен ғана байланысы бар. Көп уақыт бойы мұражай техникасы методикамен ғана емес концервативті тұрғындар тұрды. XVIII-XIX ғ.ғ. өндірістік революция бұған әсер болған жоқ. Бұл орайда ғылыми методиканың орта қалғандығы және жалпы мұражайтану деңгейінің төмендігінің техникаға зерттеулерін мұражай ғимараттарының проектілері мұражай.



Лекция№7

Т. Мұражай ғылыми мекеме реттінде қалыптасуы

Қарастырылатын мәселелер:

1. Мұражай әдістері


  1. Өлкетану мұражайының ерекшілігі

3. Қоғамдағы мұражайдың орны

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М.



Лекцияның мәтіні:
Ғылыми пәнін негізгі болып саналатын әдіс, бұл орайда оқулық ретінде, тәсіл системасы, дүние жүзілік зертеу процесінде қолданылатын . Әрбір ғылыми пән зерттейтін пән заты мен объектісімен шыға келіп, өзінің әдісін құрастырады. Қазіргі таңда әр түрлі ғылымдардың әдісі тез сіңісуі, олардың бір – бірінен айыру қиындыққа әкеп соқты. Бірақта кейбір тұжырымдар сүйенетін болсақ, қандай ғылым болмасын қайталанбас әдіс әлі жоқ. Әдістердің сіңісуі барлық тосқауылдарды ғылымдар арасында шайып жібергенін оның табиғат пен қоғам туралы ғылымда көруге болады. Мысалы ретінде археологияны ашыумызға болады, оның жүргізіп жатқан әдісі тарих пен деректемелерден бөлек. Физика, химия, ботаникада әдісі қолданылды. Бұл әдістер археологиялық материалдардың жасалу сатысын радио активті углерод, дейдрохронологикалық әдіс, реитгенография, спектрап, химикалық талдау қолдану. Қандай ғылыми пәнін әдісін көретін болсақ олардың жеке қарауға болмайды. Себебі әрбір ғылыми пәнін әдісі мен тәсілі осы пәндердің системасында қолданылады. Сондықтан егерде біздер әдісті қарастыратын болсақ онда біз сол пәнін системасын қараумыз болады. Әдебиетте енді ғана мұражайтанудың әдісін құрастыруда. Сондықтан табиғи болады бұл мәселеде көзқарастары бөлінуі. Егерде бір мұражайтанушылар енді ғана мұражайтану пән ретінде өзінің әдісін құрастыруда болса, ал біреулері бұл ойды дұрысқа шығармай олардың ойынша пәнін өзінің әдісі жоқтығынмұражайтану тек басқа профильды пәндерден әдістерін қолданады деп тұжырымдайды. Мұражайтану көптеген зерттеу әдіспен жұмыс жүргізеді, олардың кейбіреулері және көбісі басқа ғылымдармен ұқсас келеді. Бұнын ұқсасатығын түсіндіруге болады себебі мұражайтану көп қоғамдық және табиғи пәндермен ұштасады. Тарихи мұражайтанушылар тарихи ғылымның әдісін оның ішіндегі арнайы және қосымша пәндер – археология, этнография, палеография, археография, нумизмаликалық, сфрагистік т.б. және суреттанушылық әдісі. Мұражайтану әдісін бірнеше мінездеме беруге болады.

  1. Әртүрлі әдістерді қоғамдық және табиғи ғылымдардың мұражай затын зерттеу процесі кезінде қолдану, мұражай коммуникациясы жүргізгенде. Кең ауқымда арнайы және қосымша тарихи пәндер әдістерін қолдануы. Экспозиция құрғанда көрмелер, мұражайға келушілерді әр түрлі формаларда оның ішінде білім беру – тәрбиелік іс - әрекеті қолданылатын әдістер педагогикалық және психологиялық табиғи ғылымның әдісін қолдануын реставрация және консервация мұражайдың затын реитгенография, спекирография т.б. жұмыстар жүргізеді.

  2. Дала зерттеу әдістерін қолдану, бірнеше жерлер де жүргізіледі анығырақ айтсақ табиғи және қоғамдық ғылымда.

  3. Қоғам өмірін зерттеу жүргізгенде әдістерді қолдану.

  4. Экспозиция аумағында зерттеу жүргізу оның әсерін, консервация жұмысын, реставрациялау мұражай затын экспериментальды әдістер жүргізеді.


Лекция№8

Т. ҚР орталық мұражайы.

Қарастырылатын мәселелер:

1. ҚР орталық мұражайы


  1. Өлкетану мұражайы

  2. Ұлттық мұражай


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М.



Лекцияның мәтіні:
1978 жылы құрылған ғылыми зерттеу және ағарту мекемесі. Музей қаланы салу және реконструкциялау тарихын, ескерткіштерін, табиғат қорғау мен ауа қабаттарын тазартуды насихаттау мақсатын көздейді. Қорында қала құрылысы мен архитектурасы жөніндегі материалдардан басқа тарихи деректер. Азамат соғысы мен Ұлы отан соғысына қатысушылардың естеліктері, көптеген суреттер,тұрмыс пен еңбек құралдары, Қазақстан астанасының тарихын, баяндайтын түрлі экспанаттар бар.

1973 жылы 30 тамызда құрылған. Экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамның аса көне заменнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Музейдің 4 бөлімінде тарихи хронологиялық кезеңдерге сәйкес жүйеленген.

1 бөлім, тас дәуірінің ескерткіштеріне төменгі және жоғары полеоалитке арналған. Ш.Уалихановтың Қаратаудағы тұрағынан, Ақтөбе облысынан ашылған көне заман зираттарынан табылған материалдар қойылған. Сүйектен ойып, тастан қашалып табылған. Қола дәуірі (Андронов мәдениеті) бөлімінде меатериалдар Нұра (б.з.д. 16-15ғ.ғ.) және Атасу (б.з.д. 14-10ғ.ғ.) кезеңдеріне бөлініп қойылған. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерге арналған, жеке бөлім бар.

2 бөлім, қыштан өрнектеліп жасалған әртүрлі заттар, садақ жебесі мен найзаның қоладан соғылған ұшы, балта қола мен алтыннан жасалған әртүрлі зергерлік заттар қойылған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған құмыра, балта орақ, әшекей бұйымдары бұл жерде болған мәдениеттің ерекше белгілерін көрсетеді. Қола дәуірінің мәдени тұрақтарын көрсетуге арналған арнаулы бөлімше бар. Бірнеше жер кепеден тұратын бұл қоныстардың жоспарлары. Тастан, сүйектен, қыштан жасалған құралдар көрсетілген.

3 бөлім, б.з.б. 8 ғасылдан б.з. 5 ғасырына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл ертедегі темір дәуірі. Ф.Энгельс оны “темір семсер, сонымен қатар темір соқа мен балта” кезеңі деп бейнелеп атаған (Ф.Энгельс семьяның жекеменшіктің және мемлекеттің.

4 бөлім, орта ғасыр ескерткіштер қойылған. Мұнда Тараз, Алматы, Талғар, Жақсылық, Көктума, Ақтөбе, Баба-ата қалаларынан табылған құмыра шыны заттар, қолданбалы өнер бұйымдары бар. Көне Отырар ескерткіштерінің материалдары қойылған. Еліміздегі аса ірі экспедицияларының бірі-Оңтүстік Қазақстан комплексті археология экспедициясы 1970 жылдан бері онда қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір топ фотосуреттер мен макеттер орта ғасырлық Қазақстанның архиектурасы мен құрылыс өнерінің қалай дамығанын баяндайды. Қазақтардың 19-20 ғасырлардағы қолданбалы өнерінің заттары: сырғалар, білезіктер, сақиналар, белбеу өрнектері, ертоқым әшекейлері қойылған. Бұлар қола дәуіріндегі тайпалардың орта ғасырлық Қазақстан жерін мекендеген сақ, үйсін, түркі халықтарының материалдық мәдениеттінің дәстүрлі сабақтастығын көрсетеді. Ежелгі Алматы мекені мен оның төңірегінен табылған қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, әшекей т.б. заттар бұл өңірді көне заманнан-ақ адам мекендегенін көрсетеді.

Қазақ СССР мемлекеттік өнер музейі 1976 жылы ашылды. Қазақтың көркем сурет галлериясы мен қолөнер музейі негізінде құрылды. Музейде бейнелеу өнері мен сән және қосылқы өнер салаларының 170000-ға жуық туындылары жинақталған. 14 залында бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларынан, революцияға дейінгі орыс совет, шетел өнерінен үлкен мағлұмат беретін 1500 шығарма бар, Қазақстан өнер бөлімі полеолит дәуірінен қазіргі кезге дейін ұлттық өнердің түрлері туып қалыптасуын сипаттайды. Қазақ СССР бейнелеу өнері залында Совет өкіметі жылдарындағы өнердің өсіп өркендеу жолы Ә.Қастеев, А.Г.Ғалымбаев, Қ.Т.Телжанов, С.Ә.Мәмбеев, Л.П.Леонтьев, Н.Нұрмағанбедов, еңбектері арқылы көрініс береді. Ағаш сүйек тері ұқсату және тоқымашалық секілді қазақ халқының дәстүрлі өер түрлері музей экспозициясының бірден-бір мақтанышы саналады. Орыс өнері бөлімінде көптеген адамдар жұмыс істейді.

Сақ мәдениеті “Алтын адам” 1963 жылы Алматы қаласындағы Есік обасынан табылды. Бұны тауып, зерттеген, археолог ғалым Кемал Акишов.

Есік обасының аумағы 2,9,1,05 метр. Ал биіктігі 1,05 метр. Алтынның салмағы 4,5км бешпенті,қылышы, қанжары, белдігі, етігінің қонышы, бас киімі- алтын болған.

Лекция№9

Т. Дүниежүзілік мұражайлары.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Лувр мұражайы.


  1. Кунс-камера

  2. Эрмитаж

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М.


Лекцияның мәтіні:
Санк-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитаж – дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Оның тарихы 1754 ж ірге тасы қаланған. Қысқы Сарайдан басталады. Бас архитекторы В.В.рострелли (1700-1771) бастаған құрылысшылар оны не бары 8 жыл ішінде салып бітеді. Бұл аса көркем әрі күрделі құрылыс ұзақ жылдар бойы орыс патшаларының қысқы мекен-жайы болып келді. Эрмитажда жиналған есебі жоқ көркем де сирек кездесетін сан алуан ескерткіштерді көруге мүмкіндік жоқ еді. Осы музейді салу кезінде Россияның көптеген губернияларынан күшпен айдап әкелінген басыбайлы шаруалар пен титығына жеткен ауыр қызметтегі мыңдаған солдаттар, қолы алтын шебердің ащы тері аяусыз төгілді, солардың ауырда ерлік куәсі.

Қысқы Сарай XVIII ғасырдың ортасында үстем болған барокко стилімен салынды. (1837 ж) өрттен кейін архитекторлар В.П.Стасов (1769-1848) пен А.П.брюысеов (1798-1877) Қысқы Сарайдың сыртқы және ішкі құрылысына көптеген өзгерістер енгізеді. Кейініректе музей құрамына Кіші Эпмитаж (архитекторы Ж.Б.Вамин-Деламат), ескі Эрмитаж және Жаңа Эрмитаж деп аталатын үлкен құрылыс қоса кіреді.

Қысқы Сарайдың аумағы туралы түсінік алу үшін бірер санды атау орынды. Үйдің ұзындығы 200 м ені 160 м, биіктігі 22 м, сарайда 1057 бөлме бар. Оларды түгел аралап шығу үшін бір-біріне қосылған бөлмелер мен кемінде 22 км жол жүру керек.

Қысқы Сарайдағы музей қоры XVIII ғ басынан жинала бастады. Оған арнап жеке бөлмелер бөлінді. Ол «Эрмитаж», «Оңаша бұрыш», «Демалыс орын» деп аталады. Онда жинақталған көркем шығармалар патша семьяларының өз меншігі болып есептеледі. Оларды ерекше рұқсатпен санаулы ғана «таңдаулы азаматтар» тамашалады, өнер туындылары қойылған залдарда сарай мекемелері пен әр түрлі салтанатты кештер өткізілетінді.

Тек 1852 ж Жаңа Эрмитаж залдарында қалың бұқара өкілдері көруге болатын музей ашылды. Алайда, көпшілікке арналған билеттер аз еді.

Тек Ұлы Октябрь революциясының жеңісінен кейін жаңа Қысқы Сарай қорындағы мыңдаған тамаша өнер мәдениет туындылары шын мәнінде халық меншігіне айналады.

Қазір эрмитаж коллекциясында 2 млн 500 000 астам көркем шығарма бар. Музейде 7 бөлім бар, сонымен қатар әр түрлі тақырыптарға арналған 38 көркем жұмыс істейді.

Алғашқы қоғам мәдениетіне арналған бөлім 1934 ж ұйымдастырылды. Бұл бөлімде 413 000 ескерткіш жинақталған. Өте сирек кездесетін қымбат бұйымдар Отанымыздың сонау көне замандағы өмірі біздің елдің әдет-ғұрпы, салт-санасы туралы түсінік береді. Көрменің кейбір экспонаттары бұдан 5 жыл бұрын жасалған, бұлар ежелгі ғасырының тарихын баяндайтын еңбек құралдары, аңшылық, балық аулау, жер шаруашылығына байланысты бұйымдар, тас бетінде, үңгірлерде сақталған таңбалардан суреттерден тұрады.

Эрмитаж скифтер коллекциясы да барлық әлемге әйгілі. Солок, Чертомның қорғандарында табылған бұйымдардың орасан зор тарихи және көркемдік маңызы бар. V-ғасырдағы скифтер тайпасын бейнелейтін алтын тарақ сирек кездесетін туындылар қоймасында. Таулы Алтайдағы пазыры қорғанынан 1927-1949 ж табылған ұзындығы 30 м киіз кілемнің, шатыр мен күймелі арба, ағаштан былғарыдан жасалған көркем бұйымдар ертеректегі көшпелі халықтардың тұрмыс-салтын айқын суреттейді.

Эрмитажда 1941 ж ашылған 48-ші залда орыс мәдениетінің тарихы жан-жақты баяндайтын көптеген ескерткіштер бар.

VII-XV ғ арасында қамтитын экспонаттар Киев, Чернигов, Новгород, Псков, Владимир сияқты орыс халқының ауыл шаруашылығымен қолөнерді мәдениеті мен өнері дамыған жерлерден мағлұмат береді.

Эрмитаж мақтаныштарының бірі Батыс Европа елдері мәдениетіне арналған ескерткіштер көптеген деректер антикалық дәуірдегі Рим мен Грецияның өнерімен таныстырады.

109 залдың төрінде «Венера Таврическая» статуясы бірден көзге түседі. Ол эллиндер дәуірінде парктерге қоюға арналған мүсін. 1718 ж Римде қазба жұмыстар кезінде табылған бұл шығарманы орыс патшасының өкілі Ноногривов көп ақшаға сатып алып бірінші Петрге тарту еткен. Ұзақ саяхаттан соң 1729 ж астанаға жеткізілген. Венера мүсіні әуелі Жазғы бақта, ашық аспан астында болып, одан соң князь Потемкиннің сарайына қойылады. Бұл россияға келіп-кеткен тұңғыш антикалық статуя еді.

114-ші залда Грециядағы классикалық дәуір шеберлері Скопос, Пракситель, Лиссип аттарымен байланысты мүсіндер бар. («Философ Сократтың портреті», «Садақ тартқан», «Арыстанмен айқасқан Геракл» т.б.).

афина Компана статуясы базальттан жасалған найза лақтырушы («Дорифор») аса көркем ежелгі грек вазалары солардың арасында ең атақтысы – Евфраний жасаған, «Қарлығаштың оралуы» атты трика, Болгар патшалығындағы Фанагория ыдыс-аяқтары, күйген балшықтан құйылған терракота статуялары, қымбат тастардың бетіне ойылып салынған камыялар, әсіресе көзге түсетіні «Топзаға комедиясы» - бұндай үлкенді-кішілі туындылар антикалық заман өнер үлгілері туралы түсінігімізді байыта түседі.

Италия, Испания, Австрия, Англия, Голландия, Германия, Франция сияқты Батыс Европа елдерінің көркем өнеріне арналған шығармалар 120 залды қамтиды. Біз атап өткен Леонардо до Винчи, Рафаэль, Тициан, Джорджан Рубенс, Рейбрандт, Миекланджелоның бүкіл әлемге әйгілі шығармалары, сонымен қатар Силлионе Мартини, Франческо Мельций, Лоренцо Коста, Перуджино, Кораводжо, Пауом Веронезе қылқаламына шыққан реалистік туындылар ерекше көз тартады.

XVI- XVII ғ. италия өнер қайраткерлерінен Эль Греко (1545-1614ж) және Велоснес (1599-1660ж) өнер тарихында ең алдымен аталады. «Апостолдар Петр мен Павел» - Эль Греконың шеберлігі шыңдалған кезде суретінің Тициан шеберхансында алған әсерлерінен туған шығармасында алған әсерінен туған шығарма. Өмір жолы қиында азапты жандар бар. Баршамызға ортақ басты қасиет-қайырымдылық, жомарттық сонымен қатар қиындықтар мен берік, мықты жандар ғана алдына қойған асқақ та биік мақсатына жете алады. Міне тамаша туындының идеясы осындай.

Диего де Сильва Вилоскес тек Испания ғана емес бүкіл Батыс Европа өнер таризында реализмның дамуына әсерін тигізген аса көрнекті суретші. «Таңертеңгі ас» деген шағын шығармада үш қана кейіпкер бар. Қаба сақалды, кең маңдайлы, күс басқан қолдарынан еңбек адамы екені байқалады. Шаруа, әлденеге езу тартып ойлана қалған ашаң жүзді жас жігіт 2 азаматтың ортасында тұр. Ертеңгі асты асыға күтіп, осыған мәз-мейрам болған баланың қуанышы қойнына симайды. Дастархан үстінде аз ғана астан басқа көз тарта қоятындай артық зат жоқ. Кейіпкерлердің үстіндегі киім өте жұпыны, тым қарапайым. Ертеңгі асты асыға күтіп ішіп, әрқайсысы өз жұмыстарына асыққандай кейіпте. Қарапайым халық өкілдерін, еңбек адамдарын дәл Сильва Веласкестей кейбір суреттеу, кескіндеме тарихында жиі кездесе бермейді.

Веласкес өмір сүрген заман 30 жылдық соғыс аяқталып, Испанияда феодалдық-капиталстік реакция орнаған дәуір. Жігерсіз, жылпос, кім көрінгеннің «қолшоқпары» болған король ІV Филлиптің бірінші кеңесшісі және ақылшысы граф Оливерес. Жаратылысында қатал дегенімен қайтпайтын бір беткей граф, іс-жүзінде мемлекетті билеп талай ақыл-ой иелерін, қоғам қайраткерлерін қуғынға ұшыратты.

Веласкес 1638 ж бітірген Оливерес портреті суретші дарынының тағы да бір қырын көрсетті. Ақ жағалы қара костюм киген, құс мұрынды, кең жауырынды графтың жүзі адам жасқанатындай сұсты, көз қарасында, отты жалын ұшқындайды, етті иегімен тікірейген қою қара мұртының өзі қулықпен айлакерліктің айғағындай.

Фландрия суретшілері Антониспен Дейк, Яков Иорданс, Франс Снейдерс, Паул де Вас шығармалары мен Рубенс, Рейтрандт қалдырған мұралар Эрмитаж залдарында сақтаулы, халық игілігі үшін, оның рухани байлығы үшін осындай мол мұраларды жинаған Эрмитаж бұл күндерде күллі адамзат баласы айрықша ықлас аударып отырған өнер ордасына айналды.

Лекция№10

Т. Мәдени мұра саласындары проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

Қарастырылатын мәселелер



1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

2. Ұлттың тарихтың маңызды тарихи-мәдени,



археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңгырту

3 Қазақ халқының мәдени мұрасын эерделеудің тұтастай жүйесін құру

4. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Сапаргалиев Г.С., Дьяков В.А. Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане.А., 1971г.

2.Кимасов А. Деятельность статистических комитетов и их роль в изучении края. “1877-1917” .Рукопись дис.канд. Усть-Каменогорск,1978.

3.Ивлев Н.П.Находки краеведа.А.,1977г.

4.Лунин Б.В.Из опыта историко-краведческой работы в Средней Азии и Казахстане. “20-30-е годы” .- Истории СССР.,1968,№5.

5.Тәтімов М.Қазақ Әлемі.А., 1993г.

6.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.А., 1994г

Лекцияның мәтіні:
    Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасыр-лық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негіэінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-ңорықтардың құрылуымен сипатталады.

    Қазақстанда қазіргі уаңытта тарих, археологая, сәулет жэне мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мьщнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.

    Тарихи және этнографияльщ бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.

    Казақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші - Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мура тізіміне енгізілді.

    Астана қаласының мәдени инфрақүрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театры, мұражайды, кітапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Үлттық кітапхананың қурылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрылысы жүргіэілуде.   

     «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Казақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.

    Сонымен қатар, мәдени мүраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді.

    Қазақстанның ұлттың тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи,

археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында - Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Кызылорда облысьшдагы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындагы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет ескерткіштері, «Әзірет Сұлтан», «Жидебай-Бөрілі» қорық-мүражайларының тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және «Ордабасы» қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.

    Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және техно-кратизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.

    Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармаларындағы дәстурлі мифологемалар мен бейнелердің өэгеруі жүйесі мен әдістерін дамыту жеткіліксіэ.

    Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қаэаң тілді оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік жэне басқа салалардағы әлемдік ғылыми ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.

    Осымен байланысты өскелең үрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазак; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.

    Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мүраның, қүжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында саңталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыкант-тардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.

    Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Казақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.  

    Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыэ ету.

    Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;

- мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттың мәдениетті, ауыз эдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасау;

- ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, көркем және ғылыми толық дестелерді шығару;

- әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау.     Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге іске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен өркендетудін. негіэгі бағыттары:

- оларды зерделеудің түтастай жүйесін жасау, ежелгі және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қоррандарға археологиялық эерттеулер жүргізу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесіне енгізу;

- Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, түмшалау мен пайдалану; - ғылыми білім-білікті кеңінен насихаттау, тарих ғылымының теориялық пробле-маларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару;

 - Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмысты жүзеге асыру;

- облыстық мемлекеттік инспекциялардың, қалпына келтіру ұйымдарының қызметіне бірыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндетіне кіретін тарихи-мәдени мүраны қорғау мен белсенді пайдалану жөнінде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселені шешу;

- мемлекеттің мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектісі ретінде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгілерін, әлемдік ғылыми ой-сананың жетістіктерін дайындау және басып шығаруды жүзеге асыру арқылы көзделеді. Бағдарламаның іске асырудың осындай негізгі бағыттарына сәйкес.

Ұлттың тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңгырту

    Ұлттық тарих ескерткіштерін қайта жаңгырту үлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар мынадай ескерткіштерді: Абат-Байтақ, Айша-Бибі кесенелеріне, Қараман-Ата, Шопан-Ата сағаналарына, Аңыртас және Баба-Ата сарай кешендеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін ұйымдастыру, оларды қалпына келтіру, тұмшалау және абаттандыру, сондай-ақ тарихи және этномәдени ортаны өркендету мен дамыту, Крйлық, Есік, Сарайшың, Берел және басқа да ежелгі, орта ғасырдағы кенттерге, қорғандар мен қоныстарға археологиялық зерттеулерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

    Қаэақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштері жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмыс жүзеге асырылады.

    Республика мұражайларының қорында саңталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштері түрақты түрде қалпына келтіру жүмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны негізге ала отырып, ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мүражай қорларын қалпына келтіру мен түзу жөнінде орталықты қүру мүмкіндігін қарау қажет. 

 3 Қазақ халқының мәдени мұрасын эерделеудің тұтастай жүйесін құру

     Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мүрағат қүжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдас-тырылады.

    Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соньщ ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.

    Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдары-ның, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.

    Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың «Кодекс Куманикустың», «Қорқыт Ата кітабының» (Дреэден мен Ватикан қалаларында саңтаулы), «Оғыз-наменің» (Парижде сақтаулы), «Бабыр-наменің», «Махаббат-наменің» (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың «Құтадғу білігінің» (Каирда сақтаулы) көшірмелерін табуды, сатып алуды немесе дайындауды жалғастыру қажет.

    Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлггық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.

    Ақпараттық технологиялардың қарңынды дамуы мен Электрондық құжат айналымы-ның бірыңғай жүйесін енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдаланылуы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс.

    Қазіргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерінің аумағындағы ежелгі түркі сына жазу ескерткіштерін табу мен олардың көшірмелерін жасау жұмысы жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны - мүсінтас тұрғызылатын болады. Мәдени және аралас мұра объектілерін күзету аумақтарының шекарасы, өңірлері белгіленіп, Дүниежүзілік мұраның күнілгері тізіміне енген объектілердің деректер базасы жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін басқару мен сақтау жөніндегі менеджмент жоспар жасалады.

    Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылдарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оңырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толықңанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару ңажет.    «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» - қаэақтың халық ауыз әдебиетін біріктіретін «Бабалар сөзі» кітабының дестесінде беріледі, ол жүздеген жылдар бойына ңалыптасып, қазаңтардың халық ауыз әдебиетінің бай мұрасын бейнелейтін ертегілерден, аңыздардан, эпостық шығармалар мен тарихи дастандардан тұрады.

    Тағы бір орасан зор құндылық «Қазақ әдебиетінің тарихы», ол бірнеше ғасырлар бойына Қазақстанда қалыптасқан, көркем әдеби ойдың шығу тарихы туралы әңгімелейді, Қазақстанның жазушылары мен ақындары шығармашылығының негізгі үрдістері мен ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

    «Көркем әдебиет» - осы бағытта әлемдік классиканың жетістіктері орын алған. «Әлемдік әдебиет кітапханасы» дестесі Еуропа, Америка, Австралия, Африка, сондай-ақ Азия елдерінің алдыңғы қатардары әдеби шығармашылығын қамтиды.

    «Философия» - қазақ халқының бай философиялық мұрасынан мағлұмат беретін шығармалардың таңдаулы үлгілерін тұтас біріктіруге жасалган алғашқы қадам, ол «Қазақ халқының ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі философиялық мұрасы» дестесін шығару болады. Ұлы Даланың көрнекті ұлдарының - Қорқыт Атадан басталып Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымында жалғасын тапқан философиялың көзқарастар, шындығында, әлемдік ізгі рухани мәдениеттің маржандары болып саналады. «Әлемдік философиялық мұра» дестесі Батыс пен Шығыстың ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі көрнекті ойшылдарының философия тарихы туралы іргелі еңбектерін, неғұрлым белгілі шығармаларын қамтиды, олардың алдында философиялық мектептер мен бағыттардың қысқаша сипаттамалары, авторлардың өмірбаяны берілген.

     «Тарих ғылымы» - «Қазақстанның тарихы бойынша жазба деректер» жобасы Қазақстанның ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі тарихы бойынша жазба деректердің мемлекеттік тілдегі бірнеше дестелерін басып шығаруға дайындықты көздейді, олардың ішінде Геродоттың, Птолемейдің еңбектері, сондай-ақ аса маңызды араб, парсы, түркі тілді, қытай, моңғол, орыс және батыс жазба деректері қамтылган.

    «Әлемдік тарихи ой-сана» дестесіне әлемнің көрнекті ойшылдары мен ғалымдарының адамзат өркениеттерінің, мәдениетінің, ел-дер мен халықтардың даму проблемаларына арналған трактаттары кіреді.

     «Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері» дестесі - «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» кітаптарында Қазақстанның археологиясы мен тарихының жылжымайтын ескерткіштерінің тарихи және көркемдік қүндылығы, сондай-ақ халыңтың тарихы мен ңолөнері иллюстрациялармен ңысқаша баяндала отырып, мол мәліметтер береді. Қазақ халқының тарихи мұрасын зерделеудің түтастай жуйесін жасауга ықпал ететін альбомдар дестесі де қызығушылық туғызады. Олардьщ арасында «Қазақстанның археологиясы», «Қазақстанның петроглифтері» бар.

    «Мәдениеттану» - «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы» жобасына мәдениеттанудың «мәдениет» және «өркениет», «мәдени құндылықтар» және «мәдени құбылыстар», «мәдениет субъектісі» және «мәдени мұра», «мәдениеттегі дәстүрлер мен жаңалықтар», «мәдениеттің типтері» және басқалары секілді негізгі ұғымдарына арналған өткеннің ойшылдарының көптеген трактаттарының аудармалары мен қазіргі ғалымдардың монографиялары енген.

     «Этнография және антропология» - «Қазақтың халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» иллюстрациялы кітап-альбомдары дестелерінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сипатталып, қазақтардың мәдени құндылықтары мен қолөнері туралы мәліметтер беріледі.

    «Заң ғылымы» - «Қазақтар құқығының ежелгі дүниесі» кітаптарының дестесінде белгілі билердің қазақ халқының бірлігін және оның аумағының тұтастығын сақтауға, қоғамды имандылық тұрғысынан сауықтыруға үндеген шешендік сөздері, нақылдары мен ңарасөздері жинақталған, оларда адамды сүюдің, татулық пен әділдік ңағидалары, сондай-ақ қаэақтар құқығының ережелерінің жазбала-ры мен жинақтары берілген.

     «Әлеуметтану» - бұл бағыт «Әлемдік әлеуметтану ой-санасы» дестесінде беріліп, ол қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен оның әлеуметтенуі, әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен әлеуметтік үдерістердің мәні мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулерге, сондай-ақ әлеуметтану ілімінің қазіргі таңдағы теориялары мен мектептеріне арналған.

    «Саясаттану» - «Әлемдік саясаттану ой-санасы» дестесінде Ежелгі дүниенің, Орта ғасырдың, Жаңа және Жаңаша уақыттың негізгі саяси және құқықтық доктриналары туралы мағлұмат беретін, сондай-ақ саяси-қүқықтық идеологаяның даму сатыларын оның дүниетанымдық негіздерімен және теориялық мазмүнымен бірлікте бейнелейтін түрлі дәуірлердегі дүние ойшылдарының мәтіндері жинаңталған.

    «Психология» - «Әлемдік психологиялың ой-сана» дестесі әлемдік психологиялық ой-сананың жүздеген жылдар бойындағы шығу тарихын бейнелеп, ғылыми психологаялық ой-сананың не-ғүрлым танымал өкілдерінің еңбектерін қамтиды.

    «Экоиомика ғылымы» - «Экономика классикасы» кітаптарының дестесі ғалымдар мен ойшылдардың экономика жөніндегі теориялық мұрасына арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылың жүргізу нысандары мен экономикалық идеялардың диалектикалық бірлігін бейнелейтін әдіснамалық тәсілге негізделген. Осы дестенің әрбір томы классикалық, кейнстік, институционалдық, монетарлық және басқа да жетекші экономикалық мектептердің негізгі қағидалары мен есімдері туралы мағлұмат беретін ақпараттық материалдар мен мәтіндерді қамтитын болады.

     «Тіл білімі» - осы багыттың дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде неғұрлым толық мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түрлі түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер берілген.   

     «Мұрағат және кітапхана ісі» - «Қазақ элитасының жазған хаттары мұрасы» жинагына Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында және Ресей Федерация-сының мұрағат корында табылған қазақ қогамындағы ел басқарушылардың - ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның көрнекті қайраткерлерінің хаттарының ауқымды кешені енеді.   «Энциклопедиялар» - осы барыттың дестелері ңазақ мәдениетінің тарихы, ерекше әдеби жанрлар мен өнердің бағыттары туралы мағлұмат беретін әдебиет, мәдениет және өнер жөніндегі энциклопедиялар мен энциклопедиялың анықтамалықтардың алуан түрлі ауқымын қамтиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Қазаңстан Республикасы» энциклопедиясы жан-жақты сипаттамаларды, статистикалық материалдарды, бай иллюстрацияларды, фотосуреттерді, схемалар мен диаграммаларды қамтиды.

    «Бейнелеу өнері» - Қазақстан бейнелеу өнерінің бағалы үлгілері осы бағыттың фото- және бейнелеу альбомдарында көрініс табады. «Қазаңстан суретшілері» атты жеке дестеде Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, С.Калмыков және басқалар секілді қазіргі заманның талантты шеберлерінің шығармашылығьша арналған бейнелеу альбомдары шығарылады.

    Бағдарламаны қаржыландыру респубдикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы көлемі - 1933,6 млн. теңге, оньщ ішінде 2004 жылы - 641,65 млн.; 2005 жылы - 631,7 млн.; 2006 жылы - 660,2 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2005-2006 жылдарга арналған көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады.

    Ұлттық әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің, әдебиеттің шығарылуы кейінгі жылдарда аяқталатьш кең көлемді дестелі басылымдарын қаржыландыру мәселелері белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

 4. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

    Бағдарламаны іске асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.

    Нәтижесінде:

-  тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады;

- 32 ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізіледі;

- мәдени инфрақұрылым кеңейтіледі, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жанданады;

- мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске асырылады;

- Ұлттық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты жананда қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған, мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау және қалпына келтіру жөніндегі орталық, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшін айрыңша мәні бар мұражай қорын қалыптастыру мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылады;

- 16 бағыт бойынша түрлі кітаптар дестелері шығарылады;

- Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсін-тас түрғызылады;

- деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнілгері тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленеді;

- елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіріледі.

Лекция№11

Т. Мұражай қоры

Қарастырылатын мәселелер:



  1. Мұражай қорың ғылыми ұйымдастыру және оның ұғымы.

  2. Қор құрлымы

  3. Қорды ғылыми каталогтау

  4. Мұражай затын сақтау

  5. Консервация және рестоврация

  6. Құжат сақтауын есептеу,жабдықтау және зерттеу

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М.



Лекцияның мәтіні:
Мақсат: бұл тақырыптың мұражай қорының жұмысын ашып көрсету. Жұмыс мұражай жұмысымен қызығушылық танытқан келушілерге қор экспонатын алғашқы деректеме ретінде қарастыру деп есептеу. Бұл мақсатты шешуге мынындай міндеттер қойылады. Мұражайда қор жұмысының процесін көрсету және оқу жоспарындағы сұрақтарға лекция материалдары арқылы шешуін табу.

1) ҚР мұражай қоры. Елдің барлық мұражайларында сақтаулы мемлкетке жататын мұражай заттарының жиынтығы және де мекемелерге ұйымдарға жататын мұражайлық маңызы бар заттар. Бүкіл халық игілігіне жататын және мемлекеттің есебі мен қорғауында болады.

Мұражай затты тарихи және мәдени ескерткіш ретінде қарастырылады. Бұған қосымша басқа да ескерткіштермен бірге ҚР заңында 1992 ж. «Мәдени, тарихи мұраларды сақтау және қолдану». Ғылыми көмекші материалдар мәдени – тарихи ескерткішке жатпайды және заңмен қорғалмайды. ҚР –ның заңы бойынша «Мәдени – тарихи мұраларды сақтау және қолдану» мұражайдың іс - әрекетін жақсы жүру үшін, қордағы заттың барлығын бөліп тастау қажетті, жалпы ғылыми және жалпы мәдени ұштасатындарды және құқық жағдайы анықтау қордың ғылыми ұйымдастыру міндеттерінің бірі. Қордың ғылым ұйымдастыру басқада шешуші роль атқарады. Қордағы заттардың бір – бірімен туыстық қатысын анықтайды. Бір тарихи периодқа жату, оқиғаға, құбылысқа, деректеме түріне жатқызу. Заттардың байланысын қордың ғылыми ұйымдастыру жүргізген уақытта, құнды мәлімет (көлемі, сапасы), бір топ заттардың, бір заттың құнды бағасынан жоғары бола алады. Сол себептен заттар ғылыми принципі бойынша топтасады. Жалпы бір немесе бірнеше белгілері арқылы байланысты, тұтастай тарихи, ғылыми немесе көркемдік қызығушылық тудыратын мұражай заттарының жиынтығы (мысалы: суретшінің суреттері, шығыс қаруларының коллекциясы, т.б.) деп мұражай коллекциясы деп аталады.


Мұражай қорының жұмысын білмей біздер жабдықтауды, міндетімен методын құрастыра алмаймыз. Міндет: Мұражай затына сақталуын зерттеуін қолдануына қолайлы жағдай жасау. Қор жұмысының теориясымен методикасын құрастыру. ҚР мұражайларында мұражай жиынтығының құрылымының көрінісі, мұражай заты қорда заңдастырылса ғана енгізіледі. Қордың құрылымын құрастыру үшін біздер түсініктерді көлемді бөлуіміз қажет.

1. Мұражай қорларын сақтау.

Мұражай қорларын сақтау түсінігі.

Барлық заттар оның ішінде мұражай қорына кіретіндер де физика – механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап табиғи тозуға жататындар. Бұл ауа мен жарықтың әсер ету нәтижесінде болады. Заттар биологиялық зиянкестерден микроорганизмдерден, кемірушілерден бүлінуі мүмкін. Олар механикалық бүлінуден де зардап шегеді. осы фактордың әсер етуі тығыз түрде өзгерсе байланысты. Ауаның температурасы мен ылғалдың белгілі деңгейлері табиғи тозудың процесін жеделдетеді және баяулатады. Ауаның жоғары ылғалдылығы мен газ тозаңдары зиянды әсер етуші химиялық қосындылардың пайда болуына әкеп соғады. Заттарға тынымсыз фактордың әсер етуін азайту үшін мұражайда белгіленген сақтау тәртібі орнатылады.

Ол температура ылғалдылық тәртібі ауаны ластаудан қоғау шаралары, биологиялық механикалық бүлінулер әртүрлі төтенше жағдай мен қорларды қорғау шараларының жиынтығы. Заттарды бір жағынан сақтау тәртібіне сай органдар, екінші жағынан оларды қолға ыңғайлы жағын қарастыру керек. Бұл міндеттерді қорларды сақтау жүйесі шешеді.

Сақтаудың жүйесі мен тәрбиесіне қарай негізінде іске асыратын қор жұмыстарының бағыты мұражай қорларын сақтау деп аталады. Оның мақсаты физикалық сақтандыруының қамтамасыз етумен ондағы заттарды қолдануға жол ашу.

Мұаражай қорларын сақтау заттың мұражайдағы уақтының бәрінде де іске асырылады. Қор сақтауда әртүрлі жалжу көшуде болады.

Мұражай қорларын сақтауды ұйымдастыру ережесі жалпы мемлкеттік құжатта бар. Бұл ережелерді елдің барлық мұражайлары орындауға міндетті.

Бірақ кейбір мұражайдың бағыты мен өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан негізгі мөлшерлік құжаттарға қосымша ретінде қорларды сақтайтын өзіндік ішкі нұсқауы жасалады.

2. Қорларды сақтау тәртібі.

Мұражай заттар мен ғылыми көмекші материалдарды барынша табиғи тозуын баялату барынша мұқият беру керек.

Бұл факторлар табиғи тозуға белсенді әрекет етеді. Бұлардың күші мен сипаттамасы материалдарға байланысты. Зат неден жасалады.

Оның құрылысы сақталынуы мұражайға түсінуге шейін болады. Органикалық гороскопиялық материалдарды жасайтын заттар төмендегіше жоғары ылғалдығы қатты бүлінеді.

Төменгі ылғалдықта бұл материалдар кеуіп жарылу пайда болады.

Ал жоғары ылғалдықта тез.

Жоғары және төменгі ылғалдың әртүрлі ағаштардан жасалған заттарға, металл, эмаль заттарына аса қауіпті.

Бұл металдан атмосфералық бүлінуіне әкеп соғады. мысалы: тат басу, ауа мен темірдің қышқылына байланысты. Температура ылғалдық тәртібінің шекарасын мамандар ұдайы тексеру іздестіру үстінде. Толық дәл келетін мәліметтер әдебиеттерде әлі де жоқ.

Әзірше мынадай шамалы ұсыныстар белгілі болып отырады.

металл үшін +18º, +20 º ылғалдық 50%

әйнек, эмаль, керамика +12º, +20º, - 50% -55%

Асыл жар, асыл тастар +15º, +180º, +50%, -55%

Ағаш үшін +15 º, +18º, -55%, -60%

металдарға +15 º, +18º, -55%, -65%

былғары, пергамент, тері +16 º, +18º, -50%, -60%

Сүйек, мүйіз, қабық +14 º, +15º, -55%, -60%

Қағаз үшін +17 º, +19º, -50%, -55%

Бейнелеу өнері +12 º, +18º, -60%, -70%

Қара-ақ түсті фото +12 º, -44%, -50%

Түрлі – түсті сурет +5 º, -40%, -50%

Металды комплексті сақтандыру тәртібі мынандай 18 º +1 º, ылғал 55% ±5% белгілі температура ылғалдылығын сақтауын тиімді тәсілі арнайы кондиционерлер қондырғы орнату, сол арқылы болмыс ылғалдылығын ауа жіберілді. Кондиционерлер жоқ бөлмелерде жылыту жүйесі арқылы болмыс ылғалдылығына ауа жіберілді. температура ылғалдылығы тәртібі консервация болған күннің өзінде ұдайы бақылауда болуы керек. оны гигрометр және приборлар гигрография және термографтардың көмегімен іске асырылады. Приборлардың көрсеткіштерін тәулігіне белгілі бір уақытда арнайы журналға жазылып отырады.

ауаны ластаушылардан қорғау.

Мұражай затын ескіртіп тозуға ауадағы бөгде қосындылар сероводород, хлор, түтін, күл, тозаң. ауаның ластану дәрежесі мұражайдың қай жерге орналасқанына байланысты. Ауаның ластану дәрежесінің ауданы таңдау арқылы анықталады. Биология тәртіп. Заттар биологиялық зиянкестерден бүлінуі мүмкін. Мұражай заттарын негізінен бүлдірушілер көгеру, күш түсу, ағаш кемірушілер, бөлме шыбындары, биологиялық зиянкестерді жою реставрация комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Мұражай изолятор құрып оған бүлінген заттаң дизенсекциялық камераға кіреді.

Механикалық бүлінуден сақтау.

Жарық тәртібі мұражай заттарына жарық беруді реттілігіне байланысты жарық беру мұражай затының қандай материалдан жасалғандығңына қарай орнатылады. Жарық электромагниттер жақын , қысқа толқынды ультра күлгін сәуле, ұзын толқындар инфрақызыл. Бұлар көзге көрінбейді. Жарық затты фотохимиялық өзгеріске ұшыратуы мүмкін. жарық бүлдіру дәрежесі оның ұзақ сәуле түсуінен болады. Жарықтың өлшеу бірлігі –люкс (лк) 3 топ, жағ, тозл, шығыс керамикалар, түссіз әйнек орташа , сүйектер былғарыдан, теріден ағаш, сурет, төмен фотографиялар, акварель, қағаз.

Жарық тәртібі. сақтаудың дұрыс тәртібін қамтамасыз ету мақсатында мұражай заттарына жарық сәулесінің жеткілікті болуына реттеу. Жарыққа төзімсіз заттарды тұрақты жарық көздерінен толық немесе жартылай оқшаулау және кейбір заттар тобын сақтауға қажет жарықтың белгілі мөлшерімен қамтамасыз етуді білдіреді.

Температура – ылғалдылық тәртібі –қорлар мен экспозицияларда мұражай заттарын дұрыс сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мұражайдағы температура мен ылғалдылықты реттеу.

Мұражай қорларын есептеу. Қор жұмыстарының бағыты. мұражай қорларын заңдылық қорғаудың негізгі формасы болып табылады. Есептеу процесс кезінде мұражай заттарын зерттеу нәтижелері белгіленеді.

Сырттай немесе мұражайдың ішкі зерттеулері нәтижесінде пайда болған заттардың түрлері, ақпараттары арнаулы ішкі мұражай есеп сақтау және ғылыми құжатқа белгіленеді (ғылыми карталар, әртүрлі шығармашылық кітаптар жазу, ғылыми паспорт).

Мұражай қызметі қоғам өркендеуін құжатқа мұражай затының санын көбейту емес, коллекциялы ғылыми ұйымдастыру жүйесін құру. Бұл ішкі қор жұмысының міндеті, ішкі қор жұмыстарымен бірге жіктелуін, жүйелілігін, интеграциясын айқындау.

Мұражай коллекциялары деген ұғымды білдіреді. Оның мәні заттың мұражайдың бағасын анықтау. ол қазіргі білім тұрғысында айқындалады. Әлеуметтік нақтылы обьектілері қорларды жинақтау тұрғысынан әлеметтік нақтылы обьектісіне ие адамдар бір адам ретінде тілектестер тобы, еңбек колективі, үй тұрғындары, ауыл, завол поселкасы. Заттар бір зат түрінде нақтылы обьектіге заттар комплексі, өндіріс бірігуі, тұрмыс кен әлеуметтік нақтылық обьектісіне кіре отырып заттар өндіріс құралына, әртүрлі жағдайдағы пайдалану заттарын айқындады. Мұражайдың арнаулы міндеті сақтаулы немесе қолданылып жүрген заттардың жасын анықтау, адамның заттарға деген қатысы, өндірістік, тұрмыстық, эстетикалық заттық сипатта болып обьектілерді таңдау, жинақтардың жалпы бағытына байланысты. Өйткені дәуірлерді бейнелейтін обьектілерді таңдау өте аз. Сондықтан ондай заттарды консервациялап мұражайлыққа айналдыру керек. Қазіргі нақтылы обьектілерді анықтау қоғамның көкейтесті ғылыми мәліметтеріне келіп тіреледі. Әрі әлеуметтік жүйе мұражайдың өз алдына зерттеулеріне де байланысты. Осы обьектілерге мұражайдың әлеуметтік өмірді бейнелеу түрі, екінші жағынан заманның адамдары мен тарихтағы елеулі оқиғаның еске сақтау маңызы анықтаушы болды. Әсіресе ерекше қызықтары обьектілерге ауысуы, жаңа техника ғылыми жаңалық, жаңа мамандар, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы. Әлеуметтік құрылуының жетілуін куәландырушылар қазіргі мұражайдың оларды құжаттарға әрекеті болашаққа жастардың ыңғайлы жоспары қазақ адамдарының жұмысында қолданылып жүрген заттардың мұражай зерттеу процесі арқылы өзіне қажеттісін сақтауға алады.

Мұражай коллекциялары деген ұғымды білдіреді. Оның мәні заттың мұражайдың бағасын анықтау. ол қазіргі білім тұрғысында айқындалады. Әлеуметтік нақтылы обьектілері қорларды жинақтау тұрғысынан әлеметтік нақтылы обьектісіне ие адамдар бір адам ретінде тілектестер тобы, еңбек колективі, үй тұрғындары, ауыл, завол поселкасы. Заттар бір зат түрінде нақтылы обьектіге заттар комплексі, өндіріс бірігуі, тұрмыс кен әлеуметтік нақтылық обьектісіне кіре отырып заттар өндіріс құралына, әртүрлі жағдайдағы пайдалану заттарын айқындады. Мұражайдың арнаулы міндеті сақтаулы немесе қолданылып жүрген заттардың жасын анықтау, адамның заттарға деген қатысы, өндірістік, тұрмыстық, эстетикалық заттық сипатта болып обьектілерді таңдау, жинақтардың жалпы бағытына байланысты. Өйткені дәуірлерді бейнелейтін обьектілерді таңдау өте аз. Сондықтан ондай заттарды консервациялап мұражайлыққа айналдыру керек. Қазіргі нақтылы обьектілерді анықтау қоғамның көкейтесті ғылыми мәліметтеріне келіп тіреледі. Әрі әлеуметтік жүйе мұражайдың өз алдына зерттеулеріне де байланысты. Осы обьектілерге мұражайдың әлеуметтік өмірді бейнелеу түрі, екінші жағынан заманның адамдары мен тарихтағы елеулі оқиғаның еске сақтау маңызы анықтаушы болды. Әсіресе ерекше қызықтары обьектілерге ауысуы, жаңа техника ғылыми жаңалық, жаңа мамандар, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы. Әлеуметтік құрылуының жетілуін куәландырушылар қазіргі мұражайдың оларды құжаттарға әрекеті болашаққа жастардың ыңғайлы жоспары қазақ адамдарының жұмысында қолданылып жүрген заттардың мұражай зерттеу процесі арқылы өзіне қажеттісін сақтауға алады.

Қор жабдықтау жұмысы.

Қорларды жабдықтау мұражай қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Қорларды жабдықтау қазіргі мұражай тануда – оның әлеуметтік ақпараттарды толықтыру қоғамның өркендеуін құжаттау қаралады.

Ол таңдау жолымен әлеуметтік ортадан әр дәуірдегі әр қилы мақсатқа арналған заттарды мұражайға ақпарат бастау өз уақытының құжаты ретінде қаралады. Жиналған мұражай заттары мұражай жиынтығының негізін мұражай заттарының қорын және бүкіл мұражай қызметінің іргетасы болып есептеледі. Жабдықтау кездерінде мұражай заттарының құнын есептеу процесі басталады. ол үшін оның жеке ақпараты және өмір сүрген ортадан алған ақпараты зерттеледі. Осындай затқа байланысты ақпаратта олардың өмірлік байланысы мен адам тағдырын толық ашуға жәрдем беруші бірақ –та мұражай заты ретінде бағалылығы жоқ заттар ғылыми көмекші материалдар қорын толықтырады. Қосалқы ақпарат бөліктері кейде ауызша түрде түсуі мүмкін. ол тездетіп ерекше түрдегі құжатқа белгіленеді. екінші мұражай қорларында жиналатын заттар саяси оқиғаның сипаттамасы техника өркендеуі өндіріс пен ауыл шаруашылықтың өркендеуі, әскери іс, қоғамның әртүрлі тобының жағдайы әртүрлі әлеуметтік экономикалық қалыптағы өмір кейпі; өнер туындылары тарихи куә, тірі бағалы көркем туындды, т.б. материалдар. тарихи бағалылығы

Мұражайдың қорын жабдықтау екі бағытта жүргізіледі.

1. типологиялық коллекция - әр заттың өмірге, адамға қатысын анықтайды.

2. тақырыптық колекция. Әртүрлі типтегі заттарды қоғамдық елеулі оқиғаға байланысты жинау. Өмірбаян, өнеркәсіп түрлі мәдени өмірдегі және сол сияқты. Жабдықтау процесін бірнеше кездесулерге бөлуге болады.

1. мұражайды қызықтыратын тарихи факторды анықтау.

2. жабдықтау шақтарында – мұражай зерттеу үшін обьектілерді анықтау.

3. мұражайға қажетті заттарды екшелеу.

4. мұражайлық маңызы бар заттарды экспертиза тексеріп, бөлу.

5. оны мұражай затына айналдыру үшін алу.

Қорларды жабдықтау көздері кездейсоқ табылған заттардан бастап, жоспарлы зерттеу бағыттарын мұражай іздестірілуі.

Кездейсоқ табылғандар тұрғындардың заттар өткізуі. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары мұражай қызметін тұрғын халыққа дәріптеп қызықтырушы материалдардың мұражай қорына өткізу тұр. Қорларды жабдықтарды жоспарлау жабдықтардың ғылыми комуникациясымен болған және нақтылы мұражай қорлары тірі жүйе. Ол ұдайы өсіп өзгеріп, құжат жұмысы бітпейтін процесс оның жетістігі мына жағдайларға байланысты.

1. Мұражайтану, мұражай бастау көзедерін тану, тарих және көмекші тарихи пәннің құжаттарын құрастырушы қызметінің өз мұражайы және басқа мұражайдағы жиындарын білу деңгейі, қорларды сақтау мен қор құжаттарының және ішкі мұражай нұсқау материалдарының саласы. Қызметтің мемлекеттік және ішкі мұражайдың материалдарын танысу деңгейі. Әкімшілік ұйымдатыру жұмысының нақтылығы қорды қорғау мен жасау құжаттарына дайындалған бланкілер, офис каталогтары, картотекалар, карточкалық шкафтар.

Мұражай заттың консервация және рестоврация деңгейін белгілеу арқылы мұражай заттары мұражай қорларында ұзақ мерзімді сақталады. мұражай заттарына жататындар, заттай бейнелеу, жазбаша деректемелер, кино және фото деректемелер жатады.

Раставрация табиғи тозуы, бүлдіргені немесе әдейі өзгерту нәтижесінде пайда болған қателерді жою арқылы затты немесе орнатуды қалпына келтіру. консервация табиғи тозу процесіне бөгеу болатын белгілі сақтау тәртібін құру әрі бүлдіруші процестері белсенді жолы мен оларды ары нығайта түсу бар қилы мұражай заттың сақтау, қорларды сақтау.

Сақтаушы сақталатын температура, ылғалдылық, жарық, биологиялық тәртіп ұстай отырып затарды консервациялау іске асырылады. Консервация бұндай түрін тек арнай дайындықтан өткен реставраторға өтеді.

Реставрация алғ. кейпіне консервация және реставрация жұмысы өте жауапты қате қойылған диагноз қате әдістер тұр. Заттың бүлінуге әкеп соғады.

.

Лекция№12

Т. Мұражайтану құрылымы.

Қарастырылатын мәселлер:

1. Мұражайтану құрылымы.

2.Мұражайтану жалпы теориясы

3.Құжаттнаманың теориясы

4.Ғылыми-қор жұмысының теориясы

5.Мұражайдың құрылымы
Пайдаланатын әдебиеттері:


  1. Вопросы музейной работы. М. 1974г.

  2. Вопросы музейного дела в СССР. Сб.ст. Н.И.И. Музееведения. М., 1963. вып.7.

Лекцияның мәтіні:
Мұражайдың құрылымы.

1. Дирекция 2. кузет бөлімі, рестоврация, мұражайландыру, тұрақты ескерткіштерді қолдану бөлімі. 3. Қор бөлімі 4. Қорды рестоврациялау бөлімі. 5. Ғылыми зерттеу бөлімі. 6. Археологиялық, архетектура бөлімі. 7. Ғылыми архив. 8. Ғылыми әдістемелік бөлім. 9. Филиалдар бөлімі. 10. Ғылыми насихат бөлімі. 11. Көркемдік безендіру бөлімі.12. Бухгалтериялық бөлім. 13. Әкішілік шаруашылық бөлім. 14. Жөндеу рестоврация бөлімі. 15. Фото лабаратория. 16. Қорға сатып алушы комисиясы. Мұражай 15 қаңтардан кешіктәрмей форма 8-нк статистикалық есеп ал 20 ақпанда 8-нк жазбаша есеп 1-ОПИК формасы бойынша есеп тапсырады мұражай республиканыңмәдениет министірлігінежыл сайын бухалтерлік есеп пен бүкіл қаражат шаруашылық есебі бойынша жиынтық баланс есебінтапсырады. Рестоврация туралы статистикалық есептер. (жарты жыл,тоғыз ай,жыл нәтижелері кіреді).

Бюджеттен бөліну, арнайы қаржылар мұражайға кіру ақысына жарнама сату, календарлар, плакаттар, сувинерлер, катологтар, тарихи-мәдени ескерткішті қолдағаннан. Бұл сұрақтар мұражайдың іс-әрекеттің қамтушы қызметтер.

Мұражай басқару принципі 1. бір кісіге бағыну 2. міндеттерді ыңғайлы бөлу 3. тура сандық деңгейлер 4. Басшыны ақпаратпен қамту 5. бақылау қою 6. Бірегей бастапқы ақпарат 7. Атқарушының нәтиже қызығушылығы. Басқару міндеттері 1. жоғарғы басшылық а)мақсатты айқындау б)ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру стртегиялық ресурстарды бөлу в) табысты басқару. 2.Басшылықтың орта буыны а)тапсырма беру б)жоспарлау в)шешім қабылдау 3.Кадырларды таңдау а)қызметкерлерді үйрету б)жұмысты бақылау және үйлестіру в)қызметкерлердің өз алдында жұмыс істеуіне қолдау көрсету. Өз ауқымымен деңгейінде тек дара шешім қабылдау. Өзі шеше алмайтын мәселені бастыққа қабылдануы. Өз ойын ашық айту. Өз қызметін жақсарту мүмкіншілігін ойластыру. Басқа қызметкерлермен бірге өз қызметін үйлестіру. Өз мамандығын жетілдіру. Жұмыстан ұшып кепеудің 5 өсиеті. 1. Компютерді игеріңіз. Компютер экраны өшкен кезде бәрінің іздейтің сіз болсаныз онда сізге баға жетпейді. 2. Шекарадан аттап өтіңіз тілдерді игеріңіз. Әлемдегі іскер елдер жағдайын. Сонда ғана сіз өте бағалы қызметкер бола аласыз. 3. Жұмысқа белшеңізден батыңыз бар мүмкіндігіңізді тәсілдермен өз тобыңызға іргелі қажетті клентерді мүмкін. 4. Өз архивіңізді құрасыз, әр қашан керекті адамның мекен – жайын телефонын жазыңыз шұғыл қажет болуы мүмкін. 5. Барлық уақытта «ия» деңіз. Барлығын қол алыңыз. Өз мүмкіндігіңізді жоғарғы нәрсені жасауға тәуекелжасауға тәуекел етіңіз.

Мұражайтану ғылыи пәндер сияқты, өзінің оқулық системасы бар. Мұражайтану тарихи теориялық және қолданбалы. Элементтер қалыптасады.

А)Тарих және мұражайтану тарихнамасы

Б)Теориясы
В) Мұражай дерекнемесі

Г)Қолданбалы мұражайтану

Мұражайтанудыңмынадай схемасы түзілген. Мұражайтану құрамына кіретін бөлімдер:өзара тығыз байланысы бар. Бірен сара мәліметтері бір-бірінен қашықта тұруға болмайды. Н.Г. Чернышевскидің тұжырымдалуында «Тарихи затсыз тнория жоқ, бірақта заттың теориясы оныңтарихында ұйымдастыруға болмайды. Тарихнама-ғылымның дамуын анализ деп оныңалға басуынықпал жасап теориямен тарихпентығыз байланысын көрсетеді. Мұражай ісінің тарихы мұражайдың пайда болуын зерттеумен Тарихи ескерткіштерді қорғау мұражай сепін құрлымының қамтитын ұғым. Мұражай ісінің теориясы. Төрт элементерден құралады 1)Мұражайтану жалпы теориясы 2)құжатнаманың териясы 3)Ғылыми қор жұмысының теориясы 4) Мұражай комуникациясының теориясы. 1) Жалпы мұражайтанудың теория обьект, затты, методының және ғылыми құрлымын таныта оның ғылыми пәндер системасында орнын басқа ғылымдармен ара-қатнасын сұрақтарын шешеді. Ғылыми – апаратты құрастырады мұражай затының ерекшелігін мұражайдың қоғамдағы функциясының байланыс жұмысын ұйымдастыру мұражайдың орны. 2) құжатнаманың теориясы мұражайлық маңызы бар құжаттардың сақталуын оның қолдануын және тарихи ескерткіштерге элементеріне ұштастыру құжаттар іріктеп алу оның құнды лығына қарап мағлұматтардың ғылыми-зерттеу жұмысындағы пайдалануына ықпал жасау басқада пәндерге оның керекті мағлұматтарды керектілігінің құжатнаманың теориясы ғылыми іріктеу мен мұражайтануды методын зерттеуінің нақтылығы ғылыми қор жұмысының теориясы мұражайдың зертеуінде екінші сатысы болып есептеледі құнды мұражай заттың зерттеу процесінің оқылығын бұл заттың ішіндегі мағлұматты ала білуі. Мұражай заттың қорының жұмысы бұл ұғым құжатт системасында біздерді таныстырады. Мұражай затты қордың бөлімінің басты жинағы деп есептесек бұ мұражай затының қандай мағлұматты барың оның қолданылуы және құжатқа түсіруарқылы біздерге осы мұражай қорының жұмысы танымалды болып отыр ғылым қор тұм теориясы Мұражай затының қорғау, ұлттық тарихи-мәдениетке байлықты Мемлекет мұражай қорының бөлімі және зерттеу жұмысын жүргізу.

Мұражай комуникация теориясы мұражайда зерттеушілік жұмыс жүргізеді оның комуникациялық институттының бірі болып есептеу себебі мағлұмат таратушы мекеме болып отырып ол мұражайтанудың өздігінше зерттеушілігі жүргізеіді. Мұражай комуникация жан жақты жұмыс жүргізеді әсіресе мұражай затының көрермен көпшілікке таныстыру бұл жұмыстар қандай мұражайдың түрі болмасын осы жұмыстарды жүргізеді. Мұражай комуникациясы өзінің жұмысы мұражайда іс-әрекетін (ғылыми зерттеудің мұражай материалын жариялау) оның тәрбиелік білім беру процесін әдебиеті арқылы таныстыру жүргізеді.

Мұражай деректемесі зертеуінде басты обьект мұражай затты, бірақта бұл жұмысында да теория мен методикасын зертеуіне заттарға дұшар болады. Мұражай деректемесінің зерттеуінде мұражай затының тарихына және тарихнамасына сүйенеді. Бірақта біріінші жұмысы бағыты заттай және көркем сурет типті деректерді зерттеді. Бұл жұмыстарды археология мен этнография материалдарымен ұштастыруымызға болады. Іс жүзінде қолданылатын мұрайжайтану өзінің өмір сүруін мұражай ісінің практикасымен бірге бастайды іс жүзінде қолданылатын мұражайтану үш бөлімдерге кіреді: 1) ғылыми методика 2)техника 3)ұйымдастыру және басқару ғылыми методика іс жүзінде қолданылатын мұражайтанудың негізгі іргесі методика мұражайдың барлық іс-әрекетін қамтиды методика зерттеуі арнайы және жалпы бөлуі мысалы жүргізеді жалпы методика экскурсия жұмысын принциптерін мұражай затын сақталуын т.б. жатады.

Арнайы методика нақты бір профильді және жиыны мұражайды. Зертеуінде жұмыс жүргізеді Оның базасы болып мұражайтану мен профильді пәндер жатады. Методика мұражайтанудың құрамдас бөлігі Мұражай қызметінің әртүрлі салада қолданылатын нақты әдістері мен тәсілдерін өңдейді.

Мұражай өзінің жинақтарын толықтырып отыруы қажет және құрамын жаңартып отыру. Олар ғылыми – құжаттау және қорғау қызметі мынадай талаптарға сай болу керек егерде жинақтар экспозициясы және көркемнің толық өткізуіне болатын болса қоғам дамуының көрінісі мұражай заттары тарихи процестерін көмекші материалдар ретінде қолдануына байланысына Мұражай қорғау қызметі мемлекет тарапынан қорғалады.

Мұражай қызметі қоғам және табиғат дамушы мәдени-тарихи заттарды қорғау жинақтау қалпына келтіру білім тәрбиелік зерттеушілік жұмыстарын жүргізеді.


Лекция№13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет