Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет125/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
оперативтік хир 8 н

Көз энуклеациясы, еnticleafio oculi (лат. Enucleatio ойып алу, oculns 
көз) – көз алмасын операциямен алу.
Қабақтың түйілуі, entropium palpebrae(гр. еn - ішке + trope қайырылу 
лат. Palpеbra қабақ) – қабақтың көзге қарай қайырылуы. 
Қан алу, missio sanguinis (лат. Missio шығару sаnguis, inis қан) - 
күретамырдан қажетті мөлшерде, арнайы инемен немесе күретамырды кесу 
жолмен қан шығару. 
Қан кету, haemorrhagia - қан жүретін тамырларынан қан кетуі. 
Құлақ купированиясы (фран. соuрег кесіп алу) - иттердің құлақ 
қалқанын жара, мерез, ісіктерде, сонымен қатар косметикалық мақсатпен 
кесу. 
Қуыстық операция, operatic cavata (лат. сavatus қуыстық) - кеуде 
немесе құрсақ қуыстағы мүшелерге орындалатын операция. 
Қуықтың түсуі, prolapsus vesicae uгіnагіае (лат. Prolapsus, түсу, құлау, 
vesica urinaria қуық). шаптық каналдың сақиналары кең болаған жайда 
байқалады. 
Лапаротомия, laparotomia (гр. lapara құрсақ + tome кесу), құрсақты 
жару - ішкі мүшелерде операциялар жасағанда немесе диагноздық мақсатпен 
құрсақ қуысын ашу. 
Ларинготомия, laryngotomia (гр. larynx көмей + tome кесу) – көмейден 
бөгде заттарды немесе ісікті алу үшін кесіп ашу. 
Мақта, gossypium (араб goz жібекке ұќсас) ветеринарияда таңатын 
материал ретінде ќолданылады.
Жануарды бекіту (бекемдеу) fixatio animalium (лат. Fixatio, бекемдеу, 
бекіту, animal, мал, жануар) адамдарды қабу немесе соғудан сақтау 
мақсатпен жануарды айқын жайда бекіту. 
Танау қысымдары – аттарды және ірі қара малды жуасытуына 
арналған аспаптар.
Мүшенің стенозы, stenosis organi (гр. stenosis , organon мүше) - қуыс 
мүшенің диаметрінің азаюы. 
Наркоз, narcosis (гр. narkosis мелшиіп қатып қалу, тілі байлану) - 
аурулық сезгіштікті жоғалту үшін, орталық жүйке жүйесіне есірткі 
құралдарының әсерімен шақырылған жасанды күй-жағдай. 


238 
Неврит, neuritis (гр. neuron жүйке +- itis ќабыну) - жүйке қабынуы. 
Невриттер сірлі, іріңді, паренхиматоздық және интерстициальдық түрде 
болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет