82
I
II
III
Сурет 58. Жараға тігістердің салуы I және II – дұрыс емес; III – дұрысы
Үзінді тігісті теріге салады, олардың түрлері (сурет 59);
Түйіндердің түрлері және олары салу техникасы. Ұлпалардың физико
–механикалық қасиетіне, қызметіне және күйреу дәрежесіне тәуелді. Оларды
тігетін әдістер өте көп. Жалпы тігістер екі түрге бөлінеді
үзілетін және
үзілмейтін.
Сурет 59. Үзінді тігістер:
а – торапты;
б – құбыршақпен;
в – сегізтәрізді
Қарапайым торап тігіс жеке жіптермен тігеді, жараның аузын
пицетпен қысып ұстайды, инені жараның бір шетінен 0,5 – 1,5 см
тесіп,
екінші шетіне сол мөлшерде шығарып, түйіндеп байлайды. Келесі тігісті 0,75
– 1,5 см алғашқы тігістен қашық салады.
Ситуациялық (жағдайлық) тігіспен көлемі ұзын, шеттері түзу емес
жараларды тігеді. Бірінші тігісті жараның ортасына салады,
одан сон әр
бөлшектеріне бір тігістен салынып солай жараны толық тігіп тамамдайды.
Ілмек тәрізді тігісті (сурет 60) ұлпаларды жіп жырып кетпеу үшін
қолданады. Оны терінің құрақты жараларына, бұлшық еттердің ақауларына,
апоневрозға үлкен күш түсетін орнындарға салады.
83
Сурет 60. Үзінді тігістердің түрлері:
а – жағдайлық;
б – құрық тәрізді;
Құбыршақ пен тігіс күшті үңірейген шеттері қатты созылған
жараларды жабыуға арналған. Жуан мықты жібек жіппен тігіп, жіптің астына
немесе оның арасынан өткізіп кішкене резеңке
немесе дәкеден жасалған
кішкентай құбыршақтар орнатылады.
Тері бүрмелерін жасап тігу кіндік жарығына операция орындалуынан
кейін салынады. Терісіне торап тігіс салғаннан кейін беткейлік терісін
паралельді екі бүріп жақындатып, астына дәке қабатын жайғастырып тігеді.
Мишель ілмектері мал дәрігерлік тәжірибеде ұсақ малдарға,
сонымен
қатар қабақ және желін терісіне салынады.
Үздіксіз тігістері көп үңіреймеген, тері жараларына, құрсақ
қабырғасының ішкі тігістерінде салынады.
Жиірек
қарапайым тігісті (скорняжды) қолданады. Бірінші түйінді
жараның бұрышына жақын маңда байлайды. Келесі тігістерді арасын бірдей
ара қашықтықта қалтырып салады. Соңғы түйінде
жараның шетінен жіптің
екі ұшын шығарып байлайды.
Достарыңызбен бөлісу: