Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет33/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129
оперативтік хир 8 н

Сүйектерді және басқа тығыз ұлпаларды ажырату. Сүйектерді 
толығымен ажырату үшін әртүрлі араларды қолданады: жапырақты, доғал, 
сымды және т.б. Сүйек қайшысымен қабырғаларға резекция жасайды. Сүйек 
тысын распатормен ажыратады, кюреткалармен және өткір қасықтармен 
сүйек майын; іріңді өзектердің қабырғаларын қырып алады, секветорларды 
т.б. алып тастайды.
Трепанация ( грек.trypao – тесік, ойып алу ) – сүйектерде цилиндірлік 
аралармен (трепандар) немесе шартәрізді фрездермен ұлпаларды тесік ойып 
алу ажыратудың ерекше бір түрі. Трепанацияны сүйек қашауларымен 
жасайды(сурет 49).


71 
Сурет 49. Сүйекке операция жасайтын құралдар 
а, б – айналдыратын және қолдық трепандар; в, г – доға және жапрақты аралар; д – 
сымтемірлік арасы; е – трепанациялық балға; ж – қабырғалық қайшылары; з – фрезді 
трепан; и – қабырға распараторы; к – қашаулар; л – Дальгрен тістегіші 
Арнайы ағаш немесе металл балғашықпен қашауды ұрып керекті сүйек 
аумағын теседі. Сүйек тесіктерін сүйек тістеуігі - Дальгерн тістегішімен 
кеңейтеді. Трепанацияны жасау үшін алдымен теріге және басқа ұлпаларға 
бұрыштық тілігін жасайды, сүйектің бетін ашқаннан кейін жара пішінімен 
сүйек тысын кесіп распатормен теріні жақындатып сырып қояды.
Ампутация (лат. amputare – кесіп тастау) ұлпаларды толық ажыратып; 
мүшенің шеттік бөлігін кесіп алып тастау; жұмсақ ұлпалардан тұратын және 
негізінде сүйектері бар мүшелерге жасалады. Егер мүшені алып тастау 
буындалумен жүргізілсе, ондай ампутация экзартикуляция – бөлшектеу (лат. 
ех -- сыртқа , articulus – буын ) деп атайды. 
Ампутацияны төрт басты себептерде жасайды:
а) емдік мақсатымен, өмірін және шаруашылық құндылығын сақтау 
үшін (тілдің, жатырдың, желіннің, еннің, қостұяқтылардың саусақтарының 
фалангаларын, ұсақ жануарлардың аяқтарының және т.б. ампутациясы);
б) шаруашылық - зоогигиеналық есеппен (биязы жүнді тұқымды 
қойлардың қозыларының құйрықтарына, бордақыланған бұқашықтарға 
ампутация);
в) малдың күтімін және пайдалануға жеңілдету үшін (мүйізді мал 
мүйізінің және саябақ құстары қанаттарының ампутациясы);


72 
г) жануарды көркейту үшін (иттердің құлақтарына және құйрықтарына 
ампутация).
Абсцестерді тіліп ашу. Шағын абсцестерді үшкір скальпелдің ұшымен 
тіліп ашады: аспапты флуктукация ортасына қойып жылдам тесіп тіледі. Ірі 
абсцестерді ашқанда скальпельмен тескеннен кейін төменгі жағынан 
қосымша тіліп ірің оңай ағыуы үшін қарсылас тесік (контраперктура) 
жасайды. Егер абсцесс терең жататын болса, оны ашып контрапертураны 
жасауға мүмкіндік болмаса, оны тесіп қуысын кәріздейді (абсцесс қуысын 
нығыздау дәкемен толтырады немесе резинке түтікті ішіне енгізіп, оның 
сыртқы шетін теріге тігіп бекітеді). Абцестің қуысы грануляцияға толғанша 
тілген тесігінін аузы жабылмау керек, шыққан іріңді сыртқа төкпей ыдысқа 
жинап алады. 
Ісіктерді алып тастау. Қатерсіз ісіктерді скальпель және 
қайшылармен алып тастайды. Ісіктің маңайынан айналдыра тіліп оны 
пинцетпен тартып, көтеріп қайшымен кесіп алады. Қан тамырларына 
лигатура салады. Аяқшасы бар ісіктерді түбінен тартып байлап, үстінен кесіп 
алады.
Егер ісік терең орналасса оған лигатураны салу мүмкіндігі болмаса, 
онда экразерді пайдаланады, оның шынжыр ілмектерін ісік аяқшасына 
салып, баяу тартып мыжып, бөліп алады.
Қатерлі ісіктерді сау ұлпалары мен бірге молырақ қосып кесіп алып 
тастайды. Ісік торшалардың таралуын алдын алу; қан кетуді тоқтату үшін, 
экстирпацияны 
электрокоагуляциямен 
жасайды, 
ол 
үшін 
электр, 
ультрадыбыс, лазерпышақтары қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет