ҚАН КЕТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТОҚТАТУ ӘДІСТЕРІ
Оперативтік хирургияда қан тоқтатумен жиі кездеседі, себебі
ұлпалардың бүтіндігін бұзумен жүргізілетін операциялар тамырлардың
зақымдалуымен және қан кетумен өтеді. Тамыр неғұрлым ірі болса,
соғұрлым көп қан кету және оның ақыры ағзаға жағымсыз әсер етеді. Шығу
тегіне байланысты қан кету артериялық (ал қызыл түсті, қатты соғысымен
ағады, ол тек тамырдың орталық ұшын қысумен тоқтайды), венозды (ағын
түсі қарақоңыр, тыныспен сәйкес ағады, тамырдың шеткі үшын қысқанда
азаяды), капиллярлы (қан біркелкі, жараның барлық үстінен ағады),
паренхиматозды (өкпе, бауыр, көкбауыр, бүйрек зақымдалуынан болады,
қанның көп мөлшерде ағуымен сипатталады, капиллярлы сияқты аралас).
Сонымен қатар қан кету сыртқы – сыртқы жабындардың бүтіндігінің
бұзылуымен және ішкі – ағзаның ішкі тұйық қуыстарына қан кетуімен
сипатталатын түрлерін ажыратады. Қанның ұлпа аралық кеңістіктеріне
жиналуын ұлпаішілік қан кету деп атайды (интерстициальды); Егер осы кезде
ұлпа аралық қуыстар түзеліп, оған қан жиналса оны гематома деп атайды.
Пайда болған уақытына қарай қан кету біріншілік, тамырдың
зақымдалғанан бірден болатын, екіншілік, ол егер тамырларды байлаған
лигатура босап кетсе немесе тромбтың ыдырауы нәтижелерінде дамиды.
73
Айналасындағы ұлпалар ыдырауынан тамыр қабырғасының желінуі
нәтижесінде түзілетін қан кетуді аррозиондық деп атайды. Қан тоқтататын
бұрауды ұзақ уақыт және тым қатты тартып салғанда вазоконострикторлар
зақымдалып бұрауды шешкеннен кейін қан ағуы тоқтамауын салданулық
(паралитикалық) қан кетуі болады.
Қан кетуідің алдын алу. Жалпы әсер ететін, қанның ұюын
жоғарылататын заттарды қолданумен және операция жасалатын тамырларға
жергілікті әрекет етумен жүзеге асады. Қанның ұюын жоғарлатуға
қолданылатын жақсы зат алдын ала сәйкес қанды құю: ірі малдарға 500-1000
мл, ұсақтарға 300 мл дейін. Қан ұюы сонымен қатар тамыр ішінен 10%
кальций хлориді ерітіндісінің 100-150 мл ірі малға, 2-4 мл ұсақ малдарға,
жылқының бірқалыпты қан сарысуын тері астына немесе тамыр ішінен
жылқыларға (100-150 мл) енгізгенде бірталай жоғарлайды.
Операция жасалатын аумақты қансыздандыру резеңке түтік немесе қан
тоқтататын жгут (бұрау) арқылы жүзеге асады (сурет 50). Оны аяқтарға,
құйрыққа, жыныс мүшелеріне операция
Сурет 50. Қан тоқтататын жгут және оны салу орындары
жасағанда қолдануға болады. Жгутты операция басталар алдында, операция
жасайтын орыннан жоғары, бұлшық ет арасында орналасқан тамыр - жүйке
түйіндері қысымнан зақымдаламайтын жерді бұраумен бірнеше рет орап,
салады.
Жгут салудың ең жақсы орындары – тізе алды және тілерсек
буындардың үсті. Жгутты матадан жасаған бинтпен, орамалмен, жіппен т.б.
заттармен алмастыруға болады. Жгутты салғанда дистальды жағындағы
тамыр соғысын қадағалайды. Тамыр соғысы тоқтағанда жгутты тартуын
тоқтатады. Жгутты 1 - 2 сағат ұстайды (қыста мезгілін жартысына дейін
қысқартады). Егер жгут пайдалану уақытын ұзарту қажет болса, жгутты аз
уақытқа босатып, содан кейін тартып, қайта бекітеді. Жгутты операция
болғаннан кейін баяу босатып саябырлап алады. Егер жгутты жылдам алса
қанның ағысы ұюыған тромбты жұлып алып, қан кетуі тоқтамауы ықтимал.
Жгут алынғаннан кейін болатын қан кетуін, жгутты қайтадан 5 - 10 минутқа
салып тоқтатады.
74
Қан кетуді уақытша тоқтату. Шағын тамырлардан қан кетуді
тоқтатудың ең қарапайым әдісі – тамырды уақытша ұлпалар үстінен
саусақпен немесе жара ішінде болса тампонмен басу. Оны мүйіздің, білек,
құйрық, құлақ, күпек және т.б. артерияларына оңай жасауға болады. Ұйқы
артериясының тармақтарынан қан кеткенде, оны кейде ашып, уақытша оған
артериялық қысқыш салады. Құрсақ аортасы және ашбүйір тармақтарынан
қан кетуде оларды тік ішек қабырғасы арқылы саусақпен басып тоқтатуға
болады.
Ағып тұрған қанды уақытша тоқтатуда ең сенімді қолданылатын
тәсілдердің бірі – қан тоқтататын жгут салу және қанталап түрған тамырды
қысқа уақытқа – гемостатикалық пинцетпен бұрап ұстау. Қан кетуді уақытша
тоқтатқаннан кейін дереу оны толығымен тоқтату шараларын жүргізу керек.
Қан кетуді толығымен тоқтату механикалық, физикалық, химиялық
және биологиялық әдістермен жасалады.
Механикалық әдіс - ең сенімді әдіс. Оның ең қарапайым түрі -
тампонада. Дәке тампонын қансырап тұрған беткейге салып, капиллярлы қан
кетуін оңай тоқтатады. Қуыстан кеткен қанның ағысы мол болғанда, қуысты
дәке анжылармен немесе бинтермен толтырады. Сол үшін Микулич анжысы
аса қолайлы келеді – керекті үлкендікті екі бүктелген төртбұрыш салфетка.
Оның ортасына дәкеден тігілген бау, немесе жіп орнатылған. Салфетканы
корнцагпен қансыраған қуысқа енгізеді, содан кейін абайлап дәке – мақта
анжыларымен қансыраған тамырларға сайкес қысым келтіру үшін толық
толтырады. Анжы бауын жарадан тыс сыртқа шығарады. Осы үлкен анжыны
жарада ұстау үшін жараның шеттерін уақытша тігістермен жақындатады,
оларды 2-4 күннен кейін алады. Анжыларды жара қуысынан оңай алу үшін
оны сутек қос тотығымен ылғалдайды.
Тамырды айналдыру (торзирлеу) – механикалық қан тоқтату әдісінің ең
көп тараған түрі. Бұндайда көбіне Кохер және Пеанның қан тоқтататын
пинцеттерін қолданады (сурет 51). Кохер пинцетінің бранш ұштарында
тістер бар, онымен тамырды ұлпалармен бірге оңай ұстайды. Пеан
пинцетінде тістер болмайды,
Сурет 51. Қан тоқтататын ілмектер:
а - Пеанның; б – Кохердың; в – артерия қысқышы
75
маңайындағы ұлпаларды қосымша жарақаттамай тамырдың ұшын оқшау
қысуға мүмкіндік береді. Тамырдың үшын пинцетпен ұстап, ақырын көтеріп,
бірнеше айналдырып, пинцетті алады. Кейде операция жүргенде кезде қатты
қанталаған тамырды пинцетпен қысып жарада біраз уақытқа қалдырады:
пинцетті аларда тамырдың үшын айналдырып бұрайды.
Тамыр лигатурасы - қан кетуді тоқтатудың ең әсерлі тәсілі.
Ол қанаған тамырды жіппен байлау арқылы жүреді (жібек немесе
кетгут). Алдымен пинцетпен тамырды жарадан ажыратып алып, сәл тартып
содан соң пинцеттен төмен лигатураны салып, хирургиялық түйінімен
байлайды. Жіптің шеттерінің ұзындығын 0,5 см қалдырады. Егер тамырды
ұлпалардан бөліп алуға мүмкіндік болмаса, лигатураны ыңғайлы және
сенімді салу үшін, оны қоршаған ұлпалармен біріктіріп қоса тігеді. Ерекше
жағдайларда тамырды қан аққан орынынан алыстау оның негізгі
орталығынан байлайды. Сол үшін қан кету орның орталық бағытты
магистральді тамырды тіліп ашуға мәжбүр болады (сурет 52).
Физикалық әдістер. Қан тоқтату суықты немесе жылуды қолдануға
негізделген. Суық су құю түрінде немесе мұз басу, ал кейде буындар
қуысындағы қансырауларға, ұлпа қалыңдығына т.б. қансырауларға суық
балшық қолданады. Сонымен қатар мұзды су құйылған торсылдақты
қолданады. Ветеринариялық тәжірибеде жылу ретінде қыздырылған
металлмен қан кеткен орынды қарып күйдіріп тоқтатады. Ұлпалар күюден
түзілетін қабыршақ тромбтардың пайда болуына және қалыптасуына әсер
етеді. Ықшамды зақымдалуларда қан тотату үшін электр пышағын
қолданады. Кейде кан кеткен беткейліктерге ыстық суға матырған
анжыларды салады.
Сурет 52. Қан тоқтату үшін тамырларды байлау әдістері
а – лигатура салып тоқтату; б – Дешан инесімен тамырдың астынан лигатура салу;
в – негізгі (магистральдық) тамырға лигатура салу; г – тамырды маңайындағы ұлпалармен
бірге тігу
76
Химиялық әдісте негізінде жергілікті әсер ететін фармакологиялық
заттарды қолданады. Мысалы, 3 % сутек асқын тотығының ерітіндісін жара
бетіне домдайды. Танау қуысына және танау маңының синусына, көмекейге,
паренхиматозды мүшелердің операцияларына адреналиннің 1:2000 немесе
10-20% антипирин ерітіндісімен суланған анжыларды қолданады. Жалпы
әсерлік препараттар қолданады: 10% кальций хлориды (тамырдың ішіне),
диценон (тамырдың ішіне, бұлшық етке) викасол (бұлшық етке),
изоаминкапрон кышқылы (тамырдың ішіне), адроксон (жергілікті, бұлшық
етке, тері астына), гемофобин (ішке).
Биологиялық әдісте ең алдымен жалпы және қан ұюын жоғарлатып
әсер етеді. Жылқының қан сарысуын қолданады. Оны жергілікті анжылармен
қолданады. Сонымен қатар қансыраған жараға шарбы бөліктері, майлы ұлпа,
бұлшық ет, фасциялар қояды. Олардың құрамындағы тромбокиназа болуына
байланысты гемостатикалық әсер етеді. Оларды жараға бекіту үшін
кетгутпен
тігеді.
Құрамында
тромбокинетикалық
субстанциясы
болғандықтан кетгут қан ағуын тоқтады. Кетгуттің орамдарын қан аққан
орынға, анатомиялық қуыстарға салып, жара шеттерін немесе қуыстың
қабырғаларын жақындатып тігіс салады.
Жалпы әсерлі биологиялық қан кетуін тоқтататын препараттар:
протамин сульфат (тамырдың ішіне), фибриноген (тамырдың ішіне),
медициналық желатин (тері астына). Жергілікті қолданатын: фибриногендік,
изогендік қабықша, тромбин, гемостикалық губка, желатин губкасы т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |