Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Күйдіру (термокаутеризация)



Pdf көрінісі
бет43/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Күйдіру (термокаутеризация
 
Күйдіру - ветеринариялық хирургия тәжірибесінде басқа емнің әсері 
ету күші болмағанда қолданылатын емдеу тәсілі. Ол ем көп уақытқа 
созылған сіңірлердің, сіңір қынаптарының, сүйек қабығының, буының 
қабынуында және бұзаулардың мүйізін өсірмеу үшін қолданады. Сонымен 
қатар қан кетуін тоқтатуға, басқа тәсілдер қолдануы мүмкін болмағанда, 
қатерлі ісіктерді және уланған жаралардағы фунгозды грануляцияларды 
қиратуда күйдіруді қолданады.
Күйдіру емі жоғары температура әсерімен созылмалы аурулардың 
құбылыстарын жіті түрге айналдырады, зат алмасуын ынталандырады
қоректенуі жақсарады және дерттелген ұлпалар тарқайды. Сүйек 
ауруларында және қалыпты сүйек тысы өзгерген артрозда, каутеризация 
зақымдалған буындарды анкилозға (шорбуын) келтіріп, ауырсынынуын 
азайтып оны жұмысқа пайдалануға мүмкіндік береді. Күйдіруді көбінде 
жылқыларға жасайды. 
Күйдіру түрлері. Күйдірудің үстіңгі, терең және енетін түрлері болады. 
Үстіңгі күйдіруде қыздырылған металл терінің орта қабаттарына дейін кіреді. 
Сіңірлердің созылмалы және сіңір қынаптары қабынуында, фиброздық 
периоститте және көп уақытқа созылған тері астылық бурситтарда 
қолданады. Терең күйдіруі тәсілдердінде қыздырылған темір ұшы тері 
негізіне дейін кіреді. Ол созылмалы пролиферативтік сіңірлер қынаптарың, 
байламдардың қабынуында, сүйектелген периостите көрсетілген. Енетін 
күйдіруде термокаутердың шошақты, ине тәрізді үшы теріден өтіп қажетті 


99 
ұлпаларға жоғарғы температурамен әсер етеді. Осы тәсілді сіңірлердің 
контрактурасында, 
экзостоздарда, 
периоститарда, 
тілерсек 
буының 
деформациялық артрозында қолданады. 
Енетін күйдіру жылдам (инені ұлпалардың тереңдігінен жылдам 
суырып алады ) және баяу (инені бірталай уақыт ұлпада жібермей ұстайды) 
болады. 
Нүктелі күйдіруде қызған шошақты тері бетіне 0,5 секунд ұзақтықта 8 - 
10 рет бір нүктені басады. Нүктелерді шахматтық ретпен, 1 - 1,5 см аралық 
қашықтықта орналастырады (сурет 79).
1 
2 
Сурет 79. 1 Күйдіру темірлері; 2. Нүктелі күйдіру 
Жолақты күйдіруде жолақтарын бір - біріне параллель, ара 
қашықтықтығы 1,5 - 2 см қылып өткізеді. Олар қосылмауы және қиылыспауы 
керек; бұл шарты сақтамаса үлкен тыртықтар пайда болуына апарады. Сол 
себептен жолақты күйдіруді буындардың үстіне жасамайды.
Инемен күйдіру (енетін) шахматтық қатармен 1 - 1,5 см ара 
қашықтықта жүзеге асады. Қызған инені барлық тері тереңдіктерінен өткізіп, 
ұлпаға бір рет тигізіп 3-5 секунд жібермей ұстап тұрады. 
Күйдіру күйіктерді шақырады, ол температура күшіне, ұзақтығына 
және ұлпаға жоғары температура әсерлеріне байланысты үш дәрежеге 
бөлінеді. Олар күйдірілген ұлпалардың реңдерімен және бөлініп шығатын 
сұйықтықтармен бір – бірінен бөлінеді. 
Күйіктің I дәрежесінде теріде терең емес күйдіруден жолақты немесе 
нүктелі белгілері қалады. Күйген ұлпаның түсі ашық қызыл, қоңыр, онда 
бөлінген сірлік сұйықтықтың тамшыларды көрінеді. Келесі күндері тері 
домбығып, қызару реакция өте әлсіз болады, экссудат азайады, тіпті 
жоғалады. Көп кешікпей күйдірумен зақымдалған эпидермис толық жазылып 
кетеді.
Күйудің II дәрежесінде теріде жолақтар (нүктенің) көбірек және терең 
болады, ұлпа бояуы алтын түстес - сары. Күйу аумағындағы тері 


100 
инфильтрацияланған және кішкене көпіршік түрінде көрініп шығады. 
Жолақтар маңайыңдағы эпидермис жұмсарған. 
Күйудің III дәрежесінде жолақтар терінің қалыңдығынан түгел өтіп, 
ашыйды. Эксудат мол бөлінеді, жолақтардың сыртына шығады және кеуіп 
қабықтанады. 
Күйдіруге арналған құрылғылар. Ең қарапайымдары темір күйдіргіштер 
(сурет 79, 1). Олардың басы ұзын шошақты темір ағаш сапта болады. Бұл 
күйдіргіштерді отпен қыздырады. Темірдің қызған температурасы түсіне сай 
келеді. Қоңыр - қызыл түсінде 600

– 700°, шие - қызыл түсінде 700

– 800
0

қызғылт сары түсінде 800
0
– 900
0
, ақ түсінде 1000
0
- 1100° С болады. Ең 
үлкен ауырсыну күйдіруді төменгі дәрежелерімен жасағанда болады. 
Күйдіргіштің ең жақсысы шие - қызыл түске дейін қыздырғаны. 
Осы кезде күйдіру бензин, эфир немесе электрмен қызатын 
құрылғылары пайдаланады. Электрокаутерлер реостаттармен және арнайы 
тұтқалармен жабдықталған. 
Күйдіру техникасы. Операцияны жергілікті жансыздану арқылы 
жасайды, ал мінезі ызақор жылқыларға жалпы наркозды қолданады. 
Күйдіруді, егер жағдайлары рұқсат етсе түрегеп тұрған малға өткізеді. 
Операциялық орынды эфир және спирттен жасалған ерітінділермен өңдеуді 
қолдануға болмайды. 
Қызған күйдіргішті теріге тік басады ұлпаларға ұшын қысыммен 
баспайды. Қажетті күйдіру дәрежесін алу үшін, күйдіргіштің ұшын күйдіруге 
арналған бір орынға; күйдірудің I дәрежесін алу үшін 8 – 10 рет, II 
дәрежесінде 12 – 15 рет, III дәрежесінде 18 – 20 рет басады (И. Д. Медведев). 
Әрбір келесі басу тек қана оның алдыңғы күйдірілген орны суығаннан кейін 
рұқсат етіледі. Бірақ еске алу қажет: күйдірудің қажетті дәрежелері болу 
үшін, ол әрқашан тері қалыңдығына, патологиялық құбылыстың сипатына, 
күйдіргіштің температурасына және оны жылжу жылдамдығына тәуелді 
болады. Күйдіру дәрежесі ұлпаларда болған өзгертулермен анықталады. 
Күшті домбығып қызару реакциясы болатындай күйдіруді жасауға 
қажеттілігі аз, себебі Ю. Н. Давыдовтың және В.М. Борисовтың бақылаулары 
бойынша ең жақсы емдік нәтижелер біркелкі реакция кезінде болады. Ол 
реакцияны күйдірілген орынға 10% сынаптың қызыл майын жағумен 
күшейтуге болады. 
Каутеризация жасаған орынға, Вишневскийдің бальзам эмульсиясын 
жағады және асептикалық таңғышпен қорғайды. Күйдіру жасалған малды 
мұқият бақылауға алады. Ең үлкен домбығу 3-5 тәулікте дамиды. Күйдіруден 
кейін II және III дәрежелі күйіктер өмір бойына тыртық болып қалады және 
шаштың өсу бағыты өзгереді. Күйдіруден кейін нәтижесі ойдағыдай болмаса, 
2 - 6 аптадан кейін қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет