Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Таңғыш түрлерінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет46/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129
оперативтік хир 8 н

Таңғыш түрлерінің жалпы сипаттамасы 
 
Басатын таңғыштар жаралардан қан кетуде, буынға, екі жұмсақ ұлпа 
арасындағы кілегейлі қаптарға қан құйылуда, буындардың, сіңірдің, сіңірлі 
қынаптың кілегейлі қаптары жіті асептикалық қабынуларында т. б. 
процестерде қолданылады. Зақым келген аумаққа мақта қабатын қалыңдап 
салады, содан соң оны холстық бинтпенен қатты орайды. Қысымды күшейту 
және таңғыштың фиксациясын жақсарту үшін, сыртқы қабатты салқын сумен 
сулайды (бинттеуден кейін) немесе үстіңгі жағынан резеңке бинтті орайды. 
Бинттеуді сырттан орталыққа қарай жүргізеді (тұяқты, құлақ, құйрық, мүйіз 
аумақтарында бинт түрлері кері бағытта жүргізіледі). Басатын таңғыш қан 
айналымының бұзылуларын шақырмау керек. Бұл шартты сақтағанда байлам 


104 
мезгілі тәуліктерге дейін созыла алады. Әрбір тәулікте 2-3 сағаттық үзілістен 
кейін, бүкіл емдеу кезеңінде таңғышты қайтадан салады. 
Жарадан қан кету кезінде алдымен стерилденген дәке компресс жабады 
және содан соң таңғышты қолданады. 
Жаралық таңғыш. Жараларға таңғыш қорғау ролін орындай отырып, 
қуыстарда жиналған экссудаттардан босату керек. Осы мақсатта таңғыш 
сорып алу қабілеттілігі үлкен, сонымен қатар жұмсақ және икемді материал 
қолданады. 
Жаралық таңғыштардың келесі түрлері белгілі: 
а) Өткізгбейтін (окклюзиондық) буындарға, іш, кеуденің өткізгіш 
жараларына көрсетілген, сыртқы қабатын эмульсия немесе сүртпе майлармен 
сіңіреді болмаса целлофанмен қаптайды. 
б) Құрғақ сорып алушы тағыш негізгі 3 қабаттардан тұрады: сорып 
алушы (дәке компрессі немесе анжы), қабылдайтын (мақта, лигин немесе 
мақта - дәке жастықшалары) және булаушы (сыртқы таңғышты ұстап тұрушы 
қабат). 
в) Дымқыл - кебуші сорып алушы таңғыш алдыңғыдан 
айырмашылығы, сорып алушы қабатына сорып алуға қарсы антисептикалық 
сұйықтықпен сіңірілген (сулы не спиртті ерітінділермен). 
г) Дымқыл сорып алушы таңғыш сіңіргіш қабатының натрий хлориді, 
күкіртқышқылды 
натрий, 
күкіртқышқылды 
магнезия 
және 
басқа 
гипертоникалық 
ерітінділермен 
сіңірілгенмен 
сипатталады. 
Осы 
ерітінділердің әсерінен жарадан таңғышқа ағын күшейеді, ішкі қабатты 
қосымша сіңіру үшін оны сыртынан сулайды немесе таңғыш қабатына құбыр 
дренажды орнатады, ол арқылы керек кезде ерітінді енгізеді. Дымқыл 
сорушы таңғыш жазылудың бірінші фазасында, оның некротикалық 
ұлпалардан тазартылуына дейін, жақсы әрекет көрсетеді. 
д) О.Б. Лепешинскаяның әдісімен қанды жаралық таңғыштар. Б. 
Лепешинская зерттеулерімен дәлелделген, орга-низм - күрделі жүйе, тек 
торшалардан емес, сонымен қатар торшаларда орналастырылмаған тірі 
заттардан тұрады. Организмде оның өмірлік процессінде торшалардың тірі 
заттарға ыдырауы және дамуы, торшалардан тыс жерде орналасқан немесе 
торша ыдырауынан болған тірі заттан жасалады. Торшаға қан кетуде 
лимфоцитен және фиброцитен грануляциялық ұлпалардың жасалуына ұсақ 
тірі заттар бөлінеді. Қанды жаралардың жазылу процесін тездетеді, осымен 
орайлас, жараларды қанмен емдеуі үлкен тәжірибелік мағынаға ие болады. 
Қанды жараларға таңғыштарты салу техникасы. Жылы, жаралы малдан 
немесе басқа малдан алынған әлі ұйымаған қанмен, стерилденген 4-5 қабат 
бүктелген дәкеге сіңіріледі. Дәкені жараға жылдам таңады, мақта қабатымен 
жабады, таңғышпен немесе типті бинтпен бекітеді. Күн сайын гемотаңғышты 
алмастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет