96
Сурет 76 Құрсақ қуысына инъекция жасауда инені енгізу орны
Сүйек кемігі капиллярлар жүйесіне бай. Соған қарай сүйек ішкі
инъекцияларды көктамыр ішкі инъекциялардың бір түрі деп есептейді.
Оларды көбіне шошқаларға қолданады. Кассирскидің, Симонянның арнайы
инелерін немесе жақсы бекітілген мандерді құралдарды пайдаланады (сурет
77).
Сурет 77. Сүйек ішіне инъекция
жасауға арналған инелер:
1)
Кассирскидікі; 2) ИС – 2 (Симонян және Петровскидікі)
Интрастернальды инъекцияларды төс сабын немесе кеуде қуысының
бірінші екі сигментіне салады. Шошқаны оң қырынан бекемдейді. Инені
кеуде сабының қыр беткейінің сыртынан, оның алдыңғы аяғынан 3-4 см ары
немесе төс сүйегінің сегментінің орта сызығының қырынан енгізеді.
Мандренді инемен
алдымен жұмсақ ұлпаларды тесіп, бұрау әрекеттерімен
кортикальды пластинканы перфорилдейді (иненің қуысқа түсіп кеткен сезімі
оны дәлелдейді). Сонан соң мандренді шығарады. Ерітіндіні біраз күшпен
енгізеді.
Тоқпан жілікке инъекциялар. Инені тоқпан жіліктің дельта тәрізді
өсіндісінен 1 см артқа қабыршақтанған сүйекке және сәл жоғары енгізеді.
Жұқа картикальды пластинканы тескенде сүйектің губкалық затының
тесілгені трабекулдардың қытырлағынан сезіледі. Осылайша асықты жіліктің
жоғарғы эпифизіне, өкше, мықын, шонданай сүйектерінің төмпешіктеріне
инъекцияны салады.
97
Жүрек ішкі инъекциялар жүрек тоқтағанда алғашқы 5 мин ішінде
1:1000 гидрохлорид адреналин ерітіндісін енгізу арқылы жасалады. Төс
сүйекке жақын сол жағынан 5-ші және 6-шы қабырғалар арасында, инені 3-5
см тереңдікке енгізеді. Ерітіндіні ірі малдардың сол қарыншасына 10 мл,
ұсаққа 0,25 - 1 мл мөлшерде инъекциялайды.
Достарыңызбен бөлісу: