Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет49/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129
оперативтік хир 8 н

Құйрыққа таңғышты – құйрық жаралануында және санда, жамбаста, 
шап аралығында жара болғанда, пішуде жаралардың ластандырмау үшін 
таңылады (сурет 84). Бинттеуді шиыршықтап майыстырулармен құйрық 
түбірінен бастайды, таңғыш жақсы ұстау үшін, әрбір тур үстінен бұрым 
шашты қалдырып отырады.


109 
Сурет 84. Құйрықта бинт таңғышын салу тәсілі 
Арнайы таңғыштарды бөзден, кенептен (дәкені қолданбаған жөн) 
әзірлейді және оларды басқа таңғыштар нашар бекітетін жерлерге салады, 
малдың денесінің кейбір аумақтарына сәйкес пішіп тігеді.
Каркас таңғыштары негізінде лайықты тіреулік материалы (жиірек 
сымнан) болады. Оны білекке, сирақтарға, тілерсек буындарына, иыққа, 
шоқтықты және арқа аумақтарын таңып бекітуіне арналған. 
Білек және сирақ аумағына каркас таңғышы (Андреевтікі) таңатын 
материалды жақсы ұстап тұру үшін салынады. Каркас жұмсақ төрт 
кішкентай сым кесектерінен тоқылады, ұзындығы білек ұзындығына немесе 
малдың сирақтарына сәйкес болу керек (екі қысқа сым, білектің ішкі 
жақтарында, екі ұзын сым сыртқы жағында болуға тиісті). Буынды жоғарғы 
жағынан және төменгі жағынан резеңкемен байлайды, сымдармен екі 
резеңкені тартып бекітеді. Әрбір сымға теріні жарақаттамау үшін резеңке 
түтік кигізеді. Каркас салуының алдында білекті (сирақы) 2 - 3 қабат таңғыш 
материалмен орайды, оның үстіне каркас салынады. Одан кейін резеңке 
трубкалардың азат аралықтарын соңғыларын өзімен байланыстырады (сурет 
85).
Сурет 85. Білекке салынған каркас таңғыштар 


110 
Тілерсек буынға каркас таңғышын салу (Андреев бойынша) – тұсамыс 
буынынан жоғарырақ және төмен сызықпен таңатын материал, тек қана 
тыныштықта емес сонымен қатар қозғалыста да таңғыш бекітітіп, жақсы 
ұстап қалады. 
Таңғыш құрылысы: 1) Диаметрі 4 - 8 см резеңке сақина және оған 
таққан ара қашықтықтары бірдей төрт дәкеден тоқыма баулар. Сақинаны 
резеңке түтіктен әзірлейді (сурет 86); 2) Екі қабатталған мақта - дәке 
компрессі, ұзындығынан да, енінен де буынды 1,5-2 қабатқа толығымен 
жабу үшін жететіндей болуы шарт. 
Тілерсек буынына компресс салғаннан кейін, үстінен резеңке сақина 
қигізеді екі резеңке баумен мықталып бекітеді.
Сурет 86. Тілерсек буының таңғышы 
 
Желім таңғыштары. Арнайы желіммен терісіне немесе жүніне 
бекітіледі және малдың кез келген дене аумағына салуға болалады. Олар 
басқа таңғыштардың алдында біршама артықшылықтары бар: салуы 
бойынша техникасы қарапайым, таңатын материалдың ең аз санын талап 
етеді, мүшелерді ығыстырмайды және қалыпты қан мен лимфа айналымына 
кедергі жасамайды, жара айналасын байқауға еркін рұқсат етеді (сурет 87). 
Таңғыштарды шешпей жара ортасына жабысып тұратын таңатын 
материалды алмастыруға мүмкіндік береді. Желімнің бірнеше түрлері 
пайдаланады. 


111 
Сурет 87. Желім таңғышты даярлау (а) және қолдануы (б
Коллодий – коллоксилиннің спирт және эфирді қоспасындағы 
жабысқақ ерітінді, еріткіш булануынан кейін тығыз қабыршақты 
құрастырады. Оны операциялық жараларды қорғауына немесе анатомиялық 
қуыстарына пункция жасаған орындарына (кеуде, құрсақ, буын капсулалары) 
қолдануына арналған. Ол үшін жараны гигроскопиялық мақта қабатымен 
жабады, үстінен коллодийды біркелкі жағады. 
Казеин желімі – (фабрикаларда дайндалады) СП-104, СП-105 
маркалары болады, ақ және сұр түсті ұнтақ. Судың 1,5 мөлшерін желімнің 1 
мөлшерімен араластырғанда алғашқы 2 минутта қою масса пайда болады. 
Сонан соң кілегей түріне ауыса бастайды, 4-ші минутта қолдануға дайын 
болады. Одан ары қолданбаса 10-15 минуттан кейін қолдануға жарамсыз 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет