Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет52/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


118 
АРНАЙЫ БӨЛІМ 
Бас аумағындағы операциялар 
Жалпы топографиялық деректер. Бас пен мойын аралық шекарасы 
төменгі жақтың артқы жақ бұтақтарымен сегментальды өткізілген 
жазықтықпен анықталады. Бас аумағы – бас сүйек, ми және бет бөлімдеріне 
бөледі, олар көз шараларының артқы шетінен, шықшыт сүйек доғасынан, 
төменгі жақтың бұтақтарынан өтетін сызықпен шектеледі (сурет 94). 
 
Сурет 94. Н.В.Садовский бойынша Ірі қара малдың топографиялық ) және 
жылқының (Б) аумақтары: 1 - бет; 2 - бас сүйегі - ми; 3 - шүйке; 4 – жақтың арты; 5 - 
дорсальды және 6 – вентралдық мойын бөліктері; 7 - шоқтық; 8 - арқа; 9 -жақ; 10 – 
вентралдық бөлік; 11 - алдыңғы төс ұшы; 12 - бел: 13 - жұмсақ құрсақ қабырғасы; 14 - 
жауыр - иық; 15 - шынтақ және білек буыны; 16 - білек; 17 - алдыңғы сирақ және тұяқ; 18 
– бөксе; 19 - жамбас; 20 - тізе буыны және сирақ; 21- тілерсек; 22 - тілерсек және тұяқ; 23- 
құйрық 


119 
Ірі малда бастың бет бөлімдерінің келесі белгілірі жеңіл анықталады: 
ірі қара малда ұрт төбесі, жылқыда бет тарақ сүйегі. Бұл малдарда төменгі 
жақтың буыны, танау-жақ, жақтарының аралық бұрыштары, төменгі жақтың 
бұрышы, көзастыңғы және иектік тесіктері, сыртқы шайнайтын бұлшық ет, 
алдыңғы қатары сонымен қатар, жылқыда арнайы ерінді жоғары көтергіштін 
шеті, тамырдың ойық кесулері жеңіл анықталады, және тері астындағы көз 
бұрышының күретамыры жақсы байқалады. 
Бас сүйек - ми аумағы ірі қара малда тегіс, ал жылқыда дөңес алаңды 
болады. Онда жүйке және сыртқы маңдай тарақтары, маңдай сүйегінің, 
шықшыт сүйегінің өсіндісін, самайдың кішкене шұңқыршығын ұстап сезуге 
болады. Ірі қара малда орбита және бас медианалық сызығы аралығы бірдей 
қашықтықта орналасады. Көз үстіңгі тесігі және көз үстіңгі науашаны 
сипалап табуға болады. Жылқыда науаша жоқ болады, ал тесік орбитаның 
медианалық жақтар орнының деңгейінде орналасады. 
Бас 95 және 96 суреттерде көрсетілген аумақтарға бөлінеді.
Терінің жүйкелену аймақтары (сурет 97). Ірі қара малда және жылқыда 
бастың барлық тері көлемі, төменгі жақ көлемі және жартылай құлақ 
қалқасының аумағы, үштармақты жүйкенің (n. trigeminus) бұтақтарымен 
жүйкеленеді. Бұл жүйке бас қаңқасының ішінде тағы үш бұтаққа бөлінеді: 
1) 
Көздік жүйке (n opthalmicus) жылқыда көздің саңылауынан, ал 
мүйізді малда – көздің жұмыр тесігі арқылы шығады. Оның бұтақтары 
болады: көз жасы жүйкесі (күйіс қайырушыларда мүйіз жүйкесін қайтады), 
маңдай, танау (оның бұтақтары - тор тесік және блок астындағы жүйкелер); 
2) 
Үстіңгі жақтың жүйкесі (n. maxillaris) жылқыда сына тәріздес 
таңдай шұңқыршақ тесігінде пайда болады, ал мүйізді малда көздің дөңгелек 
тесігі арқылы шығады. Ол шықшытты, көз астыңғы, сына-таңдайлы 
жүйкелерге бөлінеді (оның бұтақтары - аборалды танау, үлкен және кішкене 
таңдай жүйкелері);
3) 
Төмеңгі жақтың жүйкесі (n. mandibularis) жылқыда бас сүйектің 
қуысынан сопақ ойық, ал мүйізді малда сопақ тесік арқылы шығады. Ол 
ұрттық, шайнайтын, самай, терең және үстіңгі, тілдік, қанаттық, жақаралық 
және астыңғы жақтың шұнқырлық жүйкелеріне тармақталады. 
Бас терілерінің қалған аумақтары мойын жүйкелерінің бірінші екі 
бұтақтарымен жабдықталады. 


120 
Сурет 95. Ірі қара малдын басының аумақтарға бөлуінуі (П. Попескомен): 
1-танау арқасы; 2–танау шеті; 3- танау; 4–қаңсар; 5- ұрт; 6– тіс көлемі; 7– төмеңгі 
жақ көлемі; 8– ерін; 9– иек; 10– маңдай; 11– көз шарасы; 12– көз асты; 13– шайнайтын 
бұлшық ет; 14–төменгі жақтың шеті; 15– самай; 16-төбе; 17- шықшыт; 18- жақ буыны; 19– 
құлақ; 20- құлақ қалқаны; 21–құлақ маңайы; 22– көмей; 23– әукелік; 24–атланттың 
қанаты; 25– күре тамырдың ойысы; 26– мүйіз 
Сурет 96. Жылқының басын аумақтарға бөлуі (П. Попескомен): 
1–танау арқасы; 2–танау шеті; 3- танау; 4 - 6 ұрт; 5– тіс көлемі; 6– төменгі жақтың 
көлемі; 7- ерін; 8- иек; 9-көз асты; 10–шайнайтын бұлшық ет; 11- көз; 12–маңдай; 13– 
төбе; 14–самай; 15– көз үсті; 16- шықшыт; 17- жақ буыны; 18- құлақ маңайы; 19– көмей; 
20- төменгі жақтың шеті; А – танау; Б – жоғарғы ерін; В – төменгі ерін; Г – тамырлық 
ойық; Д – бет тарағы; Е – кекіл; Ж – жал; З – құлақ қалқаны; Ж – атлант қанаты; К– күре 
тамыр ойысы; 


121 
Сурет 97. Бас аумақтарының терісінің жүйкеленуі: 
А - ірі қара мал; 1- көзастыңғы жүйке; 2- блокасты; 3- маңдай; 4- мүйіздің жүйкесі; 
5– шықшыт; 6- үстіңгі самай; Б- жылқы; 1- маңдай; 2- блокасты; 3– шықшыт; 4- көзасты; 
5- иек; 6-үстіңгі самай; 7- мойын жүйкелердің вентральдық бұтақтары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет