Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


  Авроров бойынша көз маңын новокаинмен тежеу



Pdf көрінісі
бет101/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129
оперативтік хир 8 н

 


202 
Авроров бойынша көз маңын новокаинмен тежеу. 
 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): кератит, 
кератоконьюктивит 
Операция техникасы: Ірі жануарларды тұған күйінде ал ұсақ 
жануарларды жатқызып бекемдейді. Көздің орналасқан аумағын 0,02% -ды 
фурацилин немесе 0,1% -ды этакридин лактат ерітіндісімен өңдейді. 
Жануарды дайындағаннан кейін инъекциялық инені жоғарғы қабақтан 
көздің сүйек орбитасының ортасынан қарама қарсы жақтағы құлақ 
қалқанына қарай бағыттап енгізеді. Инені ірі қара жануарларда көз 
алмасының ортасына 6-8см, ал ұсақ жануарларда 4-5см тереңдікке 0,5%-ды 
новокаин ерітіндісін ірі малдарға 15 мл, ал ұсақ малдарға 7-10мл мөлшерде 
инъекциялайды. Содан кейін қабақтың төменгі жағының ортасынан сол 
бағытта, сол тереңдікте және дәл сол ерітіндіні енгізеді. Инені аларда осы 
ерітіндінің төрттен бір бөлігін конъюктива астына инъекциялайды. Қажет 
болған жағдайда тежеуді 4-5 күннен кейін қайта жасауға болады. 
 
Голиков және Шитов бойынша мойынның краниальды 
симпатикалық түйінін тежеу 
 
Операцияға 
көрсетулер 
(операция 
жасалатын 
жағдайлар): 
конъюктивит, кератоконъюктивит, панофтальмиттің бастапқы сатысы және 
бас аумағының басқа да патологиялары. 
Операция техникасы: Ірі жануарларды тұған күйінде ал ұсақ 
жануарларды жатқызып бекемдейді. 
Жануарды дайындағаннан кейін басты горизонтальды бағытта бас-
мойын иілімін жасап, атлант қанаты мен желке сүйегінің аралығынан 
мойындырық өскінін ұстайды. Инені теріге перпендикулярлы, мойындырық 
өсіндісіне бағыттап, 2-4 см төменге (кардиодорсальды) мойындық-жақ 
бұлшық етіне 0,25-0,5% новокаиннің жылы ерітіндісін ірі малдарға 50-60 мл, 
ұсақ жануарларға 15-30 мл инъекциялайды. Тежеуді 3-4 күннен кейін 
қайталауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет