204
Иненің дұрыс орналасқандығын қанның болмауымен
және поевра ұуысына
ауаның еркін өтуімен анықтайды.
Бұзауда, қой мен итте жануар денесіне қарай инені 5-8 см тереңдікке
енгізеді.
Иненің дұрыс тұрғандығына көз жеткізгеннен кейін инені сол қолмен
ұстап, оң қолмен 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті кигізеді және
ерітіндіні енгізеді. Тежеудің дұрыстығына 1-2мл ерітіндіні енгізгеннен кейін
шприцті инеден алып көру арқылы анықтайды.
Егер ине дұрыс орналасса
инеден ерітінді шығады. Новокаиннің толық мөлшерін тек иненің дұрыс
орналасқанына көз жеткізгеннен кейін ғана жібереді.
Бұзауларға тежеуді тұрған күйінде жасауға болады. Ол үшін бұзауды
дуалға бекемдейді. Егер тежеуді оң жақтан жасайтын болса жануарды дуалға
сол жағымен немесе керісінше бекемдейді. Содан соң көмекші қажетті
шынтақ буынын мойынға қарай көтереді.
Жануарды дуалға тақар тұрып
хирург тежеуді жасайды.
Тежеу үшін жаңа дайындалған 0,5% новокаин ерітіндісін дене
массасына сай қолданады: бұзауға 10-20мл, ірі қара малға 60-80мл, құлынға
3-5мл, қойға 10-12мл, итке 5-15мл екі жағынан. Дене температурасына дейін
қыздырылған 0,5% новокаиннің ампуладағы ерітіндісін пайдалануға болады.
Шошқаларды тежеу. Ересек шошқаларды тұрған күйінде, ал
торайларды бүйірлеп бекемдейді. Инені енгізетін орын екі сызықтың
түйіскен жері: көздің сыртқы бұрышынан дене осіне параллельді жүргізілген
сызық пен жауырынның каудальды ұшынан жүргізілген вертикальды сызық.
Бұл нүкте 4 қабырғааралық пен жауырын төмпегінен 3-5 см каудальды
орналасады. Орынды өңдегеннен кейін инені теріге
перпендикулярлы енгізіп,
бағытын өзгертпей омыртқа денесіне дейін енгізеді. Жұрыс енгізгенде ине
ұшы омыртқа денесіне тиеді.
Инені енгізгеннен кейін шприцті жалғап 0,5% новокаин ерітіндісін:
торайларға 5-10 мл, марқа торайға 10-15 мл, шошқаға 15-20 мл екі жағынан
инъекциялайды.
Жылқыны тежеу. Жануарды тұрған күйінде бекемдейді. Пальпация
арқылы жауырынның каудальды бұрышын анықтайды және инъекция орнын
дайындайды. Ұзындығы 10-15 см, ені 1,5 мм инені теріге перпендикулярлы,
жауырынның каудальды ұшы деңгейінде 7 қабырғаның алдыңғы бөлігіне,
бағытты өзгертпей омыртқа денесіне дейін енгізеді.
Иненің дұрыс
орналасқандығын анықтап, 0,5% новокаин ерітіндісін екі жаққа құлындарға
15-20 мл, жылқыға 50-60 мл инъекциялайды. Қажеттілігіне байланысты
барлық жануарларда тежеуді 3 күннен кейін қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: