207
Қысқы новокаиндік тежеу
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): қабыну
процесінің алғашқы сатысы. Іріңді қабынуларда новокаиндік тежеумен қатар
антибтотиктерді қолданған жақсы әсер етеді.
Операция техникасы. Тежеудің мақсаты
новокаин ерітіндісін немесе
антибиотиктерді қабынған ошаққа тікелей және айналдыра егу. Операция
орнын хирургиялық ережеге сай дайындайды. Патологиялық ошақтан 6-8 см
алыстан ұзын және жіңішке инъекциялық иненің көмегімен 37-38ºC
жылытылған 0,25-0,5% новокаин ерітіндісін енгізеді.
Ерітіндіні қабаттап
енгізеді.
Қысқа новокаиндік тежеу 1,5-2 сағатқа созылады. Жоғары нәтижеге
жету үшін алғашқы екі тәулікте қайталайды.
Циркулярлық новокаиндік тежеу
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): аяқтардың
дистальды аумағындағы патологиялық процестер
Операция техникасы. Жануарды жатқан немесе тұрған күйінде
бекемдейді. Операциялық орынды хирургиялық ережеге сай дайындайды.
Жылы ерітіндіні зақымдалған жерге 4-5 жерден енгізеді.
Қажет болған
жағдайда ерітіндіге антибиотиктер қосады. Ерітіндіні тері астына қабаттап
содан кейін сіңірге енгізеді. Тежеуді 1-2 күннен кейін қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: