Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жылқының кеуде аяқтарының өткізгіштік жансыздандыру



Pdf көрінісі
бет108/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жылқының кеуде аяқтарының өткізгіштік жансыздандыру
Әдетте, жансыздануды аяқтың дистальды бөлімдеріндегі орталық, шынтақ 
және бұлшық ет – тері жүйкелердің тері бұтақтарының сезгіштігін өшіру 
үшін орындайды. 


210 
Орталық жүйкені тежеу. Көрсетуі. Ақсақтықта, шынтақ жүйкемен 
бірге диагностикасын жасау үшін, сонымен қатар бұлшық ет – тері жүйке 
бұтақтарымен үйлестіріп, аяқтың білектен төмен учаскелерінде барлық 
операцияларды жасағанда тежейді. 
Бекітуі. Түрегеп тұрған жайда қарама-қарсы тұрған аяқты аздап 
көтерген жайда. 
Тежеу техникасы. Ерітіндіні шынтақ және кәрі жілік бүккіштердің 
арасындағы бұлшық ет науашасына, білектің медианалдық беттерінде, 
алақан енінен каштаннан жоғарырақ инъекциялайды (сурет 154). №0890 
инені кәрі жіліктің медиопальмарлық бетіне горизонтальдық бағытпен 
айтылған науашаға қадайды. Ине сүйекке тигенде, оны аздап шығарып, әр 
түрлі жақтарға 15 мл 3% - тік новокаин ерітіндісін инъекциялайды. Жіліншік 
және саусақтардың медиопальмардық беттері жансызданады. 
Сурет 154. Жылқының орталық жүйкесін тежеуі:
Сурет 155. Жылқының 
а – кәрі жілік және б — шынтақ бүккіштері
шынтақ жүйкесін тежеу 
Шынтақ жүйкесін тежеуі. Көрсетуі. Ақсақтықта ауырсыну ошағын 
анықтау үшін орталық жүйкемен бірге, сонымен қатар орталық жүйкемен 
бірге жүйкелейтін облыстарды ауырсынуды сезбеу мақсатымен қолданады. 
Бекітуі. Түрегеп тұрған жайда, қарама-қарсы аяқты аздап көтерген 
жайда. 
Тежеу техникасы. Білектің пальмарлық беттерінде шынтақ бүккішімен 
және тізе жазғышымен құрылған шынтақ науасын сипалап табады. Сол 
науада, қосымша сүйектен алақан кеңдігі (10 - 12 см) жоғарырақ білек, 1 - 2 
см тереңдікке тері астында білектің терең тығыз фасциясы тесілгенше 
жіңішке инені қадайды (сурет 155). 10 мл ерітіндімен инъекциялайды. 
Тізенің және жіліншіктің латеральдық бөлімі жансызданады. 


211 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет