Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет111/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129
оперативтік хир 8 н

Пальмарлық 
жүйкелердің 
пальмарлық 
бұтақтарының 
невректомиясы. Көрсетуі. Тиек буының көп уақытқа созылған асептикалық 
қабыну құбылыстары; тұяқ және тиек сүйектердің сынуларынан, сүйек 
күстері дамып, сол себепті болған ақсақтарда. 
Бекітуі. Сау аяғы жағына жатқызып. 
Жансыздандыруы. Рауш наркоз және тұсамыс буынның үстінен екі 
жақынан пальмарлық жүйкелерді жансыздандыру. Резеңке жгут салынады. 
Операция техникасы. Аяқты керіп, алға тартып созады, тұсымыс 
буынның 
бүктеуінің 
ортасынан 
бірнеше 
жоғарырақ, 
медиалдық 
(латеральдық) жақта саусақтың терең бүккіш сіңірін бойлай, 5 см 
ұзындықпен, теріні және терінің асты клечатканы жарып тіледі. Жараның 


214 
тереңдігінде үстіңгі жағында қиғаш жүрген жуандығы 2 мм шпора сіңірі 
табылады, оны жарып, іскекпен шетке шығарады. 
Сол сіңірдің астында борпылдақ шелде, қан тамырлары және
пальмарлық жүйкенің пальмарлық бұтақтары орналасады. Пальмарлық 
жүйкемен бірге жатқан қан тамырларын және қоршаған ұлпаларды іскекпен 
сақ бөлектеп кесіп алады. Жараға түйінделген тігіс және таңғыш салынады. 
Екінші жақтағы жүйкеге осы тәсілді қолданады. Тігістерді 8 - 10 күннен 
кейін шешеді. 
 
Синовиальдық қапшығына, сіңір қынаптарына және буындарға 
операция жасау 
 
Жалпы анатомиялық ескертпелер. Синовиальдық қапшықтар - 
бурсалар - мал денесінде мол тараған, дене қозғалыс элементтері (тері, 
бұлшық еттер, фасциялар, сіңірлер және байламдар) жүретін орындарда 
орналасып олардың қозғалысын жеңілдетуге қажетті. Қапшықтың қабырғасы 
төрт қабаттан түзеледі. 
Сіңір қынабы - екі цилиндрды синовиальқ қабық, бірі тығыз сіңірмен 
қосылған - висцеральдық жапырақша (эпитенон), ал екінші қоршаған дәнекер 
ұлпамен қосылған — париенталдық жапырақша (перитенон). екеулерінің 
біріне бірі айналған жапырақшалардың беттері синовиальдық, сіңір қынап 
қабырғаларының сырғанау жеңілдететін, мөлдір, сәл созылмалы сұйықтықты 
өндіріп шығаратын қабықпен жабылған. Сіңір қынаптың висцеральдық 
жапырақшасы париенталдыққа ауысатын орынды - мезотенон деп аталады. 
Буындар. Буынның капсуласы екі қабықтан түзеледі - синовиальдық 
және фиброздық. Синовиальдық қабық екі қабатты болады. Буын бетін 
төсеуші ішкі қабат, көптеген орындарында бүрме және домбығып 
шығуларды құрастырады; мына қабат синовиді өндіріп шығарады. Сыртқы 
қабат майлы және, қан және лимфа тамырлары, жүйкелік талшықтардың өте 
мол дамыған дәнекер ұлпа клеткаларынан түзеледі. Буын капсуласы байлам 
және фасциямен нығаймаған орындарда, кейде тері астында жұқарып, сыртқа 
синовиальдық қабатта домбығып шығулар құрылады - буын дивертикуласы. 
Бұл құрылымды хирургияда буын қуысына жету үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет