Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Ұсақ мал аяқтарының ампутациясы



Pdf көрінісі
бет120/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Ұсақ мал аяқтарының ампутациясы
 
Көрсетуі. Көптік ашық сынулар, аяқтың мыжылып езілуі, үлкен 
көлемді ісіктер, гангрена. 
Бекіту және жансыздандыруы. Малды сау аяғы жағына жатқызады. 
Жалпы 
наркоз 
қолданады. 
Аяқтың 
дистальдық 
буындарының 
ампутациясында, премедикациядан кейін, көлденең кесу жансыздануын 
пайдаланады. 
Операция техникасы. Ампутацияға белгіленген орынан проксимальды, 
оны сау ұлпалардың шектерінде орындауы қажетті, резеңке жгут таңылады. 
Зақымдалған учаскені стерилденген майлықпен орап қояды.
Ампутацияның 2 негізгізделген әдісі бар - айналма немесе құрақты 
кесулерді қолданумен. Бірінші әдісті аяқтың проксимальдық буындарын - 
білек, сирақ; екіншіні – дистальдық бөлімінің ампутациясында қолданылады 
(сурет 170).
Сурет 170. Иттің аяғының ампутациясындағы кесулері, а - айналмалы; б - құрақты 
Ампутацияның барлық түрлерінде екі кезең кесуді істейді. Алдымен 
скальпель немесе ампутациялық пышақпен теріні және үстіңгі фасцияны 
жарып тіледі. Содан соң, оларды 1 - 2 см проксимальды тартып бұлшық етті 
сүйекке дейін тіледі. Сүйек қабығын тіліп ашып, алдын ала бұлшық еттерді 2 
- 3 см проксимальды тартып, сүйекті хирургиялық арамен кеседі. Құрылған 
кесікке қалдығындағы салынған резеңке жгутты сәл босатып, қан 
тамырларын мұқият торзильдейді. жағады әлін кетіріп, жүйкелерді алдымен 
іскекпен кесіктің қалдығының деңгейіне дейін тартып кесіп алады. Кемікті 


232 
өткір қасықпен 0,5 см тереңдіктен қырылады. Сүйек үгінділерді және 
ұпланың үзіктерін тазартып алады. Жараны жабық түйінделген тігіспен тігіп 
қояды. 
 
Құйрық экзартикуляциясы 
 
Анатомо - топографиялық деректер. Құйрық негізі - құйрық 
омыртқалар, олардың тек қана бастапқыларында тұйық невральдық 
доғаларды және өсінділері болады. Омыртқалар бірімен бірі шеміршекті 
тегеріштермен қосылады. Құйрық өте тығыз терімен жабылған, оның 
астында борпылдақ дәнекер ұлпаның жұқа қабаты болады. Дорсальды, 
вентрально және құйрықтың бүйірлерінен жүргендер бұлшық еттер көтергіш, 
түсіргіш және абдуктортық ролін атқарады; олар бұлшық еттердің әрбір топ 
бөлетін 
қалқа 
жасайтын 
тығыз 
фасциямен 
жабылған. 
Құйрық 
омыртқалардың ветральдық бетімен жүрген ірі құйрық тамырымен және 
латеральдық (дорсальдық және ветральдық) омыртқалардың бүйір 
жақтарында жатқан құйрық тамырларымен қанмен қамтамассыз етіледі. 
Көрсетуі. Ісіктер, ашық сынулар, құйрықтың некрозы; биязы жүнді 
тұқымды қозыларын құйрығы және артқы аяқтары несеп және нәжіспен 
ластандырмау нәтижесінде; иттердің кейбір тұқымдарын әшекелеу 
мақсатымен.
Бекітуі. Ірі малды бұрау немесе танау қысқыштарын қолдануымен 
станокта бекітеді; ұсақ малды жатқызып. 
Жансыздандыруы. Аласа сакральді жансыздану немесе дорсальды және 
ветральды құйрық жүйкелерін өткізгіштік тежеу, 4-ші омыртқадан әрі емес, 
жоғарырақ және көлденең–қабырғалық өсінділерден төмен. Жас 8-10 күндік 
күшіктерге инфильтрациоялық жансыздандыру. 
Операция техникасы. Мүмкіншілікпен теріні құйрықтың негізіне 
жылжытып оған резеңке жгут салынады. Омыртқа арарлықта тұрған 
тегерішті анықтайды, ол арқылы қайсы экзартикуляция жүргізіледі. Оны 
пальпациямен омыртқалардың қосылуындағы жуандылықпен анықтайды . 
Иттердің тұқымына тәуелді косметикалық экзартикуляцияны әр түрлі 
құйрық деңгейлерінде істейді. Боксер, доберман, пойнтерлерде 2 құйрық 
омыртқа қалдырып кеседі; төбет, спаниель, терьер т.б. иттерде құйрықтың 
1/3 - ¼ ұзындығын қалдырады. 
Ірі малда ампутация жасайтын орын айқындалғаннан кейін, оның 
жүнін қырып, зарарсыздандырып, жансыздандырады, содан сон каудальды 
және вентральды 2 доғал тәрізді тері қиығын тіліп жасап, оларды іскекпен 
құйрық негізіне қарай бүгіп, скальпельмен омыртқа арасынан кесіп өтеді. 
Жгутты сәл әлсіретіп, қанаған тамырларды байлайды немесе торзильдейді. 
Тері қиықтарын түйінделген тігіспен тігеді. Күшіктерге және қозыларға 
циркулярлық кесуді істейді. Теріні құйрық негізіне арқасына қарай тартады, 
оның молдығымен омыртқаны толық жабады. Теріні ілмек тігістермен тігеді. 
Өгізшелерге экзартикуляцияға жасауға эмаскуляторды қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет