228
Мына орында капсула буыны зақымдалмайды. Содан соң тенотомдың
өткір бөлімін байлам жағына бұрып, ішінен сыртқа байламды және тереңді
фасцияны кесіп тастайды (сурет 167). Әлі кеткен кедергілік
және сипатты
сықырлаудың жоғалуы байламның кесуі туралы куәландырады. Жақын арада
тобық өзі орынына тұрып, буынның шығуы жойлады. Тері жарасын
түйінделген тігіспен тігіп және коллодиймен желімдеп тастайды.
Сурет 167. Тобықтың медиальдық түзу байламының десмотомиясы
Жылқының тері асты өкшелік бурсаның экстирпациясы
Көрсетуі. Тері асты өкшелік бурсаның созылмалы серофибринозды
қабынып оның қабырғаларының қатты қалыңдауы.
Бекітуі. Сау аяғы жағына жатқызып. Операция жасалатын аяқ астына
арнайы жастықты салады.
Жансыздандыруы. Рауш наркозы, асықты
жілікті және сирақ жамбас
тері жүйкелерін тежеу.
Операция техникасы. Тілерсек буынан жоғарырақ резеңке жгут
салынады. Бурсаның дистальдық учаскесі терісін төменге айналған кесуді
істейді.
Теріні сыпырып, бурсаның қабырғасын барлық жақтардан ашады.
Бурсаның төменгі бөлімдерін бөліп алғанда ерекше сақ болу қажет. Ол үшін
бурсаны қысқышпен басып алып, сыртқа тарта түсе, қайшымен саусақ
беткілік бүккіш сіңірінен бөліп алады.
Сіңір бүйірлерінен подсухожильной синовиальдық қапшықтың
қабырғаларды алға шығуы мүмкін, оған зақым келтіруге болмайды. Қанаған
тамырларды торзильдейді немесе байлайды. Жараны антибиотик ұнтағымен
домдайды. Артық
қалған теріні кесіп алады, түйінделген жабық тігіс
салынады (сурет 168).
229
Сурет 168 Өкшелік бурситтың операциясының қорытынды кезеңі
Жылқыны қысқа байлауда ұстайды, және ол тігістердің алуына дейін
жатпағаны қажет. Тігісті 14 күннен кейін шешеді.
Операцияны бурсаның қабырғаларын алдын
ала жартылай қиратудан
кейін өткізуге болады. Ол үшін бурсаға жуан инемен пункция істейді,
сұйықтықты сыртқа шығарады, содан соң қуысты 10 - 30 мл 3 %- тік мыс
сульфат ерітіндісімен толтырады ( Хартог тәсілі).
5 күннен
кейін операция жасайды, жоғарыда айтылған доға тәрізді
кесуді жасайды. Бурса қуысын толық ашып, өткір қасықпен некротиздалған
ұлпаларды қырып тазартады. Қуысты фурацилина ерітіндісімен жуып
тазартады, стерилденген, йодоформ - эфирмен дымқылданған дәкемен
тампондайды. Дренажға арналған тесік қалдырып, ілмек тігіс салады, кәрізді
2—3 күн қатар жара құрғағанша қояды.
Достарыңызбен бөлісу: