Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Шпатта жасалатын операциялар



Pdf көрінісі
бет119/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Шпатта жасалатын операциялар 
Шпат емдеуі бірнеше тәсілі бар. Олардың мақсаты тілерсек буының 
аумағындағы ауырсынуды жою және ақсақтықты тоқтату. 
Бекітуі және жансыздандыруы. Жылқыны пішудегідей ауру аяқ 
жағына жатқызып бекітеді. Үйлестірілген наркоз қолданады. 
Операция техникасы. Петерс тәсілінде шпаттың экзостоз аумағында 
периостеотомия түзеледі. Шпаттан төмен өткір скальпельды теріге тік қойып, 
ұзындығы 1 см горизонтальдық кесуін өндіреді. Құрылған тесікке 2 
қайшыны енгізіп, терінің астынан екі V әрібі түрінде және олардын 
аралығында үшінші канал жасайды (сурет 169, а). Әрбір каналға скальпель 
жүзін енгізіп асықты жіліктік алдыңғы бұлшық етін медианалық аяғын 
сіңірін және сүйек қабығын жарып тіледі.
Операциядан кейін жараны тігіп және асептикалық таңғышты таңады. 
Аяғын өкше тақасыз тағамен тағалайды. Жылқыны 2 күн қысқа байлайды. 
Тігістерді 8 күннен кейін шешеді және тілерсек аумағына 3 минут сынаптың 


230 
қызыл майын ысқылап жағады. Малға 4 - 6 апта тыныштық береді. Мына 
операциямен буын әлсіз қимылдайтын сүйектерге анкилоз шақырып 
ауырсынуды және ақсақтықты жоюға тырысады.
Вамберг тәсілінің маңызы - шеттік невректомияны орындау яғни 
шпаттық экзостоз аумағын жүйкелейтін және оған жақын келетін жүйке 
бұтақшаларын кесуде. 
Жылқыны алдындағы тәсілдей бекітеді. Ауру аяқты тұсамыс буынын 
байлап мүмкіншілігінше артқа қарай тартып, тілерсек буынды барынша 
жазылдарады. 
Сурет 169. Шпатқа операция жасауы: а – Петерс тәсілімен; б Вамберг тәсілімен 
Операция орнын дайындаудан кейін буын ішкі беттеріне скальпельмен 
терісінде шпат экзостозы тұрған жерден проксимальды және дистальды 1,5 - 
2 см ұзындықпен 2 горизонтальдық кесуді істейді. Әрбір кесілген қуысқа 
кезекпен бұрыш астында иілген қайшыны немесе орнцангіні оң және сол 
жаққа енгізіп, шпаттық экзостозы тұрған жерін айнала теріні бөліп алады 
(ромбы түрі болып шығады). 
Содан соң жасалған каналдарға арнайы екі жүзді пышақты енгізіп,
шпат экзостозды айнала барлық ұлпаларды сүйекке дейін ромбы түрінде 
кесіп тастайды (б). Шпаттың алдыңғы шекарасынан жасырынды қантамыры 
өтеді.
Оны зақымдамау үшін, пышақтың тамырдың шектеріне дейін 
жылжытуын, үлкен саусақпен шектейді. Егер экзостоздың көлемі өте үлкен 
болып, тамырдың шектерінен асып жүрсе, онда пышақты тамыр және 
сүйектің арасына сақ енгізеді. Ұлпаларды кесу барысын, кейде аспапты көп 
рет қайталап кесетін қозғалыстарын жасағанда, ұлпалардың кішкентай 
кесектері мол бөлінеді. Оларды қанмен бірге уқалау шығаруы қажетті. 
Жараны ілмек тігіспен тігіп қояды. Операцияның үстіңгі жағын 
йодоформ - эфирмен суландырып, таңғыш таңады. Келесі күні домбығу 


231 
дамуы мүмкін. Сондықтан таңғыш үмеген кесулерімен оның жараға қысымы 
әлін кетіру қажет немесе таңғышты ауыстыру.
Таңғышты 2 - 5 күннен кейін шешеді. Операцияның сәтілігі, малды 
дұрыс күтуіне тәуелді болады. Малды операциядан кейін келесі күннен 
бастап, күн сайын 1/4 сағатан бастай ісіктің жағдайына тәуелді, оны 0,5 - 1 
сағатқа дейін үлкейтеді. Ісік жоғалудан кейін желуге рұхсат етіледі. 10—14 
күннен кейін 50 - 100 м дистанцияға толық жүріспен баруға болады, әрбір 2 - 
3- күнде жүрісті біртіңдеп молайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет