42
Мал
дәрігерлерінің
қолдарының
былғануы,
патогендік
микроорганизмдермен ластануы таңуларда, іріңді жараларды ашуда және
малдың өлекселерін сойып зерттегенде ылғи болып тұрады. Қолдың
терісінде күстер, жаралар болғанда қолды лайықты деңгейде өңдеу үлкен
қиындықтарды туғызады. Сол себептен хирургтың қолының терісін ерекше
тазалықта сақтау керек. Қол терісін жұмсартуға жағдай жасау үшін, кешке
ұйқыға жатар алдында жуып сүрткеннен кейін, Тушновтың сұйықтықтығын
ысқылап жағады. Оның құрамы - майсана майы 5,0; глицерин 20,0; этил
спирті 75,0.
Қолдың терісін өңдеу. Қазіргі заманда қолдарды операцияға дайындау
тәсілдерінде қолданатын антисептиктер терінің жоғарғы қабаттарындаға тер
және май бездердің жолдарын жауып, нығыздайтын қасиеттері болғанда ғана
қолдануға болады.
Қолдарды операцияға дайындау төрт сатыдан құрылады:
а) механикалық тазалау,
б) майсыздандыру
в) химиялық дезинфекция
г) теріні нығыздау.
Көптеген антисептикалық заттар өзіне
бактерицидті және нығыздау
(спирттен жасалған йод ерітіндісі, бриллиянт көк ерітіндісі және т.б.)
қасиеттерін біріктіреді. Қолдардың өңдеуді саусақтардың ұштарынан бастап,
онан әрі шынтақтарға дейін жүргізеді.
Ең көп таралған және ветеринариялық тәжірибелілер үшін келесі
тәсілдер жарамды.
Спасокукоцки – Кочергиннің тәсілі – ең көп таралған. Механикалық
өңдеуден кейін, жылы судағы 0,5 %-ды мүсәтір спирт ерітіндісін қолданады.
Қолдарды алма-кезек екі шылапшында 2,5 минуттан немесе ағынды су
астына жуады. Жуу аяқталғаннан кейін шылапшындағы сұйықтық мөлдір
болып қалуы тиіс. Егер олай болмаса, қолдарды тағы бір рет жуады.
Дезинфекцияны және теріні нығыздауды келесі тәсілмен жүзеге асырады:
этил спирті сіңірілген дәке салфеткасымен қолдарды 3
-5 минут құрғақтап
өңдейді. Саусақтардың ұштары мен тырнақ асты кеңістіктеріне 5 % йодтың
спирттегі ерітіндісін жағады. Операция кезінде қолдардың ластануында
оларды екінші қайтара жуады және спиртпен тері нығыздауын қайталайды.
Кияшов тәсілі. Қолдарды механикалық өңдейді және 0,5% мүсәтір
спиртті ерітіндісімен 5 минут бойына екі шылапшында
алма кезек немесе
ағынды су астына жуады, содан соң 3 % мырыш сульфатының ерітіндісімен 3
минут өңдейді, ол нығыздап және бактерицидты әсер етеді. Саусақтардың
ұштарына 5 % йод ерітіндісін жағады. Бұл тәсіл мал дәрігерлік тәжірибеде
ең
жайлы, сенімді және арзан болып есептеледі
.
Оливковтың тәсілі. Механикалық өңдеулерден және жуудан кейін,
жоғарыда көрсетілген екі тәсілдің біреуімен қолды өңдейді. Сонан соң 1:3000
немесе 1:1000 қатынасындағы йодты спирт ерітіндісімен дымқылданған
анжымен сүртеді. Қолдар қатты ластанғанда 1:1000 қатынасындағы ерітінді
қолданылады.
43
Альфельдтің тәсілі. Қолдарды шеткамен қатты ысқылап жуады, онан
соң екі шылапшында (әрқайсына 5 минуттан) 10 минут сабынмен жылы суға
жуады. Стерильдеген сүлгімен құрғатып, 5 минут 96
0
С спиртпен өңдейді,
тырнақтарға 5 % йод тұнбасын жағады.
Басқа тәсілдер. Қазіргі кезде хирургтың
қолдарын операцияға
дайындауға церигель қолданады. Қолдың құрғақ терісіне 3 - 4 г церигельды 8
-10 минут алақанға, саусақтардың арасына, шынтаққа дейін жағады.
Саусақтарды бір-біріне тигізбей 2 - 3 минут ұстап тұрып кептіреді. Қолда
жұқа қабыршақ пайда болады. Операциядан кейін церигель қабықшасын этил
спиртімен алады.
Қолғаптардың қолдануы. Осы заманға дейін қолдарды дайындайтын
тәсілдердің барлығы оларды толықтай тазартуға жеткізе алмайды. Сол
себептен Цеге – Мантейфельдың резенке қолғаппен операцияны жасау
ұсынысы кең қолданады. Бірақ та, операция кезінде 50 - 60 % оқиғаларда
қолғаптарға зақым келулерден бүтіндігі бұзылады. Сол себептен қолғапты
кию алдында қолдарды жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен дайындайды.
Инфекцияланған ұлпаларға операция жасағанда
қолғаптардың қолдануы
міндетті.
Қолға киілген қолғапты қосымша спиртпен, йодталған спиртпен,
хлораминмен және т.б. препараттармен сүртеді. Егер қолғаптар операция
уақытында ластанса оларды қолдардан шешпей тұрып, қайталап
залалсыздандырады. Операциядан кейін көп ластанған қолғаптары 2 %
лизолдың ерітіндісінде жуады. Қолғапты үш тәсілмен залалсыздандырады: а)
тазартылған суға ештеңе қоспай 15-30 минут қайнатады; б) дәкеге орап
автоклавтайды; в) 1:1000 сулема ерітіндісіне 40-60 минутқа салады.
Стерилдегеннен кейін қолғаптарды кептіреді,
тальк себеді, ішін сыртқа
айналдырып қораптарда сақтайды.
Операциялық алаңды даярлау. Операциялық алаңды даярлау төрт
кезеңнен тұрады: 1) жүнін қырып, механикалық тазалау; 2) майысыздандыру;
3) дезинфекциялау және нығыздау; 4) қоршаған ортадан оқшаулау.
5% бриллиантты көк ерітіндісімен, 1% калий перманганатының
ерітіндісімен, 10% пикрин қышқыл ерітіндісімен, 5% танин ерітіндісімен, 5%
йод ерітіндісімен ауыстыруға болады. 96% этилді спиртпен тек басқа амал
болмағанда ғана өңдеуге болады.
Операциялық алаңды даярлағанда орталықтан шетке қарай өңдейді.
Іріңді ошақ болған жағдайда, инфекцияны жаймау үшін,
керісінше шеттен
орталыққа қарай өңдейді.
Операциялардың көпшілігінде операциялық орынды стерилденген
ақжаймалармен
немесе
сүлгілермен
бөлектейді,
оларды
арнайы
клеммалармен, ал терісіне қысқыштармен (цапкалармен) бекітеді (сурет 34).
Бөлектеуші ақжайма орталығында тілу орынымен сәйкестікте тиісті тесік
жасайды.
Кілегейлі қабықтарды өңдеу. Теріден сәл басқаша болады. Көз
конъюнктивасын 1:1000 этакридин лактатының (риванол) ерітіндісімен
жуады; ауыз және танау қуыстардың кілегейлі қабықтарын 1:500 этакридин
44
лактатының (риванол) ерітіндісімен жуады және 5 % йодты спирттен
жасалған ерітіндісін жағады. Қынап қуысын 1:1000 риванол ерітіндісімен,
1% сүт қышқылының ерітіндісімен, 2,5 % хлоргексидинің ерітіндісімен,
немесе 2% лизолмен жуады. сыртқы жыныс мүшелерінің терісін 3% йод
ерітіндісімен өндейді.
Сурет 34. Хирургиялық ақжайманың қысқышы
Тік ішектің (анус) қуысына Эйсмарх кружкасымен 1% марганец
қышқылы калийдың немесе 2%
лизол ерітіндісін құяды; анустың маңайын
3% йод ерітіндісімен, септонекс немесе кубатол аэрозолімен өндейді.
Достарыңызбен бөлісу: