Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет29/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
 


58 
Мысықтарға наркоз жасау 
 
Мысықтарға жиі ингаляциялық эфирлі немесе парапульмональды 
пентотал – натрийлі наркоз қолданады.
Премедикация. Аминазинді 0,25 – 3 мг/кг бұлшық етке немесе 1 – 2 
мг/кг тамыр ішіне енгізеді және атропин 0,5-1 мл 0,1 % ерітіндісін тері 
астына. Бұлшық етке аминазиннің орнына 0,15 мл/ кг ромпун қолданса да 
болады. 
Эфирлі наркоз. Малды шыны қалпақтың астына немесе шыны терезесі 
бар жәшікке орналастырады; жәшік түбіне 20 мл эфирмен дымқылданған 
мақта салады, 5 минутан кейін наркоз басталады. Малды камерадан 
шығарады, керекті түрде бекемдейді және маска қолдануымен наркозды 
жалғастырады. 
Пентотал ( тиопентал )- натрий наркозы. Премедикациядан кейін 
инъецияны ақ сызықтың бір бүйірінен 50-60 мл 10% ерітіндісі енгізіледі. 
Наркоз 30 минутқа дейін созылады. Наркозды ұзарту үшін эфир 
ингаляциясын қолданады. 
Кіріспе наркозға кетамин 0,3 - 0,5 мл бұлшық еттен немесе тамырдың 
ішіне; рометар 0,1 - 0,2 мл тамырдың ішінен қолданады. 
Наркоз кезінде және кейіннен болатын асқынулар, 
оларға жол бермеу және жою 
 
Асқынулар наркоз техникасының қателіктері нәтижесінде, есірткі 
заттарының дозасы артқанда, малдардың оларға жеке сезімталдығы болғанда 
және басқа себептерде көрінеді. Наркоз кезінде құсу, тыныс алудың тоқтауы, 
коллапс, шок және пери - немесе тромбофлебит (тамырдың ішіндегі 
инъекция) болуы мүмкін. 
Құсуды аш диетамен алдын алады. Құсық, лоқсу наркоз кезінде 
күшейеді. Егер құсу басталса, ауыз қуысын тампонмен тазартатды. 
Асфиксия (asphyxia; грек. а – жоқ, phyxia – пульс соғыуы - тұншығу) 
екі себептен болады; 1) тыныс өтетін жолдарының механикалық бітелуінен – 
механикалық асфиксия; 2) мидағы тыныс алу орталығының салдануынан – 
орталық асфиксия. Асфиксия дамуында кілегейлі қабықтары цианозға 
ұшырайды, көз қарашығы ұлғаяды, тыныс алу және жүрек жұмысы 
тоқтайды. Дереу ауыз қуысына жиналған кілегейлі, іріңді, қанды, бөгде 
заттарды тазалайды, кейбір қатерлі жағдайда трахеотомия қолданады. Тіл 
төмен түскенде оны сыртқа шығарады, кеңірдекке ауа жіберетін түтіктерді 
енгізеді.
Орталық асфиксияда дем алудың тоқтауы рефлекторлық және 
есірткілермен уланудан болуы мүмкін (пентотал - натрий, тиопентал - натрий 
және т.б.). Тыныстану тоқтағанда наркозды тоқтатады, бекемдеген 
белбеулерді немесе басқа жіптерді шешеді, тамырдың ішіне немесе тері 
астына эфедрин, цититон, лобелин, кофеин, сульфакамфокаин енгізеді, дереу 
жасанды дем алғызуға кіріседі (оны ұсақ малдарға жасауға келеді). Ол үшін 


59 
ауыз қуысынан тілді шығарып, кеуде аяқтарын алдымен алға жылжытып, 
ырғақты кеңейтіп қайтадан қалпына келтіреді. Сонымен қатар бір аяқты 
алыстатып, денеге жақындатады, кеуде қабырғасын алақанмен басады. Кейде 
кеуде қабырғасын ырғақты алақанмен қаққанда тиімді әсері болады. Егер 
операция кезінде құрсақ қуысы ашылса, оған қолды енгізіп диафрагманы 
уқалайды, оны сәл басып саусақтармен қағады. 
Коллапс жиірек ұсақ малдарда хлороформ наркозында және жылқыда 
хлоралгидрат наркозында пайда болады. Әсіресе малда наркоздың алдында 
ыстығы көтерілген кезде, сонымен қатар ұзақ уақыт қимылсыз болғанда. 
Жылқыларда ол аминазинді қолдануынан болады. Коллапс кезінде жүрек 
жұмысының әлсіреуі, цианоз, көздің қарашықтары кеңейуі, пульстің әлсіз 
болуы және кесілген тамырлардан қан кетуінің тоқтауы көрінеді. Осындай 
кезде наркозды дереу тоқтатып, тері астына кофеин және камфораны немесе 
тамырға адреналинді енгізеді. Мүмкіндік болса қан немесе оны ауыстыратын 
физиологиялық ерітінді құяды. Алақанның жеңіл ырғақты соққыларымен 
кеуденің жүрек тұсын уқалайды (жабық массаж).
Кеуде қуысын қабырғалар арасынан тіліп – трансторакальды, егер 
операция кезінде құрсақ қуысы ашық болса диафрагмадан (диафрагмалдық 
жолмен) жүрек қарыншасын қолмен ұстап минутына 60 – 70 рет, жүрек 
соғуы қалыптасқанша, ырғақты қысып массаж жасайды (ашық массаж). 
Коллапс кезінде жүрек соғысы тоқталғанда бірінші 5 мин интракардиальды 
ұсақ малдарға 0,25 – I,0 мл, іріге - 10 мл дейн адреналинды инъекциялайды.
Пери- және тромбофлебит ішке енгізу техниксының қателіктерінен 
болады. 
Хлоралгидрат 
ерітіндісі 
тиген 
жерге, 
парепараттың 
концентрациясын азайту үшін 0,25 - 0,5% новокаин ерітіндісін молырақ 20 – 
100 мл дейін инфильтрациялайды. 
Наркоздан кейін бірнеше сағаттан кейін асқынулар тыныс алу 
ағзаларында (бронхит, өкпенің ателектазыі, пневмония), жүректе болады. 
Эфир наркозынан кейін бауырда майлық азғындау дамуы жиі кездеседі. 
Бірталай уақытқа дейін несеп қоюланады онда лейкоциттер, эритроциттер 
пайда болады, олигоурия және альбуминоурия байқалады 3-4 тәуліктен кейін 
олар жойылып кайтадан қалыптасады. 
Шеткі жүйкелердің салдануы наркоз кезінде механикалық қысылудан 
немесе мидың кейбір орталықтарынын қызметі бұзылғаннан болады. 
Салдану көбінесе өзінен - өзі аз уақыттан кейін қалыптасады, кей кезде ұзақ 
мезгіл арнайы ем қолдану қажет етеді. Ол үшін электростимуляция, массаж, 
гальванотерапия, рефлексотерапия, лазер сәулесі, стрихнин, прозерин, 
галантомин қолданып бірнеше айлар ем жасауға мәжбүр етеді.
Наркоздан кейін су – тұздың алмасуы жиі бұзылады. Оны 
қалыптастыру үшін несептегі және қандағы натрий хлоридінің, калийдің 
концентрациясын мұқият қадағалайды. Малға сұйықтықты мол беріп, 
аталған элементтер тапшылығында оларды тамырдан сұйықтармен енгізеді. 


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет