Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет24/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129
оперативтік хир 8 н

Миорелаксанттар. 
Бұрындары 
гваякол-глицеринді 
эфир 
ұсынылатын осы кезде диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т. б. 
препараттар операция кезінде бұлшык етті босансытуға кең қолданылуда.
6. Антигистаминді заттар. Операцияда және ұлпаларға зақым келгенде 
ұлпалардан гистаминнің көп мөлшері бөлінеді. Ол қанға түскен кезде 
наркоздың өтуін аурлатады, операцияның жасауға кедергі тудырады. 
Мысалы, бронхиолдардың, ішектердің, қуықтың, жатырдың тырысуын 
шақырып, капиллярдарды парезге ұшыратады, қан қысымын төмендетеді, 
мембрананың өткізгіштігі жоғарылап, қанның ұлпаларға кетуі мүмкін. Осы 
ауытқулар шоктың даму патогенезінде өте маңызды болып келеді. 
Антигистаминді препараттардың ең негізгілері димедрол, фенкарол, тавегил, 
супрастин, кетотифен, циметидин және т. б. Олар тегіс бұлшық еттердің 
тырысуын жояды, қан қысымын реттейді, домбығу және шок сияқты 
құбылыстардың алдын алады және қабынуға қарсы әсер етеді. Сонымен 
қатар седативті, анестезиялық және ұйықы шақырып әсер етеді, 
премидикацияда қолданылатын литикалық қоспалардың компоненті болып
табылады.
Наркозды қолдануға болмайтын кездер. Ірі малдарға, әсіресе ірі қараға 
жасалатын наркоз ең күрделі және қауіпті болып келеді. Сондықтан терең 
наркозды тек ерекше жағдайда қолданады. Сонымен қатар кейбір есірткі 
заттар етке жағымсыз иіс беретінін ескеру керек. Егерде операцияның 
кезінде қолайсыз жағдай туып, малды союға мәжбүр болсақ хлороформ 
немесе эфирді наркозды қолдануға болмайды. 
Безгек ауруы, жүрек-тамыр жүйесінің (эндокардит, миокардит), 
бүйректің, бауырдың, тыныс алу қызметінің бұзылуы кезінде терең, әсіресе 
ингаляциялық наркозды қолдануға болмайды. Наркозды кәрі малдарға, 
жаңадан туған және жас төлге қолданбайды. Арық, буаз және анемиясы бар 
жануарларға тек қана жергілікті анестезиямен терең емес наркозды 


48 
қолданауға болады. Тура осындай наркозды ірі қара малдардың аяқ 
сүйектерінде жарықтар болса қолданады, себебі мал оянған кезде өзіне бұдан 
артық зақым келтіруі мүмкін.
Наркоздың жалпы техникасы және құралдары. Ветеринариялық 
тәжірибеде жиі ингаляциялық емес наркозды қолданады. Шприцтер инелер 
және инъекциялармен енгізуге қолданылатын құралдар пайдаланылады. 
Ингаляциялық наркоз үшін ең оңайы ашық әдіс. Ол үшін наркоз маскасы 
мен тамшылдатқыш қажет. Жануардың бет бөліміне сәйкес жасалған маска - 
сым темірді қаңқасы және 2-3 қабатты дәкеден немесе фланельден жасалады. 
Сонымен қатар картоннан дайындалған конусты қолдануға болады. Осындай 
масканың ішіне бір түйір дәке салып, ауа кіру үшін картонның бас жағын 
кеседі (сурет 35).
Сурет 35. Ингаляциялық наркозға арналған маскалар 
а – жылқыға б – итке в – шошқаға 
Ашық әдісте ұсақ малдарды премидикациядан кейін жатқан күйде 
бекемдейді, танау ішіне вазелин жағып, танауына есірткі зат сіңген масканы 
жайлап кигізіп, арнайы тамшылдатқыштан хлороформ (секундына 1 
тамшыдан) немесе эфир (секундына 2 тамшыдан) тамызады. Наркоздың 
әсерін тездету үшін тамшылар мөлшерін 2 еселейді. Наркоз кезінде тілді 
арнайы тілұстағышпен ұстап, ауыз қуысынан тыс бекемдейді. Себебі мал 
тұншығуы мүмкін. 
Наркоздың өтуі. Ең қарапайым ингаляциялық наркоз 4 сатыда өтеді. 
Бірінші 
сатысы 
аналгезия 
кезеңі. 
Жануардың 
аздаған 
тынымсыздығымен сипатталады, тыныс алу терең бірқалыпты, тамыр соғуы 
жиі және толық, көз қарашығы кеңейген, көз алмасының қозғалысы еркін. 
Рефлекстер және бұлшық еттер тонусы сақталған. 
Екінші сатысы қозу кезеңі, малдың естен тануымен сипатталады. 
Мидың қыртысы тежеліп, шарты рефлекстердің қызметі төмендеп, сонымен 
қатар мидың қыртысы астындағы орталықтардың әрекеттері күшейеді. Ауру 
мал мазасызданады, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, қимыл әрекеттері 
күшейеді. Тыныс алу бірқалыпты, кейде жиі, көз қарашығы кеңейген. 
Жылқыларда және ірі қара малдарда инстагм (көздің ойнақшауы) пайда 
болады. Сілекей, бронхиальды және жас бездерінің секрециясы күшейеді, 
жұту рефлексі жоғарлайды, кейбір наркотиктерде құсуы мүмкін. Тамыр 


49 
соғысы толық, жиі және аритмиялық, қан қысымы жоғары болады. Малдан 
еріксіз нәжіс пен зәр бөлінеді. Қозу кезеңі наркоз жібергеннен соң 5-7 
минуттан кейін басталып 1-10 минутқа дейін созылады. Әлсіреген және 
ұрғашы малда бұл кезең белгісіз кейде байқаусыз өтеді. Кейде қозған мал 
байлаған жіпті үзіп босатылып немесе үстелден жығылып кетеді, 
жарақаттануы мүмкін, сол себептен бекемдеу мықты болып, көмекшілер 
малды мұқият қадағалауға міндетті. 
Наркоз тереңдегеннен кейін мал тынышталады, бұлшық еттері 
босаңсиды, көздің қарашығы кішірейеді, наркоздың үшінші кезеңіне өтеді. 
Үшінші сатысы наркоздық немесе хирургиялық ұйқы кезеңі мидың 
қыртысында және қыртыстың астында толық тежеу болады. Бұл сатының 
өзін 4 кезеңге бөледі (Гуэделл).
Бірінші кезеңде наркоздың әсері тереңдейді, тыныс алуы бір қалыпты, 
рефлекстер сақталғанымен әлсіз болады, бездер секрециясы және бұлшық 
еттер тонусы төмендей бастайды.
Екінші кезенде бұлшық ет тонусы күрт әлсізденеді, рефлекстер 
жойылады.
Үшінші кезенде рефлекстер жойылған, толық наркоз басталады. 
Бұлшық еттің қимылы жоғалады, тіл салбырайды, сол себептен арқасымен 
жатқан малдың тілі көмекейге түсіп тұншықпау үшін оны сыртқа шығарып 
бекемдеу қажет.
Төртінші ең қауіпті кезенде тыныс алу беткейлік болады, кілегей 
қабықтарының цианозы пайда болады, қан қысымы төмендейді. Көз 
алмасының ротациясы жойылып, кәдімгі қалпына келеді, қасаң қабығы 
құрғақтанады, кеңейеді. Өмірге қатерлі құбылыстар туады. Осы кезеңде 
қарашықтың қалыпты жағдайы өте маңызды: ол кішірейген түрде болса 
наркоз дұрыс өтіп жатқанын көрсетеді. Қарашық үлкейіп жарыққа 
сезімталдық пайда болса, онда мадың тынысы тоқтауына қауіп туғаны 
туралы берілген хабар. Дереу шаралар қолданбаса мал өлімге душар болады. 
Төртінші сатысы – ояну кезеңі, мидың қыртысы және қыртысының 
асты тежелуден шығады. Кезіңнің ұзақтығына есірткенің келу және оның 
келмеуіне байланысты болады. Бірінші жағдайда тыныс алу тоқтап, жүрек 
жұмысы тоқтамаған кезде, өлімге әкеледі. Екінші жағдайда наркоз берілуі 
тоқтағаннан кейін I және II сатылардың кері дамуы басталып, рефлекстері 
қалыптасып, ауырсыну және тактильдік сезімталдықтары орнына келіп, мал 
есін жинайды. Айта кетерлік басында болғандай күшті қозулық оянған кезде 
болмайды және толық ояну ұзақ мезгілге созылады. Мына кезеңді қысқарту 
үшін және есірткелердің интоксикациясынан тез айықтыру үшін антидоттар 
(ниаламид, тразадон, цефедрин, бемегрид т.б.) қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет