Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет25/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жылқыға наркоз жасау 
 
Хлоралгидраттық 
наркоз. 
Хлоралгидраты 
организмге 
әртүрлі 
жолдармен енгізуге болады - күре тамырдың ішіне, оральды және тік ішек 
арқылы. Біріншісі ең жылдам және орынды. Хлоралгидраттың ерекше 


50 
қасиеті - оның түрегеп тұрған аттарға жергілікті анестезиямен үйлестіріп, 
шағын операцияларда қолданылуы. Тап осы наркоздың кемшілігі керекті 
наркоз тереңдігі уытты дозада ғана жетеді. Сонымен қатар, хлоралгидрат 
құрсақ бұлшық етін толығымен әлсіретпейді, басқа заттардың қолданылуын 
талап етеді. 
Премедикация үшін алдын-ала 20 минут бұрын 1% 5 мл атропин 
ерітіндісін терінің астына енгізеді. Наркозды күшейту үшін бұлшық етке 
келесі құрамдас бөліктерден тұратын литикалық қоспаны инъекциялайды: 
Sol - aminazini 2.5% - 10,0;
Sol. Promеdoli 2% - 5,0
Sol.Novocaini 0.5% - 20,0. Бұл көлем 500 кг жылқыға есептелген.
Промедол 
жоқ 
болған 
жағдайда 
қалған 
ингредиенттермен 
қанағаттануға болады, бірақ берілген қоспаның әсері төмен болады. Наркозға 
аминазинді қолданбайды. 
Күре тамырдың ішінен наркоз жасау. Өте баяу күретамырға 
хлоралгидрат ерітіндісін енгізеді, сақтықты сақтмай, сұйықтық терінің 
астына өтіп кетсе периваскулярлы және тамыр айналасындағы ұлпалар 
некрозды дамиды. 
Хлоралгидраттың қолайсыз әрекетін ескеріп организмде сілтілі - 
қышқыл тепе-теңдігін, оның гемолитикалық және коагулянттық қасиеттерін 
жақсарту үшін, еріткіштер ретінде глюкоза ерітінділерін қолдану 
ұсынылады. Олар натрий-цитраты, физиологиялық натрий-хлорид ерітіндісі 
және т.б. Хлоралгидрат ерітіндісіне магний-сульфатын қосу арқылы 
анальгетикалық әсерін күшейтеді. Хлоралгидратты дистилденген суда еріту 
үшін концентрациясы 10% аспау керек, осындай жағдайда ғана ерітінді 
гемолизді шақырмайды. Хлоралгидраты жылқыларға тамыр ішіне тұрған 
және жатқан күйде енгізуге болады. 
Операцияны түрегеп тұрған малға концентрациясы 10%, 8 - 12г 
хлоралгидратты тағайындайды. Одан соң оларға әртүрлі зерттеулер жүргізуге 
болады (сыртқа шыққан ішкі мүшелерді орнына салу, жараларды тігу, пішу 
жәнет.б.). 
Жатқан жайында жылқы наркоздың үлкен мөлшерін талап етеді. 
Жылқылардың әртүрлі сезгіштігіне қарамастан, таза хлоралгидраттың 0,1г 
малдың 1 кг тірі салмағына мөлшерлейді. Операциялны ұзақ уақыт жасау 
үшін (1 сағаттан көбірек) күші көп малдарға препаратты 1 кг тірі салмағына 
0,12 г. деп есесптейді. Бірақ көптеген тәжірибелік көрсетулер бойынша 
жалпы толық жансыздану үшін, кейде жоғары көрсетілген мөлшер жылқыға 
әсер етпейді. 
Хлоралгидрат ерітінділерінің келесі жазба түрлері ұсынылады:
1. Rp: Chlorali hydratis 50,0 
Aquae destillatae ad 500,0
M . f . solutio. Sterilisata!
D .S. Күре тамырдың ішінe наркозға арналған.
2. Rp: Clorali hydratis


51 
Magnesii aulfatis аа 50,0 
Aquae destillatae 500,0 
M.f. solutio. Sterilisata!
D .S.күре тамырдың ішіндегі наркозға арналған 
3. Rp: Chlorali hydratis 55,0
Natrii citras 27,5
Sol. Natrii chloridi 0,8% - 275,0 
M. f. solutio. Sterilisata!
D.S. Күре тамырдың ішіне наркозға арналған. 
Сонымен қатар АҚШ – та Уаллинг және Милленбург ұсынған келесі 
қоспа сыналған:
4. Rp: Chlorali hydratis 28,0
Magnesii sulfatis 14,0 
Petothali natrii 7,0 
Aquae destillatae 1000,0 
M. f. solutio . Sterilisetur! 
D.S. Тамырдың ішіне. Жылқыға. 100 кг салмаққа 60 мл өте баяу енгізу. 
5. Rp.: Barbamili 5,0 
Aquae destillatae 50,0 
M. f. solutio. Sterilisetur! 
D. S. Потенцирленген наркоз үшін. Көк тамырға өте баяу енгізу (1-2 мл 
минутына) литикалық қоспаны енгізгеннен кейін. 
6. Rp.: Natrii brornidi 20,0 
Novocaini 2,0 
Barbamili 2,5
Vitamini Bi 0,5
Sol. natrii chloridi 0,85%— 1000,0 
M. f. solutio. Sferilisetur!
D. S. Көк тамырға. Минутына 25-30 тамшы жылдамдығымен енгізу, 
наркотикалық күйді сақтау және потенцирленген наркозды күшейту үшін. 
Барбамил ерітіндісін 5-10 мин ерте енгізу
7. Rp.: Sol. aminazini 2,5% - 10,0 
Sol. promedoli 2% - 5,0
Sol. dimedroli 1% - 5,0 
Sol. Giucosi 40% - 20,0
M. f. solutio. Sterilisetur!
D. S. Литикалық қоспа. Салмағы 500 кг жылқыға көк тамырға 
(И.И.Магда).
Есірткі инъекцияларын енгізудің алдында жылқыны жығатын жерге 
алып келеді, оған бекемдеуге арналған құралдарды толық орналастырып 


52 
кигізеді. Ерітінді енгізу барысында малдың мінез - құлқын қадағалайды, 
біраздан соң теңселу басталады, малдың бұлшық еттерінің әлсіреуі 
басталады, аяқтары бүгіледі. Бұл белгі малдың «өзін - өзі дозалауы» - деп 
аталады. Осы белгілерден кейін хлоралгидратты немесе басқа наркотик 
ерітіндісін енгізуді тоқтатып малды жығып, бекемдейді. Хлоралгидраттың 
әрекетінің ұзақтығы 1 - 2 сағатқа созылады. Егер операцияны ұзағырақ 
уақытқа жасау қажет болса, немесе наркоздың әсері жоғала бастаса, есірткі 
ерітіндіні малға қосымша енгізеді. Сонымен қатар, жылқыларға басқа 
ерітінділерді енгізеді.
1. Тамыр ішіне 3 - 5 мл / 100 кг тірі салмағына ромпунды 
инъекциялайды. Оның әрекеті 5-7 минутттан кейін басталады, еркектерде 
жыныс мүшесі салбырап қалады, аналгезия және бұлшық ет релаксациясы 
пайда болады, ол түрегеп тұрған малдың ауырсындыратын зерттеулерді 
жүргізу мүмкіндігін береді. 
2. Жергілікті жансыздануды қолдансақ, тамыр ішіне 4 мл ромпун және 
8 г хлоралгидрат жануардың әр 100 кг тірі салмағына есептеп енгізеді. 
Малдың басын ноқтадан ұстап тұрады. 
3. Наркоздың ұқсас түрін 100 кг салмағына 5мл ромпун мен 6-8мг/кг 
тиопентотал-натрий қоспасын тамыр ішіне инъекциялайды. Қоспаның әсер 
етуі басталып, малды жұмсақ жерге тез арада құлатады. 
4. Тобуджесик 2,0 мл/ 100 кг т. салмағына тамырдың ішінен енгізеді. 5 
– 10 минут ішінде мал наркозға келіп 30-40 минут қимылдамай тұрады. 
Малды пішуге, немесе осы уақытта үлгеретін операцияларды, жергілікті 
жаснсыздандырып жасауға болады. 
Оральды наркозды тек уақытша, аз мерзімге малды естен тандырып 
жығу немесе тұрғызып бекіту үшін қолданады. Наркоздың алдында бір 
тәулік малға су бермейді. Хлоралгидраттың мөлшері 0,1 г - 1 кг малдың 
салмағына 3 литр тәттірек дәмделген суға немесе су араласқан кебектерге 
қосып береді. Ерітіндіні ішкісі келмеген малға, асқазан – танау зонды арқылы 
енгізеді. Хлоралгидратың әрекеті 10-20 минуттан кейін басталады, малды 
керек жайда бекемдейді және жергілікті жансыздандыру жасайды. 
Ректальды наркоз. Малдың тік ішегін тазартады және клисторлық 
кружкамен сұйықтықтармен (зығырдың дәндерінің қайнатпасы, крахмал) 
хлоралгидратты араластырады. Ерітіндінің төгілуінің алдын алу үшін, құлату 
және операциялар кезінде, көтенішек тесігін мақтамен тығындап жауып, оны 
құйрық түбірімен басып қысып қояды. Наркоз тоқтауынан кейін ерітіндіні 
тік ішекті жуу арқылы шығарады. Хлоралгидрат мөлшері жылқының 0,1 г / 
1кг салмағына, ерітінді концентрациясы 4 – 5 %. Бұл наркоз түрін жергілікті 
жансыздандырумен біріктіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет