Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет27/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Шошқаларға наркоз жасау 
Шошқаларға барбитурат наркозы жақсы әсер етеді. Әдеттегідей 
барбитурат ерітіндісін көк тамырға енгізеді (үлкен құлақ күре тамыры, 
қарындағы тері асты күре тамыры), сүйек ішіне немесе интраперитональды 
(ал кәрі қабандардың пішу үшін - интратестикулярлы). 
Премедикация. Наркоздан 15 минут бұрын малды тыныштандыру үшін 
10 кг/1 мг мөлшерінде бұлшық етке азаперон тағайындайды. 
Тамырдың ішіне наркоз. 5% пентотал (тиопентал) ерітіндісін 15 мг 1 кг 
малдың тірі салмағына есептеп қолданады. Ерітіндіні наркоз алдында ғана 
даярлайды. 
Алдымен 
мөлшердің 
жартысын 
инъекциялайды, 
тынышталғаннан кейін және қабағы жабылған кейін қалған бөлімді баяу 
енгізеді. Наркоз ұзақтығы 15-20 минутқа созылады. Наркозды ұзарту үшін 
қосымша дозаның үшінші бөлімін инъекциялайды. Наркоздан кейінгі ұйқы 2-
3 сағатқа кейде оданда ұзақ уақытқа созылады.
Тамырға жасайтын наркоз үшін 15% хлоралгидрат ерітіндісін 15% 
глюкоза ерітіндісінде 0,1 г/кг есеппен қолданады. 
Интраперитональды наркоз. Тек күре тамырлық және сүйек ішіне 
наркоздарды қолдануға болмайтын кезде қолданылады. Бұл наркоздың күші 
мен ұзақтығы тамыр ішіне жасайтынмен бірдей. Пентотал-натридің дозасы 
малдың 1 кг салмағына 23 мг. Құрсақтың кранияльды бөлімінің 
резорбциялық қасиеті көбірек болғандықтан малдың операциясы кезінде 
дененің алдыңғы бөлігі артқы бөлігінен төмен болу керек. 6 айлық 
шошқаларға инъкция орны ақ сызықтан саусақтың кеңдігіндей шетке
кіндікпен шаптың ортасы, ірі шошқаларда аш бүйірден өткен сегментальдық 
жалпақтық, сербек – шынтақ сызығымен киылысқан орнында.
Шошқаларға наркозды азаперон мен жергілікті анестезиямен біріктіріп 
алмастыруға болады. Үлкен операцияларды орындауға мүмкіндік 
(лапоротомия, пішу және т.б) береді. 
1. Rp.: Chlorali-hydrati Glucosi aa 15,0
Aquae destillatae 70,0
M f. solutio. Sterilisetur!
D. S. Тамырға. Шошқаға Құлақтың тамырынан 20 мл минутта (1 мл /1 
кг малдың салмағына) (Исаев). 
2. Rp.: Hexenali 3,5 
Natrii chloridi 1,6 
Aquae destillatae 200,0 
M. f. solutio. Sterilisetur! 


56 
D. S. Интраперитониальды .Шошқаға Құрсақ қуысынан (M. В. 
Чернявский).. 
3. Rp.: Thiopenthali natrii 1,05 (2,1)
Aquae destillatae 20,0 (40,0) 
M. f. solutio. Sterilisetur! 
D. S. Тамыр ішіне. Шошқаға салмағы 70 кг дейін. 
4. Rp.: Thiopenthali natrii 4,5 
Aquae fontani 20,0
M D. S. Салмағы 60 кг шошқаға ретальды енгізуге 
(1 кг малдың салмағына 0,075-0,1 құрғақ заттан). 
5. Rp.: Hexenali 5,0 
Aquae fontani 10,0—20,0
M. D. S. Салмағы 60 кг шошқаға ретальды енгізуге
(1 кг малдың салмағына 0,1 құрғақ заттан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет