Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет38/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129
оперативтік хир 8 н

Матрастық тігіс ұлпалардың шеті жыртылмау үшін салынады. 
Дорбалық тігіс терідегі шағын домалақ пішінді жараларға сонымен 
қатар табиғи тесіктердің уақытша жабу үшін қолданады. Жіпті жаралардың 
аузына немесе тесігіне паралельді өткізіп тартып байлайды. 
Тігістерді алу техникасы. Тігістерді 7 - 8 күннен кейін, жараның 
жақтарына қатты күш түссе 10 - 12- і күні шешеді. Хирургиялық пинцетпен 
түйінді сәл аздап жоғары көтеріп, жіпті қайшылармен терісіне жақын маңда 
кеседі. Үздіксіз тігістің әрбір тігісін кесіп өтіп оларды жеке шешеді (сурет 
61). 
Сурет 61. Тігісті алу техникасы 


84 
Ішектік тігістерді сірлі қабықпен қапталған қуыс ағзаларға салады. 
Жазылу құбылысы бұлшық ет және кілегейлі қабықтарына қарағанда баяу 
өтеді. Келесідей түрлерін ажыратады: 
Ламбер тігісінде (сурет 62) инені сірлі қабық жақтан ара қашықтықта 
5-8 мм және ішек қабырғасынан 1-2 мм ара қашықтықта алып шығады. Жіпті 
байлаған кезде сірлі қабықтар шектесіп ал жараның жақтары сыртқа 
қайырылып айналады. 
Пирогов - Черни екі қатарлық тігісі — қуық қабырғасына салынады. 
Тігістің бірінші қатарын салғанда инені сірлі қабық жақтан қадап, жараның 
қуысына кілегейлі және бұлшық ет қабаттардың арасынан шығарады, онан 
кейін жараның екінші шетінен осы қабаттардан қадап сірлі беткейліктен 
шығарады. Түйінді байлағаннан кейін тігістің екінші қатарын Ламбер 
тәсілімен салады. 
Шмиден тігісін мес қарынға, асқазанға және тоқ ішектерге 
операциялар жасағанда қолданады. Бірінші түйін байлауы қарапайым 
тігістегідей басталады. Қалған тігістерді кілегейлі қабық жағынан қадап 
мүшенің барлық қабаттарын тесіп өтіп, жіпті тарта отырып жараның 
шеттерін сыртқа айналдырып, сірлі қабаттарды бірі мен бірін тигізеді.  
Тігістің екінші қатарын герметикалық дәрежесі жоғары болу үшін 
Ламбер тәсілімен салады. 
Плахотин – Садовский тігісі матрастық тігіске ұқсайды. Одан 
айырмашылығы әрбір келесі тігісті оның ұзындығынан 1/3 кейін артқа 
шегініп орналастырады. Жіптерді қысып буғанда тігістің алдындағы қатары 
толық жабылып, сірлі қабықтардың бірі мен 
Сурет 62 Ішек тігістері 
1 – бірқабатты Ламбер тігісі; 2 – үздіксіз Ламбер тігісі; 3 – Шмиден тігісі; 
4 – Плахотин – Садовский тігісі; а – тігісті салу; б – тарпып болғанан кейінгі тігістің түрі 
бірі шектесуі болады. Бұл тігіс бір қатарлы болуы мүмкін. 
Дорбалық тігіс дөңгелек жараны жабуға немесе кесіп тастаған ішек 
үшын тігуге қолданады. 


85 
Барлық ішек тігістерін салуда олардың қуысының көлеміне және 
қабырғаларының жуандығына мән береді. Инені жара жағынан 2 - 8 мм 
қашықтықта қадап тігіс салады. 
Сіңірлер тігістері (сурет 63) новокаин тежеуін жасап, бұлшық ет 
толық босаңсығаннан кейін салынады. Тігіске сулемді жібек немесе лавсан 
жіпті қолданады. Тігіс салу алдында үзілген сіңірлердің шеттерін жаңартады, 
қан тамыыр үштарын қан тоқтататын пинцетпен ұстап қысады. Жіпті бірінші 
тігісте сіңірдің 
Сурет 63. Сіңірлердің тігіс тәсілдері: а, б, в, - Амманың; г – Тихонинің 
қалыңдығынан түзу, содан соң 45° бұрышпен кері өткізеді. Сіңірдің екінші 
бөлігінда осылай тігеді, сіңір екі соңын қысып, жіптердің буып байлайды 
Тері жарасын тігуінен кейін аяққа гипстік таңғыш салынады. 
Тихонин тігісі. Ірі малдың сіңірлеріне қолданады. Сіңір ұштарын үш 
циркулярлы әр қайсысы үш түрлі жазықтықтарда тігіп үшеуін қосып 
байлайды. Бірінші тігін жарылуыдан 0,5 см, екінші және үшінші – 1 - 1,5 см 
ара қашықтықта салынады. Ем шарасын гипстіктік таңғыштар салумен 
немесе арнайы тағалаумен тамамдайды. Гипстік таңғышты ірі малдан 30 – 40 
күн, ұсақ малдан 15 - 20 күндерден кейін шешеді. 
Тамырлы тігіс ветеринариялық тәжірибеде сирек қолданады (сурет 64 
а). Тігістің ең басты негізі тамырдың эндотелиальдық қабаттарының 
шектесулерін қамтамасыз етуде. Тамырдың шеттерін қоршаған ұлпалардан 
азат етеді және жіңішке жібек жіппен үздіксіз тігіспен жақындатады (сурет 
64 б). 
б 
Сурет 64 Тамырлардың тігісі: а – бүйірінен зақымдалғанда; б – айналдыра тігу


86 
Жүйке тігісі. Жүйке ұштарын кеседі, дәл салыстырады және 
жақындатады, эпиневрийіне бірнеше торап, тігіс салады. Тігіс салуына 
арналған жіңішке инелер және жібек немесе кетгут жіптері жарамды. 
Жіптерді байлауда жүйкені орап, мұқият қадағалайды.
Шелді және теріні көрсетілген тәсілдерден біреумен тігеді. 
Сүйектерді біріктіру (остеосинтез) (сурет 65) сынудың орнына және 
сипатына тәуелді. Әртүрлі тәсілдерімен жасалады. Остеосинтезді көбінде 
ұсақ малға жасаған нәтижелі болады, ірі малға жасағанымен жіңішке 
штифтер олардың салмағына шыдамай майысып кетеді, ал жуан штифті 
сүйектің ішіне енгізу мүмкін емес. 
Ұзын, қиғаш сынуларда сымтемір лигатуралармен көлденең байлап 
таңылады. Сынық орнын жұмсақ ұлпаларда ашып қояды, сыну шеттерін 
мұқият жақындатады, Дешан инесімен сыну орынын жұмсақ (никельдің, 
жездің ж, б.) сымен бірнеше айнала лигатураны өткізеді. Әрбір лигатура 
соңында жараның тері сыртына шығарып, орап байлайды, гипс таңғышын 
салады. Таңғышты және лигатураларды 6 - 8 аптадан кейін сүйек шоры 
түзелгеннен кейін алады. 
Сурет 65. Сүйектерді біріктіру тәсілдері: 
а – сым лигатурамен; б – штифтпен; в – бұрандымен 
Көлденең және қысқа қиғаш сынулар. Құбырлы сүйектер 
сынықтарында остеосинтезга арналған тоттанбайтын металлдардан жасалған 
штифттерді қолданады. Штифті орнату үшін эпифиздың аумағындағы 
жұмсақ ұлпаларды тіліп ашада, сүйек каналын бойлай бұрғылап теседі оған 
штифті енгізіп, сүйек сынықтарын салыстырады, теріні тігіп, аяққа гипстік 
таңғышты салады (Магда И.И). Магда тәсілімен эпифизден сүйек каналына 
тікелей жетіу өте күрделі. Сол себептен остеосинтез мына тәсілмен 
жасалады: Сынықтың үстінен тіліп, сыңған сүйектердің ұштарын сыртқа 
шығарады, үстіңгі бөлігін ішінен тесіп оның бойымен штифт өткізіп 
жартылай сыртқа шығарады. Одан сон сынықтарды салыстырып, штифті 
балғамен ұрып, екінші бөлігіне енгізеді. Тері тігісін 7 – 10 күннен кейін 


87 
алады, гипстік таңғышты мал сынған аяғын тіреп басқаннан кейін шешеді, ал 
штифті сынық орнында сүйек шоры пайда болып бекігенде шығарады. 
Алмайтын штифтер өзі тарқап кететін заттардан жасалады. 
Сүйектердің сыртқа шыққан дөнестерінің сынуларын (адырлар, 
өсінділер) бұрандалармен қосады. Қоршаған жұмсақ ұлпаларды тіліп, 
сынықты ашады. Сынықтардың бөлшектеріне бұранданы бұрап бекітеді. 
Жұмсақ ұлпаларға тігіс салынады, бұранданы 6 - 8 аптадан кейін шығарады.
Барлық остеосинтез түрлерінде антибиотикті ем тағайындайды.
Ұлпаларды желімдеу. Ұлпаларды қансыз тәсілдерімен біріктуге 
болады: жараның шеттерін лейкопластырмен біріктіру, ұлпаларды желімдеу, 
ультрадыбыс және лазермен сүйектерді біріктіру. Тігіссіз қосуда тігістермен 
ұлпалардың қысылуы болмайды және жоғарғы герметикалық беріктік 
қамтамасыз етіледі. Желімдеуге циакрин желімдерін қолданады. Желімдер 
алдында жаралардың шеттерін ұстағыштармен керіп тартып қысып бекітеді, 
сірлі қабаттарымен беттестіріп, 2–3 тамшы желім жағып полиэтилен 
салфеткамен жауып, саусақтармен қысып бекігенше ұстап тұрады (сурет 66). 
Сурет 66. Ұлпаларды желімдеуде ағзалардың қабырғаларын тілу 
Операциялық жараның ішінде көп май ұлпалары, қан тамырлары 
болғанда және операциядан кейін қатты тартылғанда ұлпаларды желіммен 
біріктіруге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет