78
біріктіретін және жақындататын; жараға салу уақытына қарай –
біріншілік,
кейінділік және
екіншілік болады. Біріншілік тігісті жараға операция жасаған
кезде немесе кездейсоқ болған жараға салынады (жараланған уақыттан 6-12
сағатан кеш емес). Кейінділік тігісті жарақатқа 5 күннен кейін, жарада
инфекцияның даму қатері жойылғанда; екіншілік тігісті жараланған кейін 8 -
15 күн
өткеннен сон, жара бірқалыпты гранулденгенде іріңденуі тиылғанда
(кейде кеш екіншілік тігіс 2-3 аптадан кейін) салынады. Егер тігіс жараны
толығымен біріктірсе оны жабық тігіс, егер жара бөліктері ашық қалтырылса
онда жартылай тігіс деп аталады.
Жараның барлық қалыңдығына салынған тігіс
бірқабатты, егер
ұлпаның әр қабатын бөлек тіксе
көпқабатты тігіс болып келеді. Онда
осындай күрделі біріктіруде
беткейлік және
ішкілік тігістерді ажыратады.
Біріктірген ұлпалар және мүшелер түріне байланысты: терілік, бұлшық
еттік, фасциальды - апоневротикалық, сіңірлі, тамырлы, жүйелік, ішектік,
қуықтық, паренхиматоздық тігістер болады.
Бір бөліктердің, мысалы терілі
және бұлшық етті, бір - бірінен айырмашылығы аз болады, басқалары арнайы
тағайындалған тігістер болып қарастырылады, себебі әрқайсысына арнайы
ерекшеліктерін қарастырады.
Тігіс салатын аспаптар. Тігістерді салған кезде әртүрлі жүйелі
инеұстағыштар және хирургиялық инелерді қолданады (суреттер 53). Теріні
және тығыз ұлпаларды тігу үшін жүзі өткір тесетін инелер қажет (көлденең
тілімде үш қырлы).
Сурет 53. Инеұстауыштар;
а – Матьенікі;
б – Трояновтікі;
в – Гегардікі
Пішініне қарай инелер түзу, жартылай және толық иілген болады.
Хирургиялық инелер кәдімгі түрде тар
қуыспен біріккен автоматты
құлақшамен қамтамасыз етілген. Жіпті бұндай құлақшаға өткізбейді, оны
үстінен басу арқылы салып, құлақшаға жылжытады (сурет 54), металдың
серпімділігі арқасында қуыс ашылып,
79
Сурет 54. Хирургиялық инелер, инеге жіпті өткізу
а – иілген ине; б –доғалды ине; в – тік ине; г – ішектің инесі; д – қөздің инесі;
е, – сабы бар ине; ж – Дешан инелері; з, и – жарақаттық
инелер
жіпті оңай өткізіп, тез қосылады. Жіпті инеден кеспей алып тастау өте оңай,
ол үшін жіптің бір ұшын иненің қиындысына салып, құлақшасына қарай
итеру керек. Инені ине ұстағыштың ұшымен ортаңғы және артқы үшінші
бөлігінің шекарасын қысады (құлақшаға ең жақыны).
Кейде ине және ине ұстағышты ұстағышы бар инемен алмастырады.
Бұндай иненің құлақшасы кәдімгі және жіп өткізуге арналған қиындысымен
болады. Ұстағышы бар инемен терілік тігістерді салу және ірі жануарлардың
жарық қуыстарын тігу ыңғайлы (сурет 55).
Қосалқы құралдарға жараларды тігуде хирургиялық, ал ішкі мүшелер
операцияларында - анатомиялық пинцеттер жатады. Пинцетті қолда қалам
сияқты ұстайды.
Түйіндердің түрі және оларды байлау техникасы. Хирургияда теңіз
80
және хирургиялық түйіндерді қолданады. Кәдімгі түйін хирургиялық
тігістерді байлауға жарамайды.
Теңіз түйінінде бірі біріне кигізілген екі түйін болады, оны байлау
әдісі: оң қолдағы жіпті сол қолдағы жіптің астына әкеліп, бірінші түйінді
байлайды. Осыдан кейін оң қолдағы жіп ұшын сол қолдағы жіп үстіне
орналастырып, екінші түйінді байлайды.
Сурет 55. Түйіндерді инеұстағыш көмегімен байлау тәсілі
Хирургиялық түйінді байлау үшін бірінші түйінді
екі рет орайды
үстіңгіні теңіз түйініндей байлайды (сурет 56).
Сурет 56. Түйіндердің түрі:
а – қарапайым;
б - хирургиялық;
в – теңіздік
Тігістерді салғанда түйіндерді жылдам байлаудың көптеген әдістері
ұсынылған. Ең қарапайымы – түйіндерді сұқ саусақпен байлау (Садовскийдің
әдісімен). Бастапқы жағдайда жіптер келесі түрде болуы керек:оң жіп сол , ал
сол жіп оң қолда, сонымен қатар
сол жіп оң жіптің астынан өту керек (сурет 57, а). Сол қолдың сұқ саусағын
сол жіпке қояды (сурет 57, б), барлық буындарда бүгіп (жіпті қамтиды),
ұшын оң жіптің астына әкеледі (сурет 57, в).
Осылай оң жіп сол қолдың сұқ саусағының тырнағында
орналастырылады (сурет 57, г), сол қолдың ортаңғы саусағы жіп ұшын
жіберіп, сұқ саусаққа жақындатып бекемдейді, жарадағы бірінші түйінді
тартып түйін шығарады (сурет 57, е). Хирургиялық түйінді салу үшін
жіпті
81
сұқ саусақпен екі рет орайды, ал содан кейін түйінді тартады. Екінші түйінді
жасау үшін, теңіз түйінінің барлық әдістерін оң қолдың сұқ саусағымен
қайталайды, бірақ түйінді тарту алдында қолдың білек ұшы сол қолдың
үстінде, ал оң қолы астында тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: