Пластикалық операциялардың элементтері
Ұлпаларды қалпына келтіру және жоғалған функцияларын жүзеге
асыруын пластикалық операциялар деп аталады.
Ауыстыруға қолданған материалға байланысты бүлінген ұлпаларды
төрт әдіспен орнына келтіруге болады:
аутопластика – материалды ауру малдың өзінен алады; гомопластика –
материалды сол түрдегі, басқа малдан алады; гетеропластика –
трансплантаты малдың басқа түрінен алады; аллопластика – ұлпаларды
басқа, әдетте өлі (синтетикалық) материалмен ауыстырыды
Басқа малдан ауыстырып салған ұлпалар және ағзалар, (гомо және
гетеропластика) реципиенттің организмінде биологиялық сәйкессіздікті
шақырады. Осы құбылыс трансплантациялық иммунитет деп аталады.
Трансплантат 8 - 14- ші күні некрозға ұшырап, түсіп қалады. Қазіргі
88
уақыттың өзінде бұл биологиялық реакцияға қарсы әсері ететін және қауіпсіз
әдістер табылған жоқ.
Сондықтан
ветеринариялық
тәжірибеде
гомо-
және
гетеротрансплантацияны кең қолданбайды.
Ветеринариялық хирургияда тек қана аутопластиканың жеке тәсілдерін
және ұлпалардың ақауларының орнын аллопластикадан жасалған
материалмен ауыстыруды қолданады. Пластикалық операцияларды жиі
жағдайда тері ақауларына істейді; сондықтан «тері пластикасы немесе
дерматопластика» деп атайды.
Негізі теріде екі түрлі пластикалық операциялары бар. Азат емес
пластика – теріні толық кеспейді, маңайлап тіліп және тартып ақауларды
жабады. Азат пластикада ұлпаның ақауын көршілес немесе алыстағы
аумақтан толық кесіп алған тері бөлшегімен жабады (сурет 67).
Азат емес пластика тәсілі ақауды әлсірететін кесулерді қолдануымен
жабуы - дерматопластиканың ең көп таралған түрі.
Көрсетілуі. Дененің көп қимылдайтын аумақтарында (буындар,
байламдар, сінірлер, сіңір қынаптары және т.б.), ірі тамырлардың және
жүйкелердің өту орындарында, ісіктерді және қаяу мен тыртықтарды кесіп
алған орындарға жасалады.
Орындалу техникасы. Жануарды жатқызып бекемдеп, наркозды немесе
жергілікті жансыздандыруды жасайды. Асептика ережесін қатал сақтайды.
Тілік жүргізілген аумақтың өлген ұлпаларын тазалайды; грануляцияланған
жаралардың бетін жаңартады, тыртықтанған ұлпаларды кесіп алып тастайды.
Қан кетуді 3% сутек қос тотығымен дымқылдаған анжылармен мұқият
тоқтатады.
Сурет 67 Әлсірететін кесулердің бағыты және тері пласкикасында қиықтарды құрау
89
Ақауларды жараның өз жақтарымен жабады, оларды жылжыту үшін
теріні қосымша кесуі қажет. Жара жақтарының тартылысын кемітеді және
олардың жылжыуына мүмкіндік береді. Әлсірететін кесулердің көлемдері
және қалыптары әр түрлі (доға тәрәзді, тік бұрышты, ирек тәрізді) болуы
мүмкін, бірақ сол орының топографиясына қатаң сәйкес келуі керек және
астында жатқан ағзаларды зақымдамамау керек.
Жабық жылжытылған терімен жабылған ақауды әдетте түйінделген
тігістермен тігіп қояды. Р Сяре жылжытылған теріні алдын ала көптік
кесулермен перфорация жасауды ұсынған (Сурет 68).
Сурет .68. Ақауды қабақ аумағында аяқшасы мен тері қиықпен жабылуы
Негізінде ақау тері жамаумен жабылады. Тәсіл нәтижелілігі өте
жоғары. Әлсірететін кесулердің жаралары тігістерсіз жазылады. Бірақ, егер
мүмкіншілік болғанда оларды жақындатады және да түйінделген тігістермен
тігіп қояды. (Сурет 69).
Сурет 69. Тері жамауын перфорациясы
Азат пластиканың т әсілдері (трансплантация). Әдетте пластикалық
операцияларда тек қана асептика ережесінің сақталуына ғана емес, сонымен
қатар трансплантаттың алынуына және көшірілетін орынды дайындауына,
операция жасалатын малдың жалпы күй-жағдайына, организмнің
реактивтіктігіне назар аудару қажет. Трансплантаты әлсіз, ақау аумағында
қабынуы бар жануарға көшіруге болмайды. Әлі кеткен малда реакциясы
90
төмен болада, гипо және авитаминозда, көп қан кеткенде, арықтауда және т.
б . малдан алынатын трансплантант өлуі мүмкін. Сондықтан жануар
организмнің жалпы күй-жағдайын жақсартатын және регенеративті
қабілеттілігін ынталандыратын (толық құнды азықтану, қан құю, дәрумендер,
ұлпалардан жасалған дәрілер және т. б.) алдын-ала лайықты дайындық керек.
Амман тәсілімен терінің кішкентай кесектерін көшіріп қондыруы.
Гранулирленген
орынға
трансплантацияны
көшірудің
қарапайым
тәсілдерінің бірі. Көшіруге арналған материалды санның ішкі бөлігінен
алады. Малды алдын ала жығып, қажетті тері орнын жуады,
майсыздандырады, дезинфекциялайды және 1% новокаин ерітіндісімен
инфильтрациалайды. Одан кейін анатомиялық іскекпен терінің жоғарғы
қабатын бүріп, аздап жоғары көтереді және өткір скальпельмен эпидермисті
емізікше қабатпен бірге, бірақ терінің астыңғы қабатынсыз кеседі. Кішкентай
кесек мөлшері 3-4 мм болуы керек. Бөлініп алынған кішкентай кесекшені
жедел, іскекпен трансплантацияның орынына алып барып матырады. Ол
орынды грануляцияланған шұңқыршаны 0,5 см тереңдікке кішкене
скальпельмен істейді. Тереңдетулердің ара қашықтығы 1 см болуы тиіс.
Терінің кішкентай кесегі іскекпен қайтадан еріп, сыртқа шықпау үшін,
трансплантатты скальпельмен басып қысу керек (сурет 70).
Сурет 70. Амман тәсілімен терінің кішкентай кесектерін кесіп алу:
а - трансплантат алынуы; б - трансплантаттарға арналған шұңқыршаларды дайындау; в —
шұңқыршаларға трансплантаты орналастыруы
Егер мүмкіншілік болса ақау орнын каркас таңғышпен және крамердың
қалақшасын қолданумен қорғайды (карпалдық, тарсалдық буындарды және
аяқтардың басқа аумақтарын). Көшірілген терінің кішкентай кесектері 8-20
күн ішінде регенерацияланады, ал ақаудың беті толықтай 30 күн ішінде
эпителизияланады.
A. Панков тәсілімен эпидермисті («тері қиқымның») көшіру.
Гранулденген жара бетін натрий хлориді ерітіндісімен жуады, іріңдеу
болғанда 1:1000 калий перманганаты ерітіндісін қолданады. Сербекке жақын
донорлық учаскеде теріні мұқият қырады және оны спиртімен өңдейді.
Инфильтрациялық жансызданудан кейін, ұстара жүзімен 2 - 3 см
2
мөлшермен
эпидермалдық бауды кеседі.
91
Содан соң эпидермисті кішкентай стерилденген шыны аяқшасына
қояды, оны сұйық ботқа күй-жағдайына дейін көз қайшыларымен ұсақтайды.
Оны кішкене шыны ыдысқа салып, стерилденген физиологиялық
ерітіндісімен екі рет жуып тазартады. Содан соң кішкене көз іскегімен
кішкентай бөлшектерді, «қиқымдарды» қысып алады, әрбір жараның 1 см
2
аумағына 2-3 мм
2
есебімен 3-4 мм тереңдікке, төменгі жағынан бастап
имплантация жасайды. Осы әдістерді жасап болғаннан кейін эпидермистің
бетіне ақ стрептоцид ұнтағын себеді. Отырызылған эпидермистің көбі
көндікпейді және өледі сондықтан сорылады. Осы құбылыс жазылу
құбылысын ынталандырады. Жазылудың орташа ұзақтығы 18 күн.
Аллопластиканы қолдану (греч. allos - басқа және plasso - жасаймын)
ветеринариялық хирургияда тек қана медициналық хирургияда синтетикалық
пластмассаларды қолдана бастағаннан тәжірибелік мағынаға ие болды.
Пластмассалар организмге енжар және зиянсыз қасиеттері және ұлпалар
оларға араласып үйреніп ішіне ену қабілеттілігі бар. Аллопластикалық
операцияларға пластмассаларды, жасанды маталарды және синтетикалық
желімдерді қолданады. Қатты пластмассалардан полиметилметекрилат және
полиэтилен, жұмсақ, серпімді және маталалық капронды, нейлонды,
орлонды, лавсанды және т.б., нығыздары – ивалонды пластмассалар,
полиэтилендік қабыршақтар, хлорвинил және т.б. қолданады.
Аллопластикалық материалмен зақымдалған орынды басуға болады
немесе резекцияланған сүйектердің бөлімін, буындардың, будаларың,
тамырлардың жұмсақ қабырғаларың, жүректің клапандарын, құрсақ
қабырғасының ақауларын ауыстыруға болады. Ең кең таралған түрі
ветеринариялық хирургияда тігістерге арналған синтетикалық жіптерді
қолданады, сонымен қатар торлар немесе арнайы матадан жасалған
материалдармен құрсақ жұмсақ бөлігінің ақауларын жабыуға, жарықтарды
және пролапсустарды емдеуге болады. Ол үшін капронан (нейлон, лавсан
және т.б.) маталардан лайықты мөлшерлермен жамау пішіп, терінің астыдағы
тесікті немесе ақауды түйінді тігістермен тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |