Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет50/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129
оперативтік хир 8 н

Иммобилизирлейтін (бекітетін) таңғышмалдың дене бөлімдерін 
толық қимылдатпауды қамсыздандырады және зақымдалған мүшелерге 
тыныштықты жасайды. Олар сүйектердің сынулары, буындардың және 
сіңірлердің үзілгенінде, буын шығуларында көрсетілген. Мүшелерге толық 
қимылдаусызды жасау үшін, әсіресе сынуларда, таңғышты зақым келген 
орынан бір буын жоғарырақ және бір буын төмен алып салуға міндетті. 
Иммобилизирлейтін таңғыштарға шиналық және қатаятын таңғыштар 
(гипстіктер) жатады. 
Шинналық таңғыштар өз негізінде әртүрлі түрде шиналық, тіреулік 
таңғыштары болады, зақым келулерде аяқтарды уақытша иммобилизациясын 
қамтамасыз ету үшін көрсетілген. Қан - және лимфа айналысын бұзылуының 
жолын алу, домбығуды дамытпау, ағзалар орнынынан жылжымау және 
ауырсынуды азайту үшін зақым келуден кейін шиналық таңғышты неғұрлым 
ертерек салуы қажет. Бірақ иммобилизирлейтін таңғыштар толық бекітуді 
жасамайды, сондықтан оны көбінде сенімді қатаятын таңғышпен 
ауыстырады. 
Ол таңғыш астарлық материалдан, шиналардан және бекіту 
құралдарынан құралады. Астарлық материал ретінде майсыздалмаған 
мақтаны, қалдық талшықты және басқа қолдағы а құралдарды қолданады. 


112 
Шиналарды жұмсақ сымнан, қаңылтырдан, фанерлерден, қабықшадан (жөке 
ағашы қабығы), картоннан және басқа материалдан әзірлейді. Фабрикалық 
шиналардан ветеринариялық десмургия талаптарына Крамердың және торлы 
шиналар сәйкес келеді (сурет 88). Шинаны аяқтарға салғанда буындарда сәл 
иілген қалпына келтіреді.
Сурет 88. Сым шинаның түрлері: а — торлылар : б — Крамердікі 
Иммобилизирлейтін аумақтың терісін дәке салфекткасымен жабады. 
Оған 1-1,5 см жуандықта қабаттап майсыздалмаған мақта салады (сүйек 
шошақтарын жуан қабатпен көбірек жабады). Астарлық төсеуішті жорғалап 
жүруші бинт таңғышпен бекітеді, оның үстінен алдын ала дайындалған шина 
таңылады; сым шиналарын тек қана дорсалдық және волярлық (плантарлық) 
жанынан орналастырады; фанерліктер, кардондық және басқалары - барлық 
төрт жағынан салынады. Шиналардың ұштарын теріні жарақаттамау үшін 4 - 
5 см астарлық материалмен орайды.
Томасовскидің шинасын иттерге арналған, олардың аяқтарының 
жоғарғы бөліктерін бекітуге қолданады. Оларды жұмсақ сымнан 5-10 мм 
қимамен дайындайды, оның ұзындықтары қолданатын малға тәуелді болады. 
Орта бөлімдеріне сымнан сақина жасайды, кеуде және артқы аяқтарын 
қамтуға, буындарының түріне лайықты келтіріп жасалады. Аяқтың 
ұзындығымен сымның азат соңдарын бүктейді және қосады. 
Дайындалған каркасты аяқтардың пішіндеріне сай келтіреді. Сынуды 
репозицияланғаннан кейін арнайы бинттермен, салынған шинаны бекітеді 
(сурет 89). Барлық шаралар наркоз астында орындалады. Осы шинаны 
гипстік таңғыш салуынан кейін қолдануға болады.
Гипстік таңғыштарды ұзақ мезгілге иммобилизация жасауға 
қолданады. Ветеринариялық тәжірибеде гипс бинттері қолдан жасалынады 
және заводтан дайындалып шығарылады. Негізінде дайын шыққан бинттерді 
пайдалану қолайлы және үнемді болады. 


113 
Сурет 89. Томасовскийдің шинасы. 
Даярлануы және кеуде аяқтарына салудың кезеңдері 
Колдан жасаған гипс бинтін жасау үшін, клеенкамен жабылған үстелге 
дәке бинт үстіне қолмен немесе қалақшамен гипс ұнтағын салып оны 
ысқылап жағады. Гипс ұнтағымен толтырылған бинтты қатты кермей 
орайды. Стандартты ұзындықтығы 7 м бинтты қақ ортасынан кесіп екі
гипстелген бинт таңғышын жасайды. 
Гипстың астына астарлық материалға сұр мақтаны немесе мақта - дәке 
компресстерді 0,5-1 см жуандықпен қолданады. Гипстік таңғыштардың 
мықтылығын көбейту үшін сым шиналарын қолданады.
Иммобилизация қамтыған аумақтарда, көршілес буындарды қоса 
таңғышпен бекітеді. Сулауға арналған бинттерді жылы суы бар шылапшынға 
салады, көпіршік бөлінуі тоқтағанша дейін ұстайды, ол судың сіңуінің 
аяқталғанын көрсетеді. Содан соң бинтті шылапшыннан шығарады және оны 
екі қолмен қысып артық суын сығады. Бірінші қабатына арналған бинт 
таңғышты астарлық материал суланбау үшін мол сығады. Бинтың сыртқы 10 
- 15 см ұзындығы,бос ұшын кесіп алады. Одан кейін төмен жағынан жоғары 
және кері шиыршықты турлармен гипстелген бинттерді салуға кіріседі, 
астарлық материал таңғыштан төмен және жоғары 4-6 см алға шығарып 
тұрады. Бинттеу уақытында суланған алақанымен таңғышты сипап тегістеп 
қояды үлгілеу жасайды (моделирование). Гипс таңғышы бірінші 5 - 10 
минутта бастап қатады, ал жеткілікті беріктікке 1 - 2 сағаттан кейін ие 
болады. Осы уақыттардың арасында таңғышқа зақым келтірмеу үшін, 
малдың мазаланбауына барлық шара қолданады. Таңғыш толық 24 сағаттан 
кейін кебеді. 
Шиналы - гипстік таңғышқа шиналарды гипстің ішіне салып, сұйық 
ботқамен шина аралық кеңістікті толтырады. Шина тек қана сондай түрінде, 
таңғыш бойына тиіп тұрғанда оның беріктігі күшейеді.
Гипстік таңғыштардың түрлер. Гипстік таңғыштар астарсыз, 
терезелі, көпір тәрізді, ашылып салынатын және т. б. болып бөлінеді. 


114 
Ашылып салынатын таңғыш, жабық гипстік таңғышты екі жағынан 
ұзыннан кесіп, екіге бөлу арқылы жасайды. Оны иммобилдеген орынға салып 
сыртынан бинтік таңғышымен бекітеді. Ашылып салынатын таңғышты 
шешіп қайтадан зақымдалған орынға салуға болады.
Көпір тәрізді таңғышты буындарға оларды ашық қалтыру үшін 
салады.
Терезелі таңғышты ашық сынықтарға олардың жағдайын қадағалау 
үшін (сурет 90) салады. 
Сурет 90. Гипстік таңғыштар:
а – ашылып - жабылатын; б – көпіртәрізді; в – терезелі; 
Лангетті - циркулярлық гипстік таңғыш. Оны жасау мақсатымен 
гипсталған лангеттерді суға матырады, сығады аяқтарға алдынан және 
артынан салады. Жылдам моделдеп лангеттерді гипстелген бинтпен 
циркулярлық 2 – 3 турмен бекітеді (сурет 91).
Ұсақ малға арналған гипстік таңғыштар. Ұсақ малдың гипстік 
таңғыштарында шиналар болмауға тиісті, себебі олар таңғышы өте ауыр 
қылады. Гипстік таңғыштар тию орынынан тәуелсіз, аяқтың бәрін қамтуға 
Сурет 91. Лонгетті – пиркулярлық гипс таңғышын салуы (Хохловша) 


115 
(саусақтар басқа ) және денені айнала қоршауға тиісті (сурет 92). Егер оны 
істемесе таңғыш төмен жылжиды . 
Сурет 92. Иттерде лонгет гипсін салу: а - жамбас сүйек сынуында; б – тілерсек 
буынының сүйектері сынуында; в – асықты жілік сынуында
Гипстік таңғышын алуы. Гипстік таңғыштарды ерекше гипстік 
қайшылардың көмегімен шешеді. Арнайы аралармен (сурет 93), тұяқтың 
пышақпен немесе таңғыштың қайшысымен шешіп алуға болады. Гипс 
таңғышын жеңіл алу үшін оны кесу сызығымен ыстық тұз немесе сірке суы 
ерітіндісімен жібітеді.
Гипс таңғышы жұмсарғаннан кейін қәдімгі тік қайшымен оңай кесіп 
алады. 
Сурет 93. Гипстік таңғыштарды алуға арналған аспаптар : 
1 - гипстік ара; 2 - гипстік қайшы; 3 — таңғыштың қайшысы 


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет