122
Медикаменттік емдеу
Қажет жағдайда ауырсынуды басатын (парацетомол 500мг 3 рет
тәулігіне) және құсуға қарсы препараттар (метоклопрамид ішке 15-30 мг 3
рет тәулігіне немесе бұлшықетке 5-10 мл енгізеді).
Танау аумағындағы операциялар
Көз астындағы жүйкені тежеу.
Көрсетуі. Танау аумағында, жоғарғы ерінде, қансарға,
жоғарғы жақ
кеңсірігінің бөлімдеріне және тістердің 2- ші малярларына операция жасау
үшін.
Ірі қара малды жансыздандыру техникасы (Н. В. Садовский).
Көзастындағы жүйкенің тұрған жерін анықтау керек. Ол үшін орбиталық
сызықтан орбита сыртқы жақтарымен танау арқасына параллель өткізеді.
Жоғарғы жақтың терісінен жеңіл табылатын 1-ші премалярға перпендикуляр
сызық жасайды. Екі сызықтың қосылған нүктесі көз астындағы жүйкеге ине
салу орны.
Инені сол арқылы, оған аттас аборальдық каналына кішкене
жоғары қаратып 3-4 см тереңдікке иньекция жасайды. 10 мл 3% - тік
новокаин ерітіндісінін инъекциялайды.
Жылқыда көз астындағы тесік арнайы ерін және танау-ерінін жоғары
көтеретін бұлшық еттермен жабылған. Оның
орынын шықшыт тарағы және
танау жақ ойығы қосылған сызықпен анықтайды (сурет 98, 2). Сол қолмен
көзастындағы тесікті жабатын бұлшық етті үстіне жылжытады, инені 3-4 см
тереңдікке көзастындағы каналға қадап және каналдың төменгі
қабырғаларын ұстап тұрып 10 мл 3% - дық новокаин ерітіндісін енгізеді.
Сұйықтық канал шектерінің артынан ағуын болдырмау үшін, инъекция
уақытына тесік аумағын саусақпен сәл қысып ұстайды.
Жоғарғы жақ жүйкесін тежеу (A.П. Студенцовпен): Көрсетуі
көзастындағы жүйкені тежеу және үстіңгі жақтың тістерінің барлықтарына
операция жасауда қажет.
Жансыздандыру техникасы. Ең қарапайым және нәтижелі техникасы
жылқыға жасағанда болады. Ине шаншу нүктесі ретінде клесі екі сызық кесіп
өткен орынды белгілейді:
а) беттің, жақтың сыртқы буынан бет тараққа бағытталған
б) орбита алдындағы сызыққа перпендикуляр орбитаға аборальды
өткізілген сызық (сурет 98, 1).
Тері тесуінен кейін, терінің асты шелін,
шайнайтын фасцияны және шайнайтын бұлшық етті тесіп, инеден мандренді
шығарады және сүйекке тигенше оны баяу итереді. Малдың дене пішіміне
қарай ине шаншудың тереңдігі тәуелді 6,7 - 8,7 см болады. 20 мл 2–3 % - тік
новокаин ерітіндісінін инъекциялайды. Инъекция тамадалғаннан кейін
саусақпен терінің шаншу орынын басып тұрып, инені жылдам шығарады.
Жансыздандыру 7 - 30 минутттан кейін басталып 25 - 50
минутқа
созылады. Кейде орбита ағзаларының сезгіштігі жоғалады.
123
Сурет .98. Бас жүйкелерінің тежеунүктелері:
а — б — бет сызығы;
с - d — орбиталық сызық;
а - е - бет тарақтары – танау – жақ
ойық сызығы; 1 – жоғарғы жақ жүйкесі; 2 – көз астыңғы жүйке; 3 - маңдай жүйкесі: 4 -
блокастындығы жүйке
Достарыңызбен бөлісу: