Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет47/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129
оперативтік хир 8 н

Таңғыштар – компресстер 
Салқын компресстің – ішкі қабатты матадан (дәкеден жасайды), мұзды 
сумен сіңдіреді және сықпай жараланған аудандарға орап қояды. Әрбір 10 - 


105 
15 минут сайын салқын сумен қайта сулап тұрады. Салқындатуға кейде қар 
немесе мұздың кішкентай кесектерін кішкене қаптармен пайдаланады
Жылытушы компрессте – бірінші қабат (мата қабаты), бөлмелік 
температура суымен немесе спирт ерітіндісімен сулайды және екінші қабаты 
өткізбейтін материалмен - клеенкамен, целлофанмен, майлы қағазбен 
сыртынан жабылады. Өткізбейтін қабат компресс шеттерінен 2-3 см 
артығымен шығып тұруға тиісті. Содан соң жылыту үшін үшінші қабатын 
дымқылданбайтын қасиетке ие (сұр мақта, мауыттар, аң елтірлері, байкалар 
т.б.) материалдарды орайды. Жылытушы компрессті екі сағаттық аралықтан, 
6-8 сағат сайын алмастырады. Ол аралықтардың арасында компресс орнын 
құрғатып, жуан мақта қабатынан жылы таңғышпен байлап, салқындаудан 
қорғайды. Дәл осылай, салқын сияқты ыстық компресс қойылады, 
айырмашылығы салқын су орнына ыстық су алады. 
Жылы орау. Жылуды жақсы сақтайтын, жылытуға арналған (сұр мақта, 
аң терісі, көрпе, мауыт т.б.) жұмсақ материалмен ауру орынды жауып 
қыздырады. Жылытуды алдында аздап қана тітіркендіретін сүртпе майларды 
– скипидар немесе спиртті үйкеу арқылы жылуды күшейтуге болады. 
Үзілісті жылы орауда таңғыштың ішкі қабатын мұзды сумен сулап, 
сыққаннан кейін, жарақатталған орынды онымен орайды. Компресс үстіне 
жылытатын қабат салады (көрпе, ат жабу, аң терісін, мақтаны т.б.). Егер 
ондай қажеттілік болса үзілісті жылы орау әр 2-3 сағат сайын ауыстырылады. 
Ыстық ботқа басудың негізгі қабаты оған: зығыр ұны, күнжара, 
картоп не кебектерден дайындалған ботқа тәрізді массаны қолданады. Ыстық 
ботқаны температурасы 45-50
0
С, қабатпен (3-4 см) холстқа салып үстінен 
клеенкамен жабады. Бұл пластпен (холстпен теріге) үстінен жылытатын 
материалмен ауру бөлімді орайды. Ыстық басқышты әр 1-2 сағат сайын 
ауыстырады. 
Иммобиллизирлейтін (бекемдейтін) таңғыштар ауру ошақтың 
қираулары жағдайында, қимылсыздандыру жағдайына келтіріп, тиімді ем 
көрсету мақсатымен жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет