Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет69/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129
оперативтік хир 8 н

Еркек малды пішу 
Анатомо - топографиялық деректері. Шаптық канал (саnаlis inguinalis) 
– сыртқы (тері астындағы) және ішкі (құрсақтық) екі шаптық сақинасы бар, 
құрсақтың қиғаш бұлшық еттерімен құрастырылған. Құрсақтың вентральдық 
қабырғасындағы орналасқан май құйғыш тәрізді саңылау (айғырда ұзындығы 
10 - 12 см).
Ең ұзын шап каналы бұқаларда, ең ұзын шап сақиналар айғырларда 
болады. Үй қояндарына шаптық канал өте кең болады. Шаптық канал ішінде 
құрсақ пардесінің париенталдық өсіндісі төселіп (көлденең фасциямен 
жабылған) қынаптық канал (canalis vaginalis) құрастырады. Ұма шектерінде 
қынаптық канал кеңейіп және жалпы қынаптық қабық қуысына (cavum 
vaginalis) көшіп өтеді. Қынаптық каналда, шаптық сақиналарға лайықты 
келетін сыртқы және ішкі қынаптық сақиналары болады. Қынаптық каналдан 
басқа, шаптық каналда сыртқы ен көтергіші, сыртқы артериялары және 
веналары, сыртқы ен жүйке бұтақтары және лимфа тамырлары, айғырларда 
кейде қосымша шаптық лимфа түйіндер орналасады (сурет 115).
Ұма (еркек безінің қабы) – (saccus testiculorum) күйіс қайтаратындарда 
және жалғызтұяқтыларда сандардың арасында, ал қалған малда анусқа 
жақын маңда орналасады. Ол қос қуыстан - ұмадан, еркек бездің қос сыртқы 
көтергіші және қос жалпы қынаптық қабықтан түзеледі (116). 
Сурет 115. Жылқының шаптық каналың схемасы : 
А - ішінің түрі; б - сыртқы түрі; 2 - ішкі және сыртқы шаптық сақиналары; n — 
шаптық буда; кв - ішкі құрсақ қиғаш б. е; пм - түзу құрсақ б.е; кн - сыртқы құрсақ 
қиғаш б.е. апоневрозы
1. Ұманың терісі ең жуаны бұқаларда, онда терлік және май бездері 
орналасады. Орта сызықпен ұма тігісі жүреді. 


147 
2. Бұлшық ет - серпімді қабық (tunica dartos) терімен тығыз қосылған 
оның ішінде бұлшық ет шоқтары көп және арасында серпімді талшықтарда 
болады. Ортаңғы сызықта қалындап ол ұманы екі қуысқа бөледі. Кәрі 
қойларда сол қабықтың астында майлы клечатка дамиды. 
Сурет 116. Айғырдың жыныс ағзалары (ен қабы екі жағынан ашылған): 
1 – күпектің тесігі 2 –
жалпы қынаптық қабығы; 3 - мезорхиум; 4 - қынаптық буда; 
5 - ен; 6 - ен қосалқысының басы: 7 - ен қосалқысының денесі; 8 - ен қосалқысының 
құйрығы; 9 - ұрық өткізгіш; 10 - ең баудың тамырлы бөлімі ;11 - ен будасы 
3. Ұманың фасциясы (fascia subdartoica) ең көп бұқаларда және 
қабандарда дамыған, жалпы қынаптық қабықпен бос ал алдыңғы қабатпен 
берік байланған. 
Ұма (scrotum) келесі қабаттардан түзеледі. 
4. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) іш пердесінің 
париенталдық және көлденең фасцияның өсіндісі, ұманың әрбір жартысында 
төселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын құрастырады (cavum vaginalis). 
Құрсақ қынаптық канал арқылы құрсақ қуысымен қатынасады. Қабықтың 
латералдық қабырғада, сыртқы ен көтергіші (m.cremaster ext.) орналасқан, ол 
бұқада, айғырда және қабанда жақсы белгіленеді. Ол ішкі қиғаш бұлшық 
еттің бір бұтағы болып келеді.
Еннің арнайы қынаптық қабығы (tunica vaginalis propria) ен қосалқасын 
және ен бауын жабады. Ашық пішу тәсілінде оны тіліп жарады. 
Ен (testis, didymis, s. оrchis) сырттан қынаптық арнайы қабықпен 
жабылған. Арнайы қынаптық қабық белоктық қабықпен тығыз байланысқан. 
Еннің бас жағынан ішке қарай тартымдар кетеді одан трабекулар тарайды. 
Трабекулдар бездік элементтер толтырылған камераларды құрады онда 
жыныс клеткалары спермилер және андрогендік гормон тестостерон дамиды. 
Ен басы бұқада жоғары айналған, айғырда алға, қабанда төмен қарай 
орналасқан. 
Ен қосалқысы (epididymis) күйіс қайырушыларда ол еннің каудальдық 
жағында, ал айғырларда, қабандарда, төбеттерде және еркек мысықтарда 
дорсо-латералдық беткейде орналасқан. Оның басы, денесі және құйрығы 
болады. Ен қосалқысының құйрығынан ұрық өткізгіш басталады; буда 


148 
арқылы қосалқаның құйрығы, ал ен қынаптық будамен - жалпы қынаптық 
қабықпен косылады. 
Ең бауы (funiculus spermaticus) сырттан құрсақтың висцеральдық 
бүрмесімен жабылған, ол еннің іш майына айналып, сол арқылы жалпы 
қынаптық қабықпен қосылады. Оның құрамында : 
а) ішкі тұқымдық артерия (a. Spermatica interna) ол құрсақ аортасынан 
бөлініп шығады (сурет 117).
б) ұрық өткізгіштің артериясы (a. Deferentis) кіндік тамырынан бөлініп, 
ең бауының құрамында ұрық өткізгішпен бірге жүреді. Сыртқы ең артериясы 
терең жамбастық артериясынан немесе құрсақ артериясының тармағынан 
алыстайды. Ол ең бауының құрамына енбейді тек сыртқыда ең көтергіште 
және ең қабақтарында тармақталады қосалқының каналының жалғасады,
оның құйрығынан шығады. Ол ен бауында медианалды жақта орналасады. 
Қынаптық канал арқылы құрсақ қуысқа кіріп, қуық мойының артынан 
көпіршік бездің ағыспен қосылып, әрбір жақтан ұрыққұйғыш ағыс 
құрастырады. Ұрықөткізгіштің соңғы бөлімі жүзімтүрді бездері бар 
ампулотәрізді кеңейтуді құрастырады. Ең баудың тұқымдық артерия және 
күретамыры орналасқан көлемі тамырлы бөлім деп аталады. Ал медиальды 
жатқан ұрық өткізгіш орналасқан, ұрық өткізгіш бөлімі болады. 
Ұманың жүйкеленуі және қанмен қамтамассыз етуі. Ұма және ұма 
көтергіш сыртқы еннің және жыныс тамырлардың бұтақтары арқылы қанмен 
жабдықталады. Ұма және жалпы қынаптық қабық сыртқы тұқымдық, құрсақ-
шаптық және мықын-құрсақтық жүйке бұтақтарымен, ал ұманың арты бөлімі 
шапаралық жүйкесімен жабдықталады. 
Сурет 117. Бұқа енінің қанмен қамтамассыз ету схемасы: 
А - Элленбергер және Бауммен бойынша: 1 - ішкі ен артериясы; 2 – 
ұрық өткізгіштің артериясы; 3 - жамбастық терең артерия; 4 - құрсақ 
үстіндегі тарау; 5 - сыртқы ен артериясы; 6 - кіндік артериясы; 7 – несеп 


149 
шығарғыштың артериясы; 8 - сыртқы жыныс артериясы; В. В Мосинша қан 
тамырларының тараулануы; 1 - ұрық өткізгіш; 2 – ұрық өткізгіштің 
артериясы; 3 - ішкі ен артерия; 4 – ен бауының конустық тамыры; 5 және 6 – 
ен қосалқысының артериялары; 7 – ен; 8 – ен қосалқысының денесі; :9 – ен 
қосалқысының құйрығы;. Қысқаштарды салу орыны: а — дұрыс емес; б — 
дұрыс 
в) ішкі ен көтергіш - (m. Cremaster internus) тегіс бұлшық ет 
талшықтардан түзеледі, олар ең бауын бойлай жүріп белоктық қабықта 
жоғалады (ірі қара малда осы бұлшық ет жоқ); 
г) ішкі ен өрімі (plexus spermaticus internus, s. hervus spermaticus 
internus) каудалдық іш май түйінінің постганглионарлық талшықтарынан 
құрылады; 
д) лимфа тамырлары еннен және ен қосалқысынан басталып 18 ден 38 
(айғырларда) дейін ірі және ұсақ діңдермен, ен баумен бірге жүріп, бел 
лимфа түйіндерге ағып құйылады; 
е) ұрық өткізгіш (ductus deferens, s. Ductus spermaticus)
Лимфа тамырларыдың көп санды ұсақ тамырларынан құрылған, 6 – 8 
ірі діңдерді ұманың қабырға жақтарынан жүріп, үстіңгі шаптық түйіндерге 
ағып құйылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет