Бұл тәг көлденең сызықты сызғанда қолданылады. Тэг қосымша SIZE (сызық қалыңдығын пикселмен анықтайды) және WIDTH (сызық ұзындығын пикселмен немесе экран бетіне шаққандағы пайыз бойынша анықтайды) атрибуттарын қабылдайды. Келесі мысалда кейбір сызықтар түрі көрсетілген:
“<” және “>” символдарын браузер HTML тәгтерінің басы мен соңын көрсететіндіктен мынадай сұрақ туындайды: мұндай символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML-да бұл &-үлестірулер көмегімен жасалады. Оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “<” символын браузер мәтін арасында < (less than ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен алынған) үлестіруі кездескенде көрсетеді. “>” символын > арқылы (greater than ағлшын сөздерінің алғашқы әріптері), “&” символын & арқылы, ал (“) қос тырнақшаны " арқылы экран бетінде көрсетуге болады.
Ескерту: үтір-нүкте (;) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек.
Жалпы айтқанда, &-үлестірулері ASCII кестесінің екінші бөлігіндегі барлық символдарды қамтиды. Бірақ, кейбір серверлер сегізбиттік мәліметтерді қолдамайды. Сондықтан да олар ASCII кодтарының 127-ден жоғарғыларын ғана &-үлестірулері арқылы қолдайды.
Түсініктемелер
Браузер арасына алынған мәтіндерді елемейді. Бұл белгілер ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР жазу үшін арналған. Мысалы: