Бақылау сұрақтар :
Мастер диаграммаларда неше қадамдан тұрады?
Диаграммалардан деректер бағаналарын қалай жою керек?
Диаграмманың қандай түрлерін білесіңдер?
Как в диаграмме изменить порядок рядов данных?
Берілген диаграммаға деректерді қалай қосуға болады?
№ 5 Зертханалық жұмыс
MS Access. Кесте аралық байланыс. Сүзгі және сұрыптау.
Қысқаша теориялық мағлұмат
Microsoft Access бағдарламасын іске қосқаннан кейін ашылған терезеден Новая база данных командасын таңдап ОК батырмасын басу керек. Одан кейін Фал новой базы данных терезесі пайда болады. Пайда болған терезеде жаңа базаның атын беріп сақталу орнын көрсету қажет. Одан кейін экранда ДҚ-ның объеквтілері көрсетілген терезе пайда болады, олар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макростар, модульдер.
ДҚ жоспарлау.
ДҚ құрудан бұрын келесі сұрақтарды міндетті түрде қарастырған жөн:
ДҚ-да қандай мәліметтер сақталады және оларды қалай ұйымдастырамыз? Бұл қандай кестелер қажет екенін және олардың арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
ДҚ-мен қандай әрекеттер жасау керек екенін?- бұл қандай формалар форма құру қажеттігін анықтайды.
Қандай құжаттарды баспаға шығару қажет ? – бұл қандай есептер құру қажеттігін анықтайды.
Кестелер мен олардың арасындағы байланыс ДҚ негізі болып табылатын мәліметтер моделін көрсетеді.
ДҚ-ның кестелерін жобалаған кезде:
Ақпараттар қайталанбау керек. Егер қайталанатын жағдай болса, онда оны екі ке,стеге бөліп, кілттік өрісін анықтап, осы кілттік өрістер арқылы өзара байланыстыру керек.
Қайталанатын топтар болмауы керек.
Қайталатын топтар – бұл бір жолдың бойында бірнеше рет қайталатын бағандар.
Мысалы, фирмалар мен мекемелердің аты жазылған 10 бағаннан тұратын кесте делік. Бірақ мекемелердің аты 10 –нан кем сондықтан бұл кестедегі өрістердің көбі бос болады.
Әрбір кесте нақты әлемнің мәнін сипаттау керек. Мысалы, бір кестеге фирма қызметкерлері мен олармен келісім шарттары туралы мәліметтер сақтауға болмайды.
Мүмкін болған жағдайда бірінші кілтті қолданған жөн. Бірінші кілттер кестелерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
Анықтамалық ақпараттарды бөлек кестеге орналастырған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |