Мұсаева әлия алтай-қызы көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру принциптерін зерттеу


Үшінші тарауда – «Ұлттық костюмнің композициялық шешімінің негіздері» -



бет6/15
Дата19.05.2022
өлшемі3.2 Mb.
#457380
түріАвтореферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру

Үшінші тарауда – «Ұлттық костюмнің композициялық шешімінің негіздері» - бұйымның композициялық құрылымының байлығын көрсететін киім элементтері, үлкен эстетикалық роль атқарады. Мұның бәрі пластикалық – фактуралық әсер күшін арттыруға негізделген. Осы бөліктердің үйлесімді пластикалық гармонияны тудыру арқылы бұйымға көркемдік жеңілдік және сәнділік береді.
Бұйымның негізгі тұтасын композицияның пішінмен үйлесімі арқылы туындайды.
Диссертациялық жұмыс қазіргі заманғы жас әйелдерге арналған костюмдерін ұлттық ою-өрнектер негізінде безендіріп жобалау болғандықтан, ою-өрнектер мен бұйым пішіндерінің ара-қатынасы қаралды. Бұл қатынастың мінездемесі симметрия мен ассиметрия арқылы шешіледі. Симметрия ол бірлестікке қол жеткізу және киім композициясында адам денесінің айқындығын көрсету. Симметриялы киімнің ішкі сызықтары бір орталыққа қатысты бөлінуі. Ертеліктен симметрия пішін сұлулығының бастамасы деседі. Көбінесе киімді симметриялы етіп тіккен, ол қозғалысқа, ыңғайлыққа өз септігін тигізеді. Пішінді зерттей келе және құрылым құруды талдау отырып профессор Т.В. Козлова еуропалық, Б.М. Уалиев қазақ ұлттық костюмдерінің негізгі үш геометриялық костюм құрылымын анықтады. Олар – овал тәрізді, тік төрт бұрышты, трапециялы. Осы талдауларға сүйене отырып ұлттық бас киімдердің пішін құру құрылымы анықталды.
Бас киім пішінін шығарып, геометриялық қасиетін анықтау үшін, оның негізінде құрылым тұрғызып визуалды түрде салыстырма мен аппроксимация жүргізу керек. Ең басты болып пішін мен ондан шығатын бөлшектерін анықтап, құрама бөлшектер, бөлінулерге назар аудармай, нәтижелі пішінді тауып, геометриялық параметрлердің салыстыру талдауы жасалады.
Негізгі пішіндерді анықтау үшін қазақ ұлттық бас киімдерінің иконографикалық талдау жүргізілді. Б.з.д. дәуірдің VIX-X ғасырындағы ежелгі түркі, орхон енесей, рун жазбасы мен согдотілінен қалған мұралар кезіндегі бас киімдері негізінде талдаулар жүргізілді. Мысалы, V-VI ғасырмен белгіленген «Алтын адамның» үшкірленген конус тәрізді бас киімі, ежелгі түрік бас киімдері осыдан бастама алады. Сақтардың бас киімдер ұзындығы – 70 см. дейін жеткен.
Ертедегі дала беделділерінде де биік бас киімдер қолданыста болған: айырқалпақ, мұрақ, қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, малақай, жалбағай, кепеш, жапетер, тақия. Оларды көбіне киіз негізінде тұрғызылатын, көбінде қызыл барқыт матасынан тігіліп, өсімдік тектес өрнектермен кестеленген. Ерлер бас киімсіз жүрмеген, дастархан басында тақия киетін болған. Далаға шыққан кезде үстінен сырт бас киімді кие шыққан.
Сәукеле ежелгі қалыңдық бас киімі. Қазақтар бұл бас киім түрін ХІХ ғасырдың аяғына дейін қолданған. Сәукеле киелі бас киімдер қатарына кіреді, ол ежелгі кезден бері сақталып қалған заттардың бірі. Археологтардың қазба жұмыстарында сәукеле бас киімі орта ғасырлық қазбалардан да табылған. Сәукеле биік пішінді, қымбат үлбірмен көмкерілген, конус тәрізді, жұқа киізден қалыпталып, қанық түсті матамен қапталған бас киім. Қалып ретінде қызыл матамен сырып тігілген конус тәрізді маңдайшасы мен желкелігі бар астарлы бас киімді қолданған. Ал сәукелені соның үстіне кигізген.
Қасаба - әйелдер киетін сәнді бас киім үлгісі. Оның желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түрінде көзге елестетуге болады. Қасабаны қас арруға лайық деп білген. Қасаба ұлттық киімді өте сәтті толықтырады.
Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешекті жас келіншектерден бастап егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген. Жас келіншектерге арнап кимешекті үлбіріген ақ жібектен жасаған. Ақ кимешек киелі көрінеді.

a b c

Сурет 5. Бас киім құрылымының аппроксимациясы: а)овал тәрізді, b) тік төрт бұрышты, с) трапеция тәрізді.

a b c

Сурет 6. Бас киімнің геометриялық құрылымының түрлері: а)овал тәрізді, b) тік төрт бұрышты, с) трапеция тәрізді.

Берілген зерттеуде ұлттық бас киімдер түрлері салыстырылып, негізгі пішін мінездемесіне лайықтатылып құрылысы мен конфигурациясы анықталынды. Құрылымдық талдау әдісі мен пішіндердің графикалық салыстыру әдістері қолдана отырып, анықталған үлгілердің құрылымдары бір масштабқа келтірілді.


Талдау нәтижелері көрсеткендей, бас киім киіммен тығыз байланыста және костюмнің бір элементі болып саналады. Ол бейнелік және композицияның эстетикалық айқындығының мазмұнын көрсетіп, сонымен қатар, оның геометриялық пішін түрі мен элеменеттер қарым-қатынастарымен костюмнің функционалдық талаптарымен ұқсас болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет