Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау



бет2/3
Дата29.02.2016
өлшемі291 Kb.
#31831
түріДиссертация
1   2   3

















Сурет 1 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың моделі

Бұл компонент осы модельде қарастырылған төрт міндеттен шығып отыр, жоғары оқу орындарының стандартын талдай отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау мазмұны анықталды. Мазмұнды жүзеге асыру үшін кешенді түрде құралдар, әдістер мен формаларды таңдап алу қажет.

Егер қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін осы модельде көрсетілген принциптерді, мазмұнын, құралдары мен формаларды дұрыс ұйымдастырып пайдалансақ, онда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлық нәтижесіне қол жеткізуге болады. Бұл процестің нәтижесі алда қойған әрбір міндетіне сәйкес, мотивациялық, мазмұндық, процессуалды, бағалаушылық компонеттердің нәтижесін береді.

Зерттеліп отырған даярлықтың бастапқы жағдайын анықтау үшін өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер жүйесін негізге ала отырып болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлығын анықтайтын диагностикалық бағдарлама жасалды. Бұл диагностикалық бағдарламаның мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлық деңгейін анықтау.

Диагностикалық бағдарлама арқылы тексерілген даярлықтың бастапқы жағдайының нәтижесі бізді қанағаттандырмады. Өйткені өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер жүйесі негізінде берілген нәтиже төмен болды.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану даярлығының бастапқы жағдайының нәтижесі бойынша, орын алған олқылықтардың себебін анықтауды жөн көрдік. Осы мақсатта ЖОО-да оқылатын пәндерге арналған типтік бағдарламалардың және бастауыш сынып оқытудың жалпы білім бағдарламасының мазмұны мен құрылымына, сапалық деңгейіне сараптама жүргіздік. Нәтижесінде оларда педагогикалық инновацияларды пайдалануға болашақ мамандарды даярлау материалдары жеткіліксіз екендігіне көз жеткіздік. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың әдістемесін жасау қажеттігі туындады.

Жасалған даярлау моделіне, болашақ маманның ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың бастапқы жағдайына және ЖОО мүмкіндіктеріне сәйкес, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың әдістемесі» жасалды (сурет 2).

Жасалған әдістеменің құрамдас бөліктерін қарастыратын болсақ, оның ішінде мақсат ең негізгі басымдылыққа ие болады. Қойылған мақсатқа жету үшін төрт кезең арқылы жүргізілетін нәтижеге жету жолдары қарастырылды. Төрт кезеңге бөлген себебіміз – өйткені зерттеу жұмысы төрт курсты қамтыды, әрбір кезең курстың әрбіреуінде қарастырылды.

Демек, қалыптастырушы эксперимент төрт кезеңді қамтыды, яғни әдістемемізде осы төрт кезең бойынша жасалды. Бірінші кезең бірінші курс




Сурет 2 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың әдістемесі

студенттерімен жүргізілді, онда зерттеліп отырған мәселе туралы білім бермес бұрын, ЖОО оқытушыларына арналған «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктері» атты семинар ұйымдастырылып өткізілді. Оның көлемі 12 сағатқа жоспарланды (кесте 3).


Кесте 3 – «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктері» атты оқытушыларға арналған арнайы семинардың тақырыптық жоспары


Тақырып атауы

Сағат саны

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану педагогикалық проблема ретінде

2

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдаланудың мақсат міндеттері мен мазмұны

2

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктері

2

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың әдістемесі

2

Оқу бағдарламаларына енгізілген қосымшалардың мазмұны және оны ұйымдастыру формалары

2

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану нәтижелерінің мониторингісі

2

Барлығы

12

Ұсынылып отырған арнайы семинардың мақсаты – оқытушыларды болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктерінің мазмұнымен және оны пайдаланудың әдістемесімен таныстыру.

Оқытушылардың педагогикалық инновацияны ауыл мектептерінде пайдаланудың мазмұны туралы теориялық білімдерін жетілдіру үшін «Мұғалімдерді ауыл мектебінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау» атты электронды оқу құралы енгізілді.

Даярлау әдістемесінің тиімді пайдаланылуының тағы бір жолы – оның мазмұнын жетілдіру, яғни толықтырулар енгізу. Бұл кезеңде «Педагогика», «Дидактика», «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәндерінің оқу бағдарламаларына қосымшалар жасалды және «Педагогикалық іс-әрекет негіздері» атты элективті курс енгізілді.

Даярлау әдістемесінің екінші кезеңі бойынша аудиториядан тыс жұмыстар, «Математик» үйірме жұмысы, «Ізденімпаздар» клубы ұйымдастырылып өткізілді. Және бұл кезеңде ақпараттық әдістемелік кешен қолданылды. Ақпараттық әдістемелік кешенге «Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» атты оқу-әдістемелік құралын, «Қызықты математика» атты автоматты оқу бағдарламасын, «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы» атты электронды оқу құралын жатқыздық. Бұл ақпараттық әдістемелік кешеннің мақсаты – студенттердің педагогикалық инновацияны пайдалану бойынша көзқарастарын кеңейту және білімдерін жоғарлату.

Қарастырылып отырған даярлау әдістемесінің үшінші кезеңі үшінші курс студенттерімен жүргізілді. Оқу процесіне «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курс енгізілді (кесте 4).


Кесте 4 – «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курстың жоспары


Тақырыптары

Сағаттар саны

Д

С

СӨЖ

Арнайы курсты оқытудың пәні, міндеттері және мазмұны

2







Педагогикалық инновация мәні, түрлері

2

2

2

Инновациялық педагогикалық технологиялар жіктемесі және олардың мазмұндық сипаттамасы

2

2

2

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны таңдап алу шарттары

4

2

2

Ауыл мектептерінде оқу-тәрбие процесінде педагогикалық инновацияны пайдалану ерекшеліктері

2

2

2

Ауыл мектептерінде бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің мазмұны

2

2

2

Ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін іске асыру технологиясы

2

2

2

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану нәтижелерінің мониторингі




2

2

Барлығы

16

14

14

Арнайы курстың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде теориялық біліммен қаруландыру және сол алған білімдерін мектептердегі оқыту процесінде нәтижелі пайдалана білу біліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Төртінші кезеңде педагогикалық практика бағдарламасына қосымшалар жасалып, арнайы тапсырмалар жүйесі енгізілді. Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары, әдістері, формалары қарастырылды.

Әдістеменің тиімділігі жасалған диагностикалық бағдарлама арқылы тексерілді. Даярлау әдістемесінде көрсетілген төрт кезеңнің әрқайсысында аралық кескін жүргізілді, яғни өлшемдер мен көрсеткіштер жүйесінде берілген әр өлшем бойынша нәтижесі шығарылды.



Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану даярлығының бастапқы және соңғы нәтижесі қорытынды кескін арқылы тексерілді. Даярлау әдістемесінің барлық төрт кезеңі бойынша қарастырылған жұмыстар ұйымдастырылып өткізілгеннен кейін, қорытынды кескін алынды. Қорытынды кескін нәтижесі де жасалған диагностикалық бағдарламадағы әдістемелік кешен арқылы шығарылды (кесте 5, сурет 3).
Кесте 5 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану даярлығының жағдайы


Компоненттер

Жоғары

Орташа

Төмен

БЖ

4- кез

БЖ

4- кез

БЖ

4- кез

Эт

Бт

Эт

Бт

Эт

Бт

Мотивациялық

7,80

23,90

8,70

33,10

49,70

34,80

59,10

26,40

56,50

Мазмұндық

11,80

39,70

12,90

37,10

51,10

30,20

51,10

9,20

56,90

Процессуалдық

6,70

28,40

6,80

32,40

61,30

36,70

60,90

10,30

56,50

Бағалаушылық

5,10

26,30

5,70

19,70

47,60

22,70

75,20

26,10

71,60

Орташа көрсеткіш

7,85

29,58

8,53

30,58

52,43

31,10

61,58

18,00

60,38



Сурет 3 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану даярлығының қорытынды нәтижелерінің динамикасы (% есебімен)

Жасалған қорытынды кескіннің нәтижесін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау әдістемесі тиімділігінің дәлелі деуге болады.

Ұсынылған даярлау әдістемесін эксперименттен өткізу барысында төмендегідей нәтижелер алынды: педагогикалық инновацияны пайдалану туралы білім деңгейі жоғарылады; кәсіби іс-әрекетке ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану бойынша саналы түрде қажетті білім және білік қажеттілігі туындады.



Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау әдістемесі студенттердің оқу-практикалық іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді; болашақ маманның кәсіби оқытуын жетілдіруге ынтасын тудырды; ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдаланудың қажеттілігіне сенімін, кәсіби білімін жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтарын арттырды; өзінің педагогикалық инновацияны пайдалану даярлық деңгейлерін бағалай білуі жоғарылады; ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдаланудың бүгінгі күнгі маңыздылығын дәлелдеді.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты осы заманғы білім мен педагогикалық инновацияға негізделген сапалы кәсіби білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті маман даярлау болып отырған жағдайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау мәселесінің көкейкестілігі артып отыр.

  2. Арнайы психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеу еңбектеріне жасалған талдау «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлығы» ұғымына студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, педагогикалық инновацияны пайдалану туралы теориялық білім беруге және оларды жүзеге асыру білігі мен дағдыларын икемдеуге бағытталған процесс деп сипаттама беруге мүмкіндік туғызды.

  3. Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану жағдайын талдау болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау мазмұны мен олардың қазіргі жағдайын бүгінгі күндегі қоғамдық сұраныстың өсуіне сәйкес айқындауға негіз болды.

  4. Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктерінің анықталуы аталмыш мәселенің моделін құрастыруға мүмкіндік туғызды. Бұл модель зерттеліп отырған даярлықтың мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық, бағалау компоненттерін қалыптастыруды көздеді.

  5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау моделі негізінде зерттеліп отырған даярлау әдістемесін жасауға арқау болды. Оның негізін оқу, оқу-әдістемелік және инновациялық-ақпаратты кешен құрайды: «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктері» атты оқытушыларға арналған арнайы семинар; «Педагогика», «Дидактика», «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәндерінің оқу жұмыстық бағдарламаларына қосымшалар; «Педагогикалық іс-әрекет негіздері» атты элективті курс; «Бастауыш мектепте қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар» атты оқу-әдістемелік құрал; «Ауыл мектептерінің бастауыш сыныптарында педагогикалық инновацияны пайдалану» атты арнайы курс бағдарламасы; «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы» (зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 352, 02 қазан 2006 ж.) және «Мұғалімдерді ауыл мектебінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау» (зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 578, 22 желтоқсан 2008 ж.) атты электрондық оқу құралдары; «Қызықты математика» атты автоматты оқу бағдарламасы (зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 229, 02 маусым 2008 ж).

  6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау моделін іске асыру болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бұл тұжырым эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің даярлық деңгейлерін салыстыру нәтижесінде жүргізілген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелденді.

Зерттеу жұмыстың қорытындылары негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

    • болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау моделі бастауыш білім берудің сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді;

    • ұсынылып отырған инновациялық ақпараттық-әдістемелік кешенді жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде пайдаланған тиімді;

    • жоғары оқу орындарында, педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие процесінде, ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға бағытталған арнайы курстардың қажеттілігін айқындайды;

    • зерттеуден алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісінде қолдануға болады.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға кәсіби даярлығын жетілдірудің инновациялық әдістері мен формаларын қарастыру және т.б. мәселелерді зерттеуде жалғасын табады.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:


  1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық іс-әрекетке даярлау мәселелері // XXI ғасырдағы жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелері: Қарағандының мемлекеттік Е.А.Бөкетов ат. университетінің 30 жылдығына арналған халық. ғылыми-практ. конф. материалдары: 2 бөлім.1-бөлім.  Қарағанды, 2002.- Б. 402. (Қ.А.Сарбасовамен бірлестікте).

  2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеті мәселелері хақында // Среднее образование в XXI веке:состояния и перспективы развития: материалы межд. научно-практ. конф. – Астана: Казахская академия образования им. И.Алтынсарина – международный общественный фонд КАТЕV. 2002. – Б.600. (Қ.А.Сарбасовамен бірлестікте).

  3. Инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру. // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: Аймақ. ғылыми-практ. конф. материалдары.  Карағанды, 2003.– Б.201-204. (Қ.А.Сарбасовамен бірлестікте).

  4. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар.  Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 76 б. (С.К.Абильдинамен бірлестікте).

  5. Инновациялық тәсілмен оқыту // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: Аймақ. ғылыми-практ. конф. материалдары.  Қарағанды, 2004. – Б.231-235. (А.Валиевамен бірлестікте).

  6. Инновациялық педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде // Білім сапасы: проблемалар, ізденістер және келешегі: IV-Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. 3 кітап. Бірінші кітап. –ЖезУ, 2004. – Б.273-277.

  7. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа технологиялармен жұмыс істеуге баулудың кейбір мәселелері //Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл: Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. матер. –Т.1. – Қарағанды, 2005. - Б.412-414. (С.К.Абильдина, А.И. Омарбековамен бірлестікте).

  8. Оқу үрдісіндегі инновация мәселелері // Гуманитарное образование в условиях модернизации кахахстанского общества: опыт и перспективы. Республ. ғылыми-практик. конф. матер. – Астана: ЕАГИ, 2005.- Б.85-88.

  9. Қазіргі кездегі мүғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы // Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: Академик Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. -2-б. – Қарағанды, 2005. – Б.67-70.

  10. Инновациялық мектеп жағдайында мұғалімдердің іс-әрекетін басқарудың теорялық негізі // Бастауыш мектеп.  2006. – №2. – Б.9-12.

  11. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 352. 02.10.2006 ж. (С.К.Абильдинамен бірлестікте).

  12. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері // Қазақстан мектебі.  2006. – № 4.– Б.14-16.

  13. Бастауыш сынып мұғалімін инновациялық іс-әрекетке даярлаудың теориялық моделі // Ұлт тағылымы.  2006. – №4. – Б.42-46.

  14. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті // Бастауыш мектеп.  2006. – №.7. – Б.25-27.

  15. Болашақ мұғалімдерді ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау мәселесі // «Жоғары мектеп мәселесі – жаңа ой елегі арқылы» атты халық. симпозиумының матер. – Көкшетау, 2006. - Б.135-138.

  16. Болашақ мұғалімдерді ауыл мектептерінде жұмыс істеуге даярлау // Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы үздіксіз білім беру модернизациясы. Халықаралық ғылыми-практик. конф. материалдары. – т.II. – Алматы, 2007.- Б.82-91. (М.Н.Сарыбековпен бірлестікте).

  17. Ауыл мектебінде педагогикалық инновацияны пайдаланудағы даярлау мәселесі // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатологияның өзекті мәселелері. Халық. ғылыми-қолданбалық конф. матер. –Қарағанды, 2007.- Б.534-539.

  18. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеті // Еуразиялық гуманитарлық институтының хабаршысы.  2006. – №4. – 2007.–№3. – Б.179-184.

  19. Болашақ мұғалімдерді ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлығын жетілдіру // Оралдың ғылым жаршысы Ғылыми-теориялық және практикалық журнал. 2007. – №3(4).- Б.48-52.

  20. Қызықты математика. Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 229. 02.06.2008ж.

  21. Мұғалімді даярлаудағы педагогикалық инновациялар // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: Халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары.– Қарағанды, 2008. - Б.76-78.

  22. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың проблемалар және болашағы: Аймақ. ғыл-практ. конф. материалдары. – Қарағанды, 2008. - Б.63-67. (К.Ә.Айдарбековамен бірлестікте).

  23. Жаһандану кезеңіндегі педагог даярлығы // Карағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы №4(52). – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. - Б.135-140. (М.Н.Сарыбековпен бірлестікте).

  24. Педагогикалық іс-әрекет негіздері. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 53 б.

  25. Мұғалімдерді ауыл мектебінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау. Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 578. 22.12.2008 ж.

  26. Подготовка будущего учителя к использованию мультимедиа технологии. Veda a technologie: krok do budoucnosti – 2009 – Dil 7 // Materialy V mezinarodni vedecko – praktika conference Pedagogika: – Praha. Publishing House. - Р.90-92.

  27. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процесс // Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы мен инновациялық жүйенің қалыптасу мәселелері: Халық. ғылыми-тәжірибелік конф. матер.: 2 бөлім. 2б. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009. - Б.440-442. (Б.О.Мухаметжанова, Б.У.Мукашевамен бірлестікте).

Резюме
Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна
Подготовка будущих учителей начальных классов к использованию педагогической ииновации в сельской школе
13.00.08 –Теория и методика профессионального образования


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет