Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§2.2 Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§2.2 Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері. 
Далалық Жайық өңірінің архитектура ескерткіштерін мақсатты түрде 
зерттеу жұмыстары 1980 жылы «Республика Мәдени министрлігі 
«Казпроектреставрация» институтының Орал архитектура экспедициясының 
(жетекшісі Т.Төреқұлов) күшімен жүргізілді.
1998 жылы Батыс Қазақстанды кең ауқымда этномәдени тұрғыдан зерттеу 
шеңберінде шыққан арнайы экспедиция (жетекшісі С.Әжіғали, архитектор – 
Ғ.Мұсабеков) дәстүрлі халықтық, бірінші кезекте, мемориалдық-рәсіми 
архитектураны қарастырады. Облыстағы Ақжайық, Казталовка, Бөкей Ордасы, 
Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы ескерткіштер назарға 
алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың оң жағалуы, Бөкей 
облысы жағдайында орналасқан ескерткіштер мұқият әрі тиянақты зерттелді, 
сондай-ақ Жайықтың сол жақ, «Бұхара бетіндегі» көне қорымдарға барлау 
жасалынып, есебі алынды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысындағы 
мемориалдық-рәсіми архитектура ғимараттарының Арал-Каспий аймағына 
таралған халықтық сәулеткерлік тас қашау өнері ескерткіштердің құрамдас 
бөлігі екендігі тұжырымдалды. Бұған қоса Далалық Жайық өңірінің 
ескерткіштерінде географиялық фактор мен өлкелік тарихи-әкімшілік 
ерекшеліктері айқын аңғарылады. Мәселен, Жайықтың батыс жағалауындағы 
құлыптастар арасында беті жазық, эпиграфиялық пішімдегілері, ал шығыс 
жағында көп бөлікті, ауқымды тасбелгілер жиі ұшырасады. Сондықтан олар екі 
жергілікті топқа: Бөкей Ордасы және Жайық өңірі ескерткіштеріне бөлінеді. 


38 
Атырау тобымен бірге бұл екеуі де Солтүстік Каспий кешендерінің тобына 
жатады. 
Әсіресе оң жағалауда «Бөкей бетінде» орналасқан ескерткіштердің өзіндік 
ерекшеліктері мол. Олар көбінесе Қараөзен мен Сарыөзен алабында ХІХ ғасыр 
мен ХХ ғасырдағы қорымдарда, Жалпақтал қорымындағы тастан қашалған 
Казталовка ауылдары маңындағы ескі зираттарда шоғырланған. Әсіресе 
Жалпақтал маңындағы қорымдағы тастан қашалған құлыптастар тарихи-
этнографиялық және археологиялық тұрғыдан көңіл аударарлық. Мұндағы көне 
белгілердің бәрі Бөкей Ордасындағы эпиграфиялық құлыптастардың әдісімен 
жасалған. Әдетте, жалпақ, кейде шаршы пішіндес қашалған, ұзын не орташа 
биіктіктегі құлыптастардың жазба бөлігі әр алуан кескінде бедерленген. 
Олардағы араб әрпімен айшықталған жазулар мен таңбаларға қарап, мұнда 
негізінен байбақты, тана, табын т.б. рулардың өкілдері жерленгенін байқауға 
болады. Осы қорымдағы кейінгі кезеңдерде салынған ағаш ескерткіштерінде де 
дәстүрлі сәулеттік кескін сақталған. Сонымен қатар, арнайы экспедицияға 
қатысқан зерттеуші ғалымдар Көктерек, Казталовка, Беспішен, Айдарлы, 
Жаңаөзен, Мәстексай, Есікқала ауылдарының маңындағы зираттардың, Бөкей 
Ордасындағы хан зиратының этнографиялық-тарихи, архитектуралық 
ерекшеліктеріне зейін аударды. Жәңгір хан, М.С.Бабажанов т.б. тарихи 
тұлғалардың кесене-бейіттерінің сақталу жайына көңіл бөлді. 
Облыстың шығыс жағында, сол жағалаудағы аудандарда орналасқан 
мемориалдық-рәсіми архитектура ескерткіштері әлі күнге шейін тиянақты 
зерттелмеген. Мұнда негізінен далалық Арал-Каспий аймағына таралған 
дәстүрлі нышан-ауқымды, көп бөлікті құлыптастар кездеседі. Солардың 
қатарында Әулие Қазырет қорымы мен Қондыкер бейітін атауға болады. 
Дәстүрлі соқпа тәсілімен құйылған молаларда осы өңірде ғана ұшырасады. 
Ақкөл ауылының оңтүстік-шығысында Қазының бейіті бар. Ал Қаратөбе 
ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жердегі қорымға С.Датұлының серігі, 
батыр әрі би Қаратау Өмірзақұлы жерленген. Шала зерттеу нәтижесінде Батыс 
Қазақстан облысындағы дәстүрлі мемориалдық архитектура ескерткіштеріне 
Еділ татарларының әсері байқалады. Ал сол жағалау тұрғындары үстірт 
ескерткіштерінің әдібімен көп бөлікті, тастан қашалған белгі орнатуға 
бейімделген. Сонымен қатар облыс аумағындағы қорымдарда өзге де 
ерекшеліктер – отарлау кезеңінің провинциялық архитектураның нышандары 
да із қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет