Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет13/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
 
 
 


42 
§3 Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі рөлі. 
§3.1 Этнология ғылымы және Этнологияның Қазақстанда дамуы. 
Этнология (грекше «etnos» – халық және «logos» – ғылым, ілім, сөз) – 
қоғамдық ғылымдардың халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі 
халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-
тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей 
ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті 
тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани 
мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді. Өткен өмір мағлұматтарын 
соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен 
мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен 
кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мысалы, халықтардың 
шығу тегін зерттеуде этнология үнемі археологиялық деректерге сүйенсе, 
археология өзінің зерттеу жұмыстарында археологиялық ескерткіштердің 
қандай этникалық топтарға жататындығын анықтау барысында әрдайым 
этнологиялық деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, 
халықтың көркемөнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі 
шаруашылығы мен кәсібін зерттеу этнологияны толықтыра түседі. 
Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен этнология 
мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану 
үлгілерін және этнологиялық картографияны зерттеу ісі этнологияны 
географиямен және дүниежүзі халықтарының санын есептеуге арналған 
демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ, халықтардың шығу тегін 
және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы 
этнологиямен ұштасып, этнологиялық антропология саласын қалыптастырды. 
Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса 
отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген 
сауалдарды шешеді. Мысалы, жеке елдер мен бүкіл дүниежүзі халықтарының 
этникалық құрамын және халықтың шығу тегі мен этнология тарихын, артта 
қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы 
қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына 
ғылыми талдау жасайды. «Этнология» термині шетелдік тарихнамада кеңінен 
қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, 
мұнда этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, 
бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. 
КСРО ыдырай бастаған кезде ғана «этнология» термині этнографияны 
ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. 
Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антикалық 
заманда эллиндіктер «этнос» терминін грек емес халықтарға қолданған 
болатын. Этнология термині ХІХ ғасырға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. 
Тек кей жағдайлардағы этнографиялық үрдістер мен құбылыстарды баяндау 
кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропология ғылымдардың жалпы 
классификациясын жасап, оның ішінде этнологияны бөліп, 1830 жылы алғаш 


43 
рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еуропа 
ғылымының жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология 
ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары 
қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық 
ғылымдардағы орны туралы қызу ғылыми-теориялық пікір-сайыстар туғызды. 
Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда 
этнологияның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған. 
Алғашқыда этнология дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған 
халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс ХХ ғасырдың бас кезіне дейін 
созылды. Кейіннен түрлі саяси және экономикалық мүдделерге сай ғылымның 
ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. 
Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан 
салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этнологиялық 
антропология, 
этнологиялық 
социология, 
этнологиялық 
психология, 
экономикалық 
этнология, 
этнодемография, 
этнологиялық 
география, 
этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. Қазақстанда этнологиялық 
ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен 
басталған мол этнологиялық жадығаттар ғасырлар бойы жинақтала берді. 
Қазақтар туралы нақтылы этнологиялық деректерді патшалық Ресей тұсында 
Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П.С. 
Паллас, И.Г. Георги, И.П. Фальк, И.Г. Андреев, А.И. Левшин сынды 
зерттеушілердің еңбектері зор. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қазақ 
этнологиясына елеулі үлес қосқандар Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин, 
М.Бабажанов болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 
этнологиясына Н.Гродеков, Н.Аристов, Ә.А. Диваев, Г.Н. Потанин, 
Ш.Құдайбердіұлы, І.Қостанаев, т.б. елеулі үлес қосты. ХХ ғасырдың 20-
жылдарының соңында С.И. Руденко бастаған ғылыми экспедиция құрылып
оның құрамында Ә.Х. Марғұлан жұмыс істеді. Бұл экспедиция «Қазақтар» 
деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. 1946 жылы Қазақстан Ғылым 
Академиясы құрамында Тарих және этнология институты ашылғаннан кейін ел 
арасынан дерек көздерін жинастыру, ғылыми талдау жүргізу жұмыстары жолға 
қойылды. Жинақталған мағлұматтар негізінде қазақ халқын этнологиялық 
тұрғыда зерттеу тарихы (Е.Масанов), ру-тайпалық құрамы (В.Востров, 
М.Мұқанов, Х.Арғынбаев), ұлттық киімдері (И.Захарова, Р.Ходжаева), басқа 
өңірлердегі қазақтардың тұрмысы (У.Шалекенов), неке және отбасы, ұлттық 
қолөнер (С.Қасиманов), ұлттық тағамдар, т.б. көптеген тақырыптар төңірегінде 
көлемді зерттеулер жүргізілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 
республикада этнологиялық ізденістер тарихи шындық тұрғысынан түзіле 
бастады. Республиканың түкпір-түкпірлерінде ғылыми ошақтар өркендеп, 
бірқатар зерттеушілер (Ә.Төлеубаев, С.Әжіғали, Ж.Артықбаев, Ш.Тоқтабаева, 
т.б.) этнологиялық мәселелерді жаңа қырынан қарастыруда. Ғалымдар 
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша да тың зерттеулер жүргізіп 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет