63
индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған
халықтарды Қазақстанға жер
аудару тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және
тыңайған жерлерді игеру, республиканың экономикалық дамуы туралы
құжаттар айрықша қызығушылық тудырады.
1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинақтауды бастады.
Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің
құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 72 жеке қор алынған, яғни 8 мың сақтау
бірлігі. Оның ішінде С.С. Жиенбаев, Ш.Ж.
Жәнібеков, М. Бейсебаев, М.Т.
Оспанов, Ә.Т. Әлімжанов, М.Қ. Қозыбаев, Г.К. Бельгер, С.Қ. Құбашев, А.П.
Рыбников, М.А. Жихарев, О. Батырбеков, З.С. Омарова, А.А. Алыбаев, М.И.
Есеналиев, М.М. Ахметова, А.А. Асқаров, З.Л. Федотова тағы да басқа көрнекті
мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар.
Ұлттық мұрағат қорының ақпаратты құнды құжаттармен толықтырылуына
ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көзі болып табылатын мекемелердің саны
1994 жылы 9 болса, 2013 жылы 36-ға дейін өсті, ал жеке текте қор құжаттары
110 қор жасаушыға толықты.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
жөнінде жан-жақты ақпаратты
қамтитын 185 мыңнан астам карточкасы бар каталог жүйесі зерттеушілердің
пайдалануына
ұсынылған.
Мұрағат
жұмысы
барысында
16
автоматтандырылған
есеп
және
ақпаратты-іздеу
деректер
базалары
құрастырылып енгізілді. «Мемлекеттік органның электрондық мұрағаты»
жүйесі және «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының
бірыңғай мемлекеттік жүйесі» енгізілді.
Мұрағат 2006 жылдан бастап толықтыру көздері – мекемелердің іс жүргізу
және мұрағат құзметтерінің басқару аппараты қызметкерлеріне арналған жеке
ақпараттық-әдістемелік бюллетеннің 16 санын басып шығарды. Мұрағаттың
жеке веб-сайты бар: (www.aprk.kz).
Мұрағаттың Астана қаласында өз филиалы бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Қазақстанның саяси
тарихы жөніндегі құжаттарының аса үлкен қоймасы ғана емес, сонымен қатар
мемлекеттік мұрағаттар
мен ғылыми мекемелер арасында, тарихи білім және
музейлер өткенді шолатын құжаттық ақпараттардың маңызды орталығы
ретінде елеулі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: