64
жылы одан Атырау мұрағаты өз алдына бөлініп шықты, оның қарауына 6.219
құжаты бар 104 қор берілді. Батыс Қазақстан облысының мұрағатында 95988
құжаты бар 567 қор қалды. 2002 жылдың мәліметі бойынша мұрағаттың 1800
қорында 600 мыңнан астам іс жинақталған. Ғылыми-анықтамалық жүйесі
тізбелерінен, арнайы шолулардан, каталогтардан, қорлардың қысқаша
анықтамаларынан тұрады. 2002 жылғы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан
облысының мұрағаты Жалпақтал ауданындағы, Сырым ауданындағы 2
филиалға және 11 аудандық мұрағатқа ғылыми-әдістемелік басшылық жасайды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты 1940 жылы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты
басқармасының мұрағат бөлімінің қарамағында құрылған.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1996 жылғы № 1-63р «Облыстық
атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру туралы» Өкімімен мұрағаттар
және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және
құжаттама басқармасы болып қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру
бойынша әрі қарайғы шаралар туралы» Жарлығымен Семей облысы жойылды.
Сөйтіп, облыс мұрағат мекемелерінің жүйесіне басқармадан, Семей қаласы
Жаңа тарих құжаттамасы орталығынан және аудандық мұрағаттардан өзге
облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның бес филиалы кірді: Аягөз, Жарма,
Зайсан, Зырян, Лениногор филиалдары.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатында Кеңес өкіметі
заманындағы Өскеменнің ревком уезі, атқарушы комитет, әскери шақырту
уездері,
уездер мекемесі, жоғары санатты бөлімдерін айқын аңғартатын
құжаттар сақталған.
Мұрағатта сонымен қатар Шығыс Қазақстан аймағында тау қазба
жұмыстары мен металлургия, машина құрастыру саласындағы өндірістің даму
тарихын баяндайтын, баға жетпес құнды құжаттар сақталатын арнайы қоры да
бар.
Облыстық
мұрағатта
«Алтайэнерго»,
Өскеменнің
ГЭС-і,
гидроэлектростанциясының құрылыс басқармасы, Ертісте «Ертісгэсқұрылыс»,
аудандық басқармаларының қорлары сақталуда.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан тарихын бейнелейтін «Шығыс Қазақстан
облысында тың және тыңайған жерлерді игеру», «Шығыс Қазақстандағы
партизан қозғалысы», «Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың даму
тарихы», «Коммунистік еңбек қозғалысы», «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан
соғысы 1941-1945 жылдарында», соғыс және еңбек ардагерлерін еске алу,
шетел мұрағаттарынан және ғылыми мекемелерден табылған аймақтың
тарихын
суреттейтін құжаттар жиынтығы, 70-тен аса жеке тұлғалар тегі қоры
сақталған.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатында 01.01.2010 жылы
небәрі 1434 қорда – 811533 дана сақталуда.
65
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты. 1926 жылы 1
қазанда Сырдария мұрағат бюросы құрылды. Бұл қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысының аумағы енген, 1924 жылы құрылған Сырдария губерниясы, оны
орталығы Шымкент қаласы.
Алғаш Оңтүстік мемлекеттік мұрағатында небәрі 4 сөре бөлініп, онда 1
меңгеруші мен 1 ғана мұрағатшы жұмыс істеді. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан
облысының мемлекеттік мұрағатының іргесі қаланды. Содан бері мұрағат
қызметі қалыптасу, өсу, даму кезеңдерін бастан кешірді. Мұрағат құрылған
сәтте 4 сөреге жиналған 13 қор, қазір 3850-дей қор, 1 миллион 500 мың іске
жетті. 1917 жылдан бастау алатын осы баға жетпес құнды құжаттар облыстың
әр кезеңіндегі тарихынан сыр шертеді. 1917 жылы уақытша өкіметінің орнауы,
әйгілі
қазан төңкерісі, Кеңестер Одағының дүниеге келуі, 1924-1925
жылдардағы Орта Азия мен Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік
межеленуі, артельдер мен серіктестіктердің ұйымдастырылуы, Одақтық
маңызы бар алып өнеркәсіп орындарының салынуы, Мырзашөлді игеру,
репрессия, Ұлы Отан соғысы, халық шаруашылығының қалпына келтіруі,
Бөген, Шардара су қоймаларының салынуы, тәуелсіздікке ие болу, саяси,
әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. құжаттар бар.
Облыс мұрағатшылары Қазақстан халқының
тарихи-мәдени мұрасының
ажырамас бөлігі болып табылатын мұрағат қорын жастарға кеңінен таныстыру,
оны ел мүддесіне ұтымды пайдалана білу бойынша да жоспарлы жұмыстарды
жүзеге асыруда. Мәселен, 2005 жылы облыстық мұрағатта 14 экскурсия
ұйымдастырылып, 10 мектепте дәрістер оқылды.
Қорлардың құрамын құнды құжаттармен толықтыра түсу бағытында
республикалық деңгейде тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді. Мәселен,
2004 жылдан бастап Қазақстан мен Өзбекстан республикалары арасындағы
өзара келісімге сәйкес «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде «Өзбек
дереккөздеріндегі Қазақстанның оңтүстік облыстарының тарихына» қатысты
Өзбекстан Орталық мемлекеттік және Ташкент облыстық мұрағаттарының
құжаттарына зерттеу жүргізіліп келеді. 2004-2006 жылдар аралығында
жоғарыда аталған мұрағаттарда Қазақстан тарихына қатысты 25 қор зерттеліп
қаралды. Өзбекстаннан әкелінген құжаттардың есебінен Оңтүстік Қазақстан
облысының мұрағат қоры қазақ тарихына қатысты өте құнды қорлармен толыға
түсті. Қазақстан үшін де, Қазақстанның тарихы үшін де аса маңызды да қажетті
мұндай игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты – ғылыми-
құжаттық мекеме. 1923 жылы қазан айында ұйымдастырылған. 1928 жылдан
Петропавл округі архиві, 1932-1936 жылдар аралығы Қарағанды облысы архиві,
1939 жылдың шілде айынан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағаты деп аталады. Құрамында 3 бөлімшесі, аудитория мұрағаттары бар.
Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағаты Солтүстік Қазақстан облысының
мұрағат және құжаттамалар басқармасына қарайды. Губерниялық, уездік
трибуналар мен азық-түлік комитеттерінің қорларында олардың қызметіне
байланысты мәліметтер кездеседі. Атап айтқанда, Колчак әскеріне қарсы күрес,
66
кеңес үкіметінің орнауы, халық шаруашылығын қалпына келтіру, орталық
аймақтарда азық-түлікпен қамтамасыз ету, т.б. деректер шоғырланған. Ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру, алғашқы коммуналарды ұйымдастыру, көшпелі
халықты
отырықшыландыру, тап күресіне байланысты деректер жинақталған.
Жер шараларына байланысты мекемелердің қорларында жеке шаруаларды
ұжымдастыру, қоныс аударушыларды орналастыру, мал шаруашылығының
дамуы, егіс көлемінің артуы, отырықшылық өмірге көшкен қазақтардың
тұрмыс жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын қайта құру саласындағы
МТС-тердің рөлін көрсететін құжаттар сақталған. Халық шаруа кеңестері мен
жекелеген өнеркәсіп орындарының қолдарында зауыт, фабрикаларды мемлекет
қарамағына алу барысы,
халық шаруашылығын қайта құру, еңбек өнімділігін
арттыру,
өндірістің
тиімділігін
көтеру
туралы
құжаттар
кешені
топтастырылған. Халық ағарту, денсаулық сақтау, мәдени ағарту қорларында
тұрғындарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, қызыл отау, еңбек
мектептерінің ашылуы, сауатсыздықты жою жолындағы күрес, халыққа
дәрігерлік көмек көрсету, т.б. мәліметтер шоғырланған. Екінші дүниежүзілік
соғыс кезіндегі майдандағы және тылдағы
еңбектері туралы құжаттар
Петропавл қалалық атқару комитетінің, радио комитетінің, ауыл шаруашылық
мекемелерінің қорларында топтастырылған. Бұл мұрағатта магниттік таспалар
мен бейне құжатқа түсірілген деректер молынан кездеседі. Мұрағатта ғылыми
анықтама бөлімі жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: