Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет49/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
ТАРАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР: 
Тапсырма №1 
Тақырып: Анкета, сұхбат жоспарларын құру. 
Тапсырманың мақсаты: Студенттерді, оқушыларды анкетілеу, сұхбат 
алу әдістеріне үйрету. 
Тапсырманың мазмұны: Өлкеге қатысты тарихи бір оқиғаға немесе 
мәдени бір құбылысқа арнап анкета сұрақтарын құрастыру, сұхбат жоспарын 
жасақтау. 
Әдістемелік нұсқау: 
1. Анкета түрлерін анықтау және белгілі бір тарихи немесе мәдени 
құбылысты зерттеуге қолайлы анкетілеу әдісін таңдау және студенттерді, 
жоғары сынып оқушыларын анкетілеу, қорытынды жасау; 


111 
2. Алдын-ала таңдалған мәселе бойынша кемдеген де 50 сұрақтан тұратын 
сауалнама құрастыру және мәселенің зерттелу қорытындысына алдын-ала 
болжам (гипотеза) жасау; 
3. Құрастырылған сауалнама бойынша тарих бөлімінің студенттерінен
жоғары сынып оқушыларынан сұхбат алу; 
4 Сұхбат қорытындысын сараптау, болжамның дәлдігін анықтау. 
 
Тапсырма №2 
Тапсырманың мақсаты: Студенттердің, оқушылардың Батыс Қазақстан 
облысы топонимдерінің қалыптасу негіздері, олардың тарихи оқиғаны 
зерттеуде рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Тапсырманың мазмұны: Әр студент, оқушы өзі туып-өскен елді-
мекенінің атауының шығу тарихы жөнінде мәлімет жинақтауы керек. 
Әдістемелік нұсқау: Елді-мекен атауының шығу тарихын ауызша 
баяндау. 
Тапсырма №3 
Тапсырманың мақсаты: Студенттерге, оқушыларға тарихи оқиғаның 
картасұлбасын жасату арқылы тарихи оқиғаны жинақтап, жүйелеп меңгерудің 
оңтайлы жолдарын үйрету. 
Тапсырманың мазмұны: Тарихи оқиғаның картасұлбасын жасау. 
Әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тарихи оқиғаның картасұлбасын 
(картасхема) жасау. 
Картасұлбалар оқытылатын оқиғалар мен құбылыстардың ішкі 
байланыстарын ашуға көмектеседі. Ол әлдебір оқиға немесе құбылыстың 
оңайлатылған, жинақталған түрде физикалық-кескіндемелік негізде сұлбамен 
берілген картасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет