140
Комиссияның басшылығына Қазақстанды
зерттеу қоғамының Орал
бөлімшесінің төрағасы П.В. Калачев тағайындалды. Комиссия өзінің
қорытындысына «Біз К.В. Данилевский мен Е.В. Рудницкийдің еңбегін
өлкетану мәселесін жүйелі түрде қарастырған қомақты жұмыс ретінде
құптаймыз және оны тез арада баспадан шығаруды ұсынамыз. Бұл өлкені
зерттеушілер үшін таптырмайтын құнды жинақтық материал болып табылады.
Анықтама
оқу залдарында, клубтарда, кітапханаларда, политпросвет
жанындағы кәсіподақтардың мәдени-ағарту ұйымдарында сонымен қатар,
жергілікті өлкені кеңірек тану үшін пайдалынылады», деп жазды.
Орал бөлімшесінің атқарған жұмысы тікелей сол кездегі саяси ахуалға да
байланысты болды. Әсіресе, сауатсыздықпен күрес,
социалистік мәдениетті
насихаттау, ғылыми кадрлар дайындау және т.б. міндеттерді атқарды.
Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлімшелері Оралдан басқа Семей, Алматы,
Ақмола, Қостанай, Шымкент, Өскемен және басқа да қалаларда табысты
жұмыс істеді.
Қазақстанды зерттеу қоғамының екінші (Қызылордалық) кезеңі Кеңес
үкіметінің
социализмнің
экономикалық
тұғырын
нығайтуға,
елді
индустриялизациялауға бағытталған шаралары
мен халық шаруашылығын
дамытудың бірінші бес жылдық жоспарының қабылдануына тұспа-тұс келді.
Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының 1924 жылға дейінгі қызметі Орынбор,
Орал, Торғай аймақтарынан тысқары жерлерге шығып кеткен еді. ҚазАКСР-нің
негізгі аумақтарына 1925 жылы оңтүстік аудандарын қосылуынан кейін
республика атына сәйкес қоғам «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп атала
бастады. Осының өзі оның ықпалының бүкіл республикаға таралғандығын паш
етті.
Достарыңызбен бөлісу: