Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§3,5 Мектептегі этнографиялық зерттеулер және бұл мағлұматтардың



Pdf көрінісі
бет17/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§3,5 Мектептегі этнографиялық зерттеулер және бұл мағлұматтардың 
өлкетануда пайдаланылуы. 
Экспедцияға немесе экскурсияға дайындық кезінде ең алдымен, оқушылар 
не істеуі керек, қандай фактілік жадығат жинауы тиіс екенін нақты анықтап 
алған дұрыс. Тапсырмаларды бөлу кезінде оқушылардың қызығушылығы мен 
бейімділігін ескерген жөн. Мәселен, қыз балалар мынадай тақырыптарды 
қуана-қуана зерттейді: «Азық-түлік пен ұлттық тағамдар», «Қазіргі таңдағы 
білім саласының даму жай-күйі», «Отбасылық әдеп» және т.б. 
Халықтан сауал алуды ретсіз жүргізуге болмайды. Ең алдымен, жергілікті 
тұрғындардан ақпарат берушіні анықтап алу қажет. Ол үшін жергілікті 
қоғамдық ұйымдардан, мектеп қызметкерлерінен және өзге де ұйымдардан 
көмек сұраған дұрыс. Әңгіме еркін сипатта болғаны жөн және тергеуге 
айналмауы керек. Әңгіме барысында сауалнаманы қолданған тиімді. Бұл 
маңызды мәселені назардан тыс қалдырмауға көмектеседі. Алайда сұрақты 
құрылған ретімен қою шарт емес. Бір сұрақты да жауапсыз қалдырмаған 
маңызды. 
Өлкетанулық зерттеу жүргізіп отырған оқушы бір ақпарат берушінің 
мәліметін әрқашан өзгелердің мәліметтерімен салыстыру қажет екенін есте 
сақтаған жөн. Бұл кездейсоқ қорытынды жасаудың алдын алады. Сондай-ақ, 
өлкетанулық далалық жұмыстарда заттай жадығаттарды тіркеп алу маңызды: а) 
заттарды сипаттау; ә) бұлардың графикалық суретін салу. 
Жиналып жатқан жадығаттар далалық дәптерлерде, экспедициялық 
күнделіктерде, графикалық жадығаттарда, фотосуреттерде, үнтаспаларда 
тіркеледі, жазылады.
Далалық дәптердің бірінші бетінде: зерттеу тақырыбы, оқушының аты-
жөні, тегі, сондай-ақ бітірген сыныбы, мектеп атауы мен нөмірі, экспедция 
немесе экскурсия уақыты жазылады. Жазбалар беттің бір жақ бетінде 


48 
жүргізіледі, әр ақпарат берушімен әңгіме жаңа беттен басталады. Жазба 
түсінікті жазумен жазылуы тиіс. Егер бұны жүзеге асыру әңгіме барысында 
мүмкін болмаса, онда әңгімеден соң бірден жазбалар қайта басылуы керек, ал 
түзетілуі, барлық қосымшалар және анықтаулар далалық дәптерде тек далалық 
жұмыс барысы кезінде оның иесінің қолымен жасалады. Дәптердің әр беті 
нөмірленеді, соңында бұлардың саны көрсетіледі. Беттерін жұлуға болмайды. 
Әңгіме барысында міндетті түрде келесі мәліметтер жазылады: 1) жазба 
өткізілген жер (облыс, аудан, ауыл, қала, мекеме аты); 2) кімнен мәліметтер 
алынғандығы (ақпарат берушінің аты-жөні, тегі, ұлты, жасы, мамандығы). 
Затты сипаттау кезінде оның иесі жөнінде мәліметтер беріледі, дәстүрді 
сипаттау кезінде оны пайдалану жөнінде мәліметтер жазылады. 3) Кім жазба 
жүргізгендігі туралы мәлімет беріледі. Жазба күні түсіріледі. 
Жазба жадығаттары экспедиция немесе экскурсиядан соң мектеп музейіне 
сақтауға беріледі. Бұнда бұлар өңделеді және оқу-тәрбие жұмыстарында 
пайдаланылады. Далалық жұмыстардың нәтижелерін өлкелік зерттеулер 
мақсатында оқушыларға шығарма, реферат, ғылыми жұмыстар жаздыртуға, 
есеп кешенін жасатуға, конференция ұйымдастыруға пайдалануға ұсынуға 
болады. Сонымен қатар, бейнефильм, фотоальбом жасауға, көрме 
ұйымдастыруға болады. Экспедиция барысында ерекше көзге түскендер 
марапатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет