Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет54/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
multi-293 x970856161

Жұмыс орнынан тыс оқыту. Бұл оқыту әдісі негізінде сабақтар сыныптық бөлмелерде, жексенбілік мектептерді немесе басқа мекемелерде өткізіледі. Оқыту бағдарламаларын жиі өткізетін өндірісте бұл әдісті жақсы пайдаланады. АҚШ-та кәсіби нұсқаушылардың 50 мыңы мен тренингтерге жұмсалған қаржының басым бөлігі жұмыстан тыс оқытуға бағытталады.

Әдебиеттер:


1. Рахметов Б. А. Персоналды басқару, теория, тестілер, тәжірібе сабақтары: оқу құралы / Б. А. Рахметов. – Алматы: Экономика, 2006.
2. Управление персоналом организации: учеб./ Под ред. А. Я. Кибанова; ГУУ – 4-е изд., доп. и перераб. – М.: НИЦ ИНФРА-М, 2014.-695 с.
11 тақырып Еңбек нәтижелілігін бағалау
1. Персоналды бағалау
2. Жұмыскерлердің қызметін бағалаудың мақсаттары
3. Бағалау рәсімдерін орындаудың әдістері
4. Аттестация
5. Жұмыскердің іскерлік қабілеттерін бағалау


1. Персоналды бағалау — ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анықтайтын үдеріс.
Ұйымда персоналды дер уақытында бағалап отырса, онда әрбір жұмыскер комиссияның әділ бағасымен анықталған өзінің жұмыс нәтижесін біліп отырған болар еді, ал жетекшілер болса бағалаудың нәтижесіне сүйене отырып, оларды тиімді пайдаланып, алдағы уақытта оданда жақсырақ басқаруға мүмкіншілік алар еді.
Персоналды басқару үшін ең алдымен оның мәселелерін, мақсатын, әдістерін, критерийлерін және т.б. білу қажет.
Әр персоналды жеке бағалаудың мәселесі төмендегі қызметтерді дұрыс шешу:

  • марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау, себебі, әділ бағалау барысында ғана жұмыскердің жетістіктеріне сай еңбекақы төленіледі;

  • басқару, себебі соның көмегімен және әңгімелесудің нәтижесінен кейін қызметкерге жетістіктеріне сәйкес жұмыс орнын ұсынуға болады;

  • персоналды дамыту, себебі ол марапаттаудың лайықты түрін жэне жұмыскерге көмектесудің жолын табуға, сонымен қатар әрі қарай білім алу мақсаттарын анықтауды қамтамасыз етеді;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет