Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Кең ойлы білікті жұмысшыны даярлау



бет53/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
multi-293 x970856161

Кең ойлы білікті жұмысшыны даярлау. Оқыту барысында проблемаларды қою және шеше білуді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Осыған байланысты сапаны катаң бақылайтын үйірмелер мен озат жұмысшылардың оңтайландырушылық ұсыныстарын шешу мәселелеріне үлкен кѳңіл бөлінеді, сонымен қатар жұмысшыларға белгіленген әдістерден бас тартып, өз қалауынша әрекет етуіне мүмкіндік беріледі.

3. Персоналға икемді, тартымды және кѳп функциялы жұмысты ұсыну. Европа мен АҚШ-та жеке жұмыскерлер арасында міндеттемелерді бѳлу кәсіпорында орындалатын жұ-мыстарды талдау негізінде анықталады. Жапонияда ең бірінші жауапкершілік бөлімдер мен секторларға жүктеледі де, сонан кейін әркімнің қабілеттілігіне сәйкес қызметкерлерге жүктелетін кешенді әдіс тұрақты пайдаланады. Жапонияда жұмысшыларды үш санатқа - жоғары білікті, жартылай білікті және біліктілігі жоқтар деп бөлу дәстүрі жоқ (Сонымен қатар, инженер-техникалык, персонал мен жұмысшы арасында да нақты айырмашылық жоқ.

  1. Еңбектің уәждемесін ынталандыру шаралары. Жоғарғы орын босағанда, әдетте, келесі төменгі сатыдағы жұмыскер орналасады. Бұл сияқты жұмыс бабында жоғарылау дәстүрі әрбір қьізметкерлерді жоғары жұмысқа және өздігінше білім алуға ынталандыру болып табылады.

  2. Ѳзіндік білім алуды марапаттау. Кадрлар баскару жүйесі қойылған мәселелерге байланысты баскару ретінде, кәсіби қабілеттілігін жоғарылату жүйесі және өздігінше баяндама жасау жүйесі ретінде жұмыскерлердің ѳзіндік білім алуын ұйғарады. Бұл жүйелерде міндетті түрде мемлекеттік белгідегі кәсіби білікті растайтын диплом алу үшін немесе жеке кәсіби ұйымдармен ұйымдастырған сырттай оқу курстарды бітіруге міндетті.

  3. Жұмыс уақытында оқыту үшін нұсқаушылар дайындау. Енді ғана мектепті бітіргендерді фирма ішінде оқыту бе-кітілген мемлекеттік стандарттар негізінде парасатты көп ѳнерлі жұмысшыларды дайындауды кѳздейді. Осы жүйенің негізінде білім алған басқарушылары мен білікті жұмысшылар жұмыс уакытында окыту мен ішкі жумысшы уйірмелерінщ жетекшілері ретінде пайдаланылады және инженер-техникалық персонал мен жұмысшының арасында байланыстырушы буынның рөлін атқарады.

Жұмыс орнында үйрету. Бұл ең кең таралған әдіс: жұмыскер нақты жұмыс жағдайына түседі, жұмыс пен іскерлік әдістерді оған тәжірибелі жұмыскерлер үйретеді. Бұл бағдарлама қарапайым және қаржылық шығынды қажет етпейтіндей көрінеді, бірақ дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда ұйым көп шығындалуы мүмкін. Мысалы, бүлінген құралдардың шығыны. Сондықтан нұсқаушыларды аса мұқият таңдау керек. Үйренушіге жұмысты қызықтырып істету керек, сапалы орындалған жұмыс үшін марапаттауды ойластыру керек.
Осыған қатысты тәсілдердің бірі - "нұсқаулық тренинг" (НТ). Бұл жүйе бойынша нұсқаушылар алдымен мастерлерді, ал одан кейін жұмыскердерді оқыту керек.
НТ-тің негізгі кезеңдерін қарастырайық.
Бірінші бөлім: жұмысқа дайындықты жүргізу үшін нені білу керек:
1. үйренуші жұмысты тиімді, пайдалы, қауіпсіз, үнемді және сапалы орындай білуі үшін оған нені үйрету керектігін анықтау керек;

  1. қажетті саймандарды, құрал-жабдықтар мен материалды дайындау;

  2. жұмыс орнын толықтай дайындау.

Екінші бөлім. Оқыту төмендегі төрт саты бойынша жүргізіледі:
1- саты. Үйренушіні дайындау:

  1. үйренушіні сабырға шақыру;

  2. жұмыс жайында не білетіндігін сұраңыз;

  3. оны қызықтырыңыз.

2- саты. Оқыту (жаң білім беру мен әдістерді үйрету):

  1. әңгімелеңіз, көрсетіңіз, бейнелеңіз, сұрақтарға жауап беріңіз;

  2. асықпай, тиянақты, анық, сатылай үйретіңіз;

  3. бақылаңыз, сұраңыз, қайталаңыз;

  4. сіз үйренуші бәрін түсініп тұрғанына сенімді болуыңыз керек;

3- саты. Үйренушінің жұмысты орындауы:

  1. үйренушіге қандай-да бір жұмыс беріп, оны тексеріңіз;

  2. не үшін, қалай, қашан және қайда деген сияқты сұрақтар қойыңыз;

  3. орындалған жұмысты тексеріңіз, қателіктерді түзетіп, қажет болса қайтадан өзіңіз көрсетіңіз;

4) үйренуші әбден түсініп дағдыланғанға дейін қайталаңыз;
4- саты. Бақылау:

  1. үйренушіні жалғыз қалдырыңыз;

  2. ережеге сай жұмыс атқарып жатқандығын тексеріңіз;

  3. біртіндеп сырттан бақылауды тыйыңыз.

Жұмыс орнында үйретуді іске асырудың бірнеше әдістері бар. Олар бір мезгілді орындалуы мүмкін.
Бірінші жол - репетиторлық жұмыстар және талдау жүргізу, жаңа менеджерлерді оқытудың жақсы әдісі - оларды тәжірибелі менеджерлердің оқытуы. Бұндай репетиторлық шаралар менеджердің не істеу керектігін анықтайтын жақсы үлгісі. Репетитор сондай-ақ сұрақтарға жауап береді, түсіндіреді, үйренуші мақсытына саналы жолмен жететіндей жұмыс істеуін қадағалайды.
Репетитор қолданыла алатын бір әдіс - үйренушімен ақылдасып шешім қабылдау. Бұндай қатынастардың барысында келісімдерге қол жеткізіледі. Егер менеджері оқуда болса басшысы оған шешім қабылдауға қажетті ерік береді. Бұл жол тиімді оқытуды қамтамасыз етіп қана қоймай құқықтарды делигерлеп сенімділікті туғызады.
Жалпы репетиторлық жұмыстар мен біріккен оқыту жақсы жоспарланған болса аса тиімді болады.
Екінші жол - қайта дайындау (ауыспалы кезеңнен өту). Менеджер жаңа жұмысқа ауыстырылады деп шешілген болса онда ол қысқа мерзімде қайта дайындықтан өтеді. Бұл жағдайда ол өзінің бұрыңғы міндеттерінінің көбісін әлі де орындайды. Бұл аралық жағдай түрлі ұйымдарда әр қилы аталады: ассистенттілік, дублерлік, біріккен басшылық немесе менеджерлерге арналған оқыту.
Қайта дайындаудың бұл түрі адамға өз орнын табу үшін біршама тәжірибе береді. Бұған қоса үйренуші жұмыскердің сол мерзімде атқаратын міндетін де өз мойнына алады. "Біріккен басқару" жағдайында бірнеше адам шешім қабылдап, олардың ішінен тиімдісі таңдалынады (мастердің шешімі тәжірибелі менеджердің шешімімен салыстырылады). Тағы бір жол - жаңа міндеттер тізімен тағайындау, олар жаңа жұмыспен танысуға және нәтижесінде тәжірибе жинауға көмектеседі.
Берілген әдіс болашақ жұмысты қаншалықты қайталайтындығы және мәселелі бағытталған болуы - менеджментті жетілдірудің сапалы жолы екендігін көрсетеді.
Үшінші жол - ауысулар мен ротациялар әдісі. Үйренушілерді басқарушылық тәжірибе жинақтау мақсатында бір жұмыстан екіншісіне ауыстырады. Өндіріс орындарында орын ауыстыру, функционалды және жағырафиялық орын ауыстырулар жоспарлануы мүмкін.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл жол басқарушының жан-жақтылығын кеңейте түсіп, жоғары білікті мамандардың өсуін тездетеді, көптеген жаңа мақсаттар туғызып, фирма дамуын жеделдетеді. Алайда, кейбір зерттеушілерге құлақ түрсек бұл жолды пайдаланудың соңғы нәтижесі мен сәтті аяқталуы тек менеджердің жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
Жағырафиялық орын ауыстырулар түрлі орындарда жұмыс жағдайлары туындаған кезде қажет болады. Бұл жаңа идеялардың пайда болуына әкеледі.
Жұмыс орнында оқытудың түрлі әдістері нақты жағдайдың ерекшеліктерін ескеріп қолданылуы тиіс және оларды менеджментті жетілдірудің көптеген бағдарламаларында пайдалану керек. Бірақ айта кететін мәселе оқыту бағдарламаларына аса көңіл бөліп, сол бағытта ғана жұмыс атқару өндірісте идеялардың іске асырылуын тежеп, менеджерлердің өсу мүмкіндіктерін шектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет