Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет50/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
multi-293 x970856161

Оқытудың әдістері:

  • дәріс. Мұғалімнің сабақ беру кезінде тақырыптың маңызы аз талқыланады. Оның артықшылығы: айқын мазмұндама әдісі қолданылады. Кемшілігі: талдауы аз болғандықтан тез ұмытылады.

  • топпен талқылау. Мқғалімнің сабақ беруі студенттердің белсенді қатысуымен сұрақ пен жауап түрінде жүреді. Артықшылығы: әрбір студенттің ѳзінің ойын айтуға мүмкіншілігі бар. Кемшілігі: күшті жеке студент басқаларға қарағанда ѳзінің үстемділігін байқатуы мүмкін.

- жағдайды суреттеу. Нақты жағдайды суреттеп, студенттер арасында әрбір кісінің рѳлін бѳлу. Бұл кезде әрбір студенттің дағдысын дамытуға кѳп кѳңіл бѳлінеді. Артықшылығы: егер талданған жағдай ѳндірістегі нақты жағдайға ұкқсас болса, онда оның тиімді болғаны. Кемшілігі: кей уакытта студенттер кѳбінесе шындап сене бермейді.

  • жағдайды жазбаша талдау. Белгілі бір ұйымда менеджердің жұмыс кезінде кездестірген жағдайды жазбаша түрінде суреттеу. Студенттер сол жағдайдан шығу жолдарын тауып, керекті шешім қабылдауы мумкін. Артықшылығы: жағдайлар кѳбінесе қызықты болады. Кемшілігі: оқыту әдісі ұзақ уакыт алады.

  • басқару ойындары. Студенттерге ұйым жайында мәлімет беріледі. Олар топқа бѳлініп, әрбір топ қолма-қол шешім қабылдайды да, оны бағалауы керек. Артықшылығы: тәжірибелік дағдысын дамытады. Кемшілігі: кѳбінесе топтық қабылдаган шешімнің нәтижесі қалай болатынын зерттеу ѳте қиынға түседі.

  • үлгілеу (модельдеу). Басқару ойынына ұқсастау келеді, бірақ та ақпаратты қабылдау және талдау үшін компьютер пайдаланылады, сонан кейін жасалған жумыстың нәтижесі талқыланып, бағаланады. Артықшышығы: тәжірибелік дағдысын дамытады. Кемшілігі: күрделі жүйені үлгілеу қиынға соғады.

Қызметкерлердің мамандығын кѳтеру маңызды фактор болғандықтан, оны атқару үшін дамыту жоспары жасалынады, ол кей кездерде білім алу жоспары деп те аталады.
Дамыту жоспарында екі жағдайға аса кѳңіл бѳлінеді: ол даму мақсаты мен шаралары.
Даму мақсаты мынандай бағыттарға бѳлінеді:

  • жұмыс орнына, яғни даму жоспары орындалғаннан кейін қызметпен қамтамасыздандырылатын нақты лауазымы кѳрсетіледі.

  • мамандыққа; яғни нақты мамандық кѳрсетіледі және ешқандай белгілі бір лауазымды орынға орналастыруға құқық берілмейді.

  • салаға, даму жоспары бойынша деректі қандай білім алушы керек екендігі анықталады және қандайда болмасын белгілі бір лауазымның жұмыс орнына қатысы болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет